Өз уақыты
Американдық бір бай іскер, жұмыс бабымен Мексикада болып
кішкентай бір мексикалық ауылға соғады. Судық жағасында отырып, бір кіші кеме көреді. Кеменің іші толған балық. Балықшының жаңына барып,
―Сәлеметсіз ба, осыншама балықты аулауға қанша уақытыңыз кетті?‖. Балықшы бар жоғы бір-екі сағатының кеткенің айтады. Американдық таң қалып неге ұзағырақ теңізде тұрып көбірек балық ұстамағаның сұрайды. Балықшы отбасы үшін ұстаған балық саны жеткілікті екенің айтады.
Американдық балықшыдан қалған уақытта не істейтінің қызыға сұрайды.
Балықшы, ―кеш жатамын, таңертең аздап балық аулаймын. Сосын
балаларыммен ойнаймын, түсте жұбайым Мариямен әңгімелесіп отырамын.
Кешкісін достарыммен гитар тартып, ән айтамыз. Өте тығыз және де қызықты өмірім бар‖
Американдық мысылдап, ―мен Гарвардта магистратураны бітіргенмін, бақытына орай саған көмек көрсете аламын. Балық аулауға көбірек уақыт бөліп, ол ұшін де қазіргіден үлкенірек кемең болуы керек. Үлкен кемең болса, табысын көп болады. Табысын көп болса тағы бірнеше кеме ала
аласың. Осылайша тез арада балық фабриканы құра аласың. Балық
секторында үлкен балықшы бола аласың. Әрине осы айтқандарыма жету үшін ең алдымен ауылдан үлкен қалаға қоныс аударуың керек, кейін Лос Анджелеске және қызметіңде одан әрі өсу үшін Нью Йоркте тұруың керек‖ Балықшы бірақ ойланып,
— Осы айтқаныңызға қанша уақытта жетуге болады?
— 15-20 жыл шамасында
— Ал, бәріне жеткенімде не болады?…
— (американдық күліп жіберіп) Бұл айтайын дегенімнің ең жақсысы! Уақыты келгенде, компания акцияларын биржаға қойып, жақсы бағаға сата аласың! Аз уақыт ішінде бай болып миллиондар ұтасың!
— Миллиондар!? хм, ал сосын ше?
— Сосын зейнетке шығасың. Кішкентай бір ауылға көшіп, кеш уақытта жатып, қаласаң аздап балық аулап, немере-шөберелеріңмен ойнайсың,
жұбайыңмен көптеп уақыт өткізе аласың, кешкісін де достарыңмен кездесіп гитар тартып, өлең айтасың. Ғажап емес пе?
— Иә, жақсы екен.. бірақ мен қазірде соны істеп жатқан жоқпын ба!