20 жылда жасай алмағанын..
Жүрек көзі ашық, иманды бір ғұламаны шайтан бір жолын тауып күнә жасауға аздырмақшы болады. Алдап түсіру үшін қызметші кейіпіне еніп,
жиырма жыл қасына барып-келіп жүреді. Барлық ойынын, түрлі айлаларын қолданып көреді, бірақ арамдығын асыра алмай мысы құриды. Ғұламаны иманды жолдан тайдырудың ретін таппайды. Не істесе де, нәтиже
шықпайды. Бір күні шыдай алмай:
— Ей, ұстаз, сіз менің кім екенімді білесіз бе?, – деп сұрайды.
— Сен алғаш осы жерге келген кезден-ақ білем. Сен – Ібіліссің! Шайтан таңданып:
— Ей, турашылдардың сұлтаны! Өмірімде сіз сияқты жоғары дәрежеге жеткен ұлы адам көрмедім. Иманыңыз кәміл екен: жиырма жыл бойы түрлі тұзақ
құрсам да, түнгі намаз оқымай не болмаса біреу туралы ғайбат айтқаныңыз болмады, – дейді.
Осы кезде ақсақал ғұлама ―Жоғал, мағлұн! Жиырма жыл бойы жасай алмағаныңды жиырма секундта жасамақшысың ба? Көзіме көрінбе!, – деп сұстанады.