Ұрыға берілген садақа
Бір адам таңғы намазға кетіп бара жатып ―Бүгін түнде біреуге садақа беремін‖,- деп ниеттенеді. Жолдан бір кісіні көріп, соның алақанына ақшаны ұстатады да кете береді. Сол күні аян түс көреді, түсінде садақаны бір ұрыға бергені айтылады. Жаңағы адам мұқтаж біреуге емес, ұрлықпен жүретін біреуге бергені үшін қатты қобылжиды. Ертеніңе садақаны қайта беруді ойлайды. Түнде қараңғыда шығып қараса, бір әйел жүр екен. Қасына барып, қолына садақасын ұстатады. Сүтсе ол әйел зинақорлық жасаған біреу екен.
Оны естігенде адам одан ары мұнаяды. Енді шын мұқтаж біреуге беремекші болады. Бірақ ертеніңе мешітке бара жатып, байқамастан садақасын бір бай кісіге беріп қояды. ―садақам қабыл болмады-ау‖ деп үйіне қайтады. Аян
түсінде оған ―Садақаларың қабыл болды. Өйткені ұры сенің садақанды алып
―расында да рызықты беретін Аллаһ‖ деп ұрлықтан бас тартады, әйел
зинақорлықты тастайды, бай адам ―жағдайы менікінен нашар болып тұрса да, садақаны аямай беріп жүр‖ деп сенен ғибрат алып, Аллаһтың өзіне берген ризығынан садақа бере бастады‖, деп сүйінші хабар беріледі.