Ақшасын шайтан төлепті
Иманды бір әйел күнде таң атпай есік алдына шығып, ―Аллаһым, берген нығметтер үшін саған мыңдаған шүкірлер болсын!‖ дейді екен.
Әйелдің осы әдеті ұнамаған көршісі терезесінен ―Аллаһ жоқ, ақмақ! Аллаһ жоқ!‖ деп айқайлайды. Иманды әйел көршісіне қанша ренжісе де, күнделікті дұғасын тастамайды. Көршісі да қырсықтанып ―Аллаһ жоқ‖ деп айқайлай береді. Бір күні әйелдің айтқандарынан шаршап кеткен көршісі бір құлық ойластырады. Базардан әртүрлі жеміс-жидетерді алып, күн батқанда иманды әйелдің есігі алдына қояды. Таң атысымен әдеттегідей есік алдына шыққан
әйел жемістерді көре салып ―Мыңдаған шүкірлер болсын, я Аллаһ! Жіберген жемістеріне шүкірлер болсын!‖ дейді. Ағыштың артында оны аңдып тұрған
көршісі бар ызысымен ―Ақымақ! Ол жемістерді мен сатып алдым! Аллаһ жоқ демедім ба саған!‖ дейді. Оны естіген әйел: ―Құдырет иесі Аллаһ! Саған
қанша шүкретсем де аз! Осы жемістерді жіберіп қана қоймай, ақшасын да шайтанға төлеткіздің!‖ дейді.