Газет-журналдары

Газет-журналдары. “Нодон Синмун” (“Жұмысшы газетi”) – күнделiктi шығатын газет. Кореяның еңбек партиясы Орталық комитетiнiң ұйымы. Пхеньянда басылып шығады. 1945 жылы негiзi қаланған. Таралымы 2 млн. дана. “Нодон осхонен” (“Еңбекшi жастар”) – күнделiктi газет. Корея социалистiк еңбекшi жастар одағының Орталық комитетiнiң ұйымы. 1946 жылдан берi басылып шығады. Таралымы 800 мың дана.

“Нодон коллочжа” (“Ауыл шаруашылығының еңбекшiсi”) – аптасына 2 рет шығады. Корея ауыл шаруашылығы еңбекшiлер одағы Орталық комитетiнiң ұйымы. 1965 жылы негiзi қаланған.

“Пхеньян синмун” (“Пхеньян газетi”). Күнделiктi газет. Пхеньян қалалық халық комитетiнiң ұйымы. 1957 жылдан берi Пхеньянда басылып шығады. Таралымы – 500 мың дана.

“Пхеньян таймс” (“Пхеньян уақыты”) – газет ағылшын тiлiнде аптасына екi рет жарық көредi. Шет тiлiнде әдебиет баспасында басылып шығады, шетелге таратуға арналған.

“Сонен Синмун” (“Пионер газетi”) – аптасына екi рет шығады. Корея социалистiк еңбекшi жастар одағы орталық комитетiнiң ұйымы 1947 жылдан берi Пхеньянда басылады.

“Чосон инлингум” (“Корей халық әскерi) – күнделiктi газет. КХДР халықтар қарулы күштер министрлiгiнiң ұйымы. 1948 жылдан берi  Пхеньянда басылып шығады.

“Минчису Чосон” (“Демократиялық Корея”) — үкiмет ұйымы. 1946 жылдан берi таралымы 200 мың дана.

“Адон мунха” (“Балалар әдебиетi”) – тоқсанаралық журнал. Корея Жазушылар одағының ұйымы. 1947 жылдан берi Пхеньянда басылып шығуда.

“Корея” – ай сайын орыс, қытай, ағылшын, француз, испан тiлдерiнде шығатын саяси-қоғамдық журнал. Шетел тiлдерi әдебиетi баспасында басылып шығады.

“Қазiргi Корея” – айлық журнал. Орыс, ағылшын, француз, қытай тiлдерiнде шығады.

“Жебе” – сатиралық журнал, ай сайын шығады.

“Корей әдебиетi” (”Чосон Мунхак”) – Корей Жазушылары одағының органы. Пхеньянда басылып шығады.

“Чосон несон” (“Корей әйелi”) – ай сайын шығатын безендiрiлген журнал. Корей Демократиялық әйелдер одағы Орталық комитетiнiң органы. 1946 ж. бастап шығуда.

“Чконмема” (“Қанатты тұлпар”) – жастар одағының айлық журналы.

“Эйдж оф индепенденс” (“Тәуелсiздiк дәуiрi”) – шетелге таратуға арналған ағылшын, испан, француз тiлдерiнде басылып шығатын журнал.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *