Теңіз тамшыдан құралады

Теңіз тамшыдан құралады
Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын
байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.
— Сен не істеп жатырсың? – деп сұрайды әлгі кісі.

— Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой, — дейді бала таңырқап.
— Бұл ақымақтық қой!, – дейді қызбаланып әлгі адам, – қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте
алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?
Бала шамалы ойланып, келесі теңіз жұлдызын қолға алады да, теңізге қайтарып жатып:
— Дәл осы жұлдыздың тағдыры үшін жасағанымның мәні көп депті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *