Жүрек

Жүрек
Жүрегіміз ерекше жүйесімен, еш тоқтаусыз соғумен тәуілігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып отырады.
Жүрек бір сағатта орташа көлемді машинаны 1 метр жоғары
көтеретіндей қуат бөледі. Жүрек қанды айдаған кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш арқылы жүрек қанды 3 метр жоғарыға ытқаты алады.
Жүректің ең бір ерекше қасиеті – тоқтамастан, демалусыз өмір бойы жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан алғанда, дүниедегі тоқтаусыз істейтін жалғыз мотор деуге болады.
Жүрек шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллионнан астам рет соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза.
Адамның орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 миллион литрдей қанды айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың өзінде
жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды.
Алақаныңызды қанша минут тоқтатпастан ашып, жұмып тұра аласыз? Алақаныңыз бірнеше минуттан кейін-ақ шаршап, бұл әрекетіңізді тоқтатуға мәжбүр боласыз. Жүрегімізді бір мезет тоқтатпастан, денеміздің түкпір- түкпіріне сағатына жүздеген литр қанды айдатқызып тұрған қандай күш..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *