Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілеті
Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілетті топтары бар мынадай амин кышқылдары кездеседі.
- Цистеин, оның кұрамында сульфгидрильдік топ — SН бар;
- Серин, оның құрамында гидроксильдік топ — ОН бар;
- Гистидин, oның құрамында имидазол сақинасы бар;
- Аспарагин қышқылы мен глутамин қышқылы, ол екеуінің құрамында екінші карбоксильдік топ — СООН бар;
- Триптофан, құрамында индол сақинасы бар;
- Гидрофобты амин қышқылдары, ондай амин қышқылдары құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын (туыс) гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады.