“Синь тиюй» — «Спорт жаңалықтары» — спорт iсi бойынша
республикалық комитеттiң органы болып табылады. 1950 жылдан
1 млн. данамен ай сайын шығады. Спорт жетiстiктерi мен
проблемалары, спорт жанкүйерлерiнiң пiкiрлерi үзбей жарияланып
тұратын бiрден-бiр басылым.
«Сычуань дасюэ» — «Сычуань университетi» — 1974 жылдан
Сычуаньнан тоқсан сайын жарық көретiн журнал. Журнал
философия, тарих, саясат және әлеуметтiк мәселелердi кеңiнен
қозғайтын жарияланым.
«Тиюй бао» — «Спорт өмiрi» — 1958 жылдан бастап 720 мың
данамен шыға бастаған басылым. Пекинде аптасына үш рет шығып
тұрады.
«Туаньцзе бао»- «Бiрлiк»- Қытай кеңесi халықтық саяси
елшiлiгi комитетiнiң ұйымы болып табылады. 120 мың данамен
Пекинде шығатын апталық газет.
«Цзефанзюль бао» — «Халықтың қауiпсiздiк әскерi» — Қытай
армиясының ресми ұйымы. 1956 жылдан бастап Пекинде 1.58 млн.
данамен күнделiктi шығып тұрады.
«Чжунго фунюй» — «Қытай әйелдерi» қытай және ағылшын
тiлдерiнде басылып, көркем безендiрiлiп шығатын айлық журнал.
Бұл журналдың ұйымы — Жалпы қытай әйелдер федерациясы. 1949 жылдан бастап шығуда. Таралымы – 1.3 млн. дана.
«Чжунго циннянь бао» — «Қытай жастары» — Қытай Жастар
одағының ресми ұйымы болып табылады. 1951 жылдан 3.1 млн.
данамен аптасына төрт рет шығып тұрады.
Телерадиосы. Соңғы жылдары Қытай теледидары өзiнiң қарқынды даму
нәтижесiнде АҚШ-тан кейiнгi дүние жүзiндегi екiншi орынды
иеленуде. Қытай Халық Республикасының теледидары өзiнiң
бастауын 1958 жылдан алады. 1970-шi жылдардың ортасынан ақ-
қара түстi теледидардан түрлi-түстiге көштi. 2007 жылғы санақ
бойынша бұл мемлекетте 140 миллионнан астам телевизор болды.
Статистика бойынша күнделiктi телебағдарламаларды 300 млн.
адам көредi. Қытай Халық Демократиялық Республикасының
ерекшелiгi — радио және телевидение бiр уақытта дерлiк дамыды.
1958 жылдың қыркүйегiнде эфирге телебағдарламалар шыға
бастады.
Казiргi уақытта 422-ден астам бағдарламалық телеорталықтар жұмыс iстейдi. Барлық телестанциялар ақпаратты мыңдаған құрылғылары бар спутниктiк байланыс орталықтарынан алады. Сонымен бiрге, Пекиндегi бағдарламалар сипатына қарай түр-түрге бөлiнедi Ең атышулы арна — «Ақпараттық көкжиек» арнасы. Шетел жаңалықтары 5-7 минут бағдарламаның соңында хабарланып кетедi. Шетелден ақпараттарды “СNN», ағылшын агентiгiнен, Вильнюстан, Азия және Тынық мұхиты елдерi одағы агенттiгiнен т.б. алады.
Қытай теледидарларының ортақ тақырыптары төмендегiдей:
- Мемлекет жағдайы, елбасының жұмыс уақыттары, ресми
сапарлар, кездесулер, делегацияларды қабылдау; - Таяу көршiлердiң жағдайы;
З. Әлем жаңалықтары;
- Спорт.
Бұл аталғандардан басқа, бұл арналарда көркем фильмдер, көңiл сергiтетiн және музыкалық бағдарламалар бередi. Сонымен
қатар жаңалықтар жиі берiлiп отырады.
Қытай радиосының негiзi шетелдiк мамандардан тұрады.
Қытайдың өзiндiк радиостанциясы 1926 жылы Харбинде жұмыс істей бастады. 1928 жылы Нанкинде әкiмшiлiк радиостанция ашылды. Жалпы айта кететiн жәйт, ҚХДР радиостанциялары өз мазмұны бойынша төмендегiдей болып жiктеледi:
|
Рр/с
|
Хабар түрлер |
Хабар тарату уақытының |
|
1
|
Жаңалықтар |
21% |
|
2
|
Танымдық Хабарлар |
23%
|
|
3
|
Көңiл сергiтетін хабарлар |
49%
|
Қытайда коммерциялық радиостансалар жоқ деуге болады. Тек 1979 жылы ақылы жарнама таратуға рұқсат берiлген. Орталық халықтық радиостансасында 34 тiлшiлiк пунктерi бар. Жергiлiктi хабар тарату 461 радиостансада жүзеге асады. Олар күнiне бес мың сағат хабар таратады.
Қытай радиохабар таратуда 40-тан астам әлемнiң елдерiмен байланыс ұстайды. Бiрiншi шетелге хабар тарату 1947 жылы қолға алынған. Қазiргi радиохабарлар Қытайда 38 тiлде таратылады.