software
Сатып алушы (СА): Техникадан көп түсіне бермеймін. МАХАББАТты жүктеуім үшін не істеуім керек түсіндіріп жібересіз бе?
Сатушы (С): Ең алдымен, ЖҮРЕК атты файлды ашуыңыз керек. Ашылды ма?
СА: Иә. Бірақ оған қоса ӨТКЕН ӨКПЕ.EXE, ОЙЛАҒАН САЙЫН.EXE,
СЕНБЕУШІЛІК.EXE және РЕНІШ.EXE атты программалар да қосылды. Осы программалар қосылып тұрғанда МАХАББАТты жүктей аламын ба?
С: Мәселе емес. Жүктеген сәтте МАХАББАТ автоматты түрде жүйеңізден ӨТКЕН ӨКПЕ.EXE‘ны өшіріп тастайды. Бір мүддет memoryboard‘та қалуы мүмкін бірақ басқа программаларға ешқандай зиян келтіре алмайды.
МАХАББАТ уақыт өте СЕНБЕУШІЛІК.EXE‘ні СЕНІМ.EXE атты модульмен алмастырады. Алайда, сіз ОЙЛАҒАН САЙЫН.EXE және РЕНІШ.EXE‘ні
міндетті түрде жауып тастауыңыз керек. Бұл программалар МАХАББАТ‘тың дұрыс жүктелуіне кедергі жасайды. Оларды жауып тастаңыз.
СА: ОК, жаптым. МАХАББАТ автоматты түрде жүктеле бастады. Дұрыс па? С: Ия, бәрі де дұрыс. Бірақ мынаны ұмытпаңыз – бұл тек қана программаның негізі. Жетілдірілген версиялармен таныс болғыңыз келсе басқа
ЖҮРЕК‘термен байланыс құруыңыз керек.
СА: Ой… Қазірден бір қате шығып тұр. Не істеуім керек? С: Қандай қате шықты? Не деп жазылып тұр?
СА: ҚАТЕ 412 – Программа ішкі жүйе ішінде жұмыс істемейді. Бұл не? С: Қорықпаңыз. Бұл үлкен мәселе емес. МАХАББАТ программасы басқа ЖҮРЕКтермен жұмыс істеуге дайын, алайда СІЗДІҢ ЖҮРЕГІҢІЗДЕ әлі
орнатылмағанын айтады. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда ―Программаның басқаларды ЖАҚСЫ КӨРУ үшін ең алдымен сіздің өз системаңызды
ЖАҚСЫ КӨРУІ керек‖.
СА: Сонда не істеуім керек?
С: ―ӨЗ-ӨЗІН ТҮСІНУ‖ атты папканың ішінде ӨЗ-ӨЗІН КЕШІРУ.doc, ӨЗ-
ӨЗІНЕ СЕНІМ.TXT, ҚАДІРДІ БІЛУ.TXT және ЖАҚСЫЛЫҚ.doc атты
файлдарды таңдап, ЖҮРЕГІМ атты папкаға көшіріңіз. Енді СЫНАУ.EXE‗ні барлық папкалардан өшіріп тастаңыз.
СА: Өшірдім. Ура! ЖҮРЕГІМе расында да тап-таза файлдар орнатылуда.
КҮЛІМДЕ.AVI қазір қосылып тұр және ЖЫЛУЛЫҚ.COM, БЕЙБІТ.EXE мен БАҚЫТ.com ЖҮРЕГІМЕ көшірілді.
С: Ондай болса МАХАББАТ толығымен жүктелді және жақсы жұмыс істеп тұр. Енді қандай да болсын қателердің алдын ала аласыз. Айтпақшы,
ұмытпай тұрғанда тағы бір нәрсе… СА: Тыңдап тұрмын?
С: МАХАББАТ программасы ақысыз. Оны және оның басқа да модульдерін таныстарыңызға да таратыңыз. Олар да басқалармен бөліссе тап-таза
модульдер сізге қайтып келеді. Бақытты болыңыз! СА: Рахмет!