Гүл жапырақтары
Әз. Мәулана мешіттегі бір уағызында ―Уа, жамағат! Сіз үшін ең
жақсысы жақсыларға жақын, жамандардарға алыс болуыңыз. Күнделікті
істеріңізде де жақсылармен бірге болып, жамандардан алыс тұрыңыз‖ дейді.
Алайда халық Мәулананы көшеде көріп қалса, ол үнемі небір жаманның
қасында, онымен сұхбат жасап тұрғанда көреді. Күндердің бірінде бір адам ашуланып, Мәуланаға: ―Сіз емес пе үнемі жақсыларға жақын, жамандарға алыс болуды уағыздайтын? ондай болса неге сізді үнемі жақсылардың
қасында емес, жамандармен бірге көреміз?! Қасында тұрған адам намысы
жоқ, жаман адам. арағын тастамай боғауыз сөйлейтін біреу, сіз болса жақын досы ұқсап онымен әңгімелесіп тұрсыз?!‖ дейді. Мәулана: ―Мен 70 астам ұлтпен біргемін‖. Адам сөзін кесіп: ―Өзі де сіз сияқтылардың кесірінен біз
сияқты имандылар туралы жаман ой қалыптасуда. Айтқан мен істегендеріңіз екі бөлек. Мешітте бір нәрсе уағыздайсыздар, ал сыртта басқаны
жасайсыздар‖. Мәулана: ―Менің амалым мен сөзім бір. Мешітте
айтқандарым мен істегендерім де бір. Мен сыртында гүл жапырақтарын тасыйтын біреумін. Барған жерімнің жаман иісін бастырып, ол жаққа гүлдің һош иісін таратамын. Найзағай тәріздімін. Қараңғы жерді айдынлатып,
қараңғылықтан құтқарамын. Сыртында гүл жапырақтарын тасымайтындар, жаман иісті жерлерге кірмесін. Барған жерді жарық ететін нұры жоқ болса, қараңғы жерге бармасын―