Ақпарат агенттiктерi. «Индия Пресс Эйдженси» ақпарат агенттiгiнiң (Үндi баспасөз агенттiгi) Үндiстанның әрбiр штаттарында өз тiлшiлiк пунктерi бар. Сондай-ақ, 100-ге жуық газеттер мен журналдарды тарататын баспасөз торабы қызмет етедi.
«Юнайтед Ньюс оф Индия» — Үндiстандағы меншiктi ақпарат агенттiктердiң бiрi. «Сетейтсмен», «Хиндустан Таймс» газеттерi осы агенттiктен шығады. «Амрита базар патрика» – 200-ге жуық басылым шығаратын агенттiк. Тұнғыш радиостансасы 1927 жылы Бомбейде салына бастады. Ал, телеорталық Бомбей, Калькутта, Мадрас және Канпур қалаларында iске қосылған.