Валюталық операциялар түрлері.
Қазақстан экономикасының халықаралық қатынастарға көшуі жағдайында валюталық операцияларды жүзеге асыру қажеттілігі туындады. Осындай мақсатта еліміз реттеудің тура (заңдылық актілерін шығару), сондай-ақ жанама (валюталық нарықтың субъектілеріне экономикалық әрекет) әдістерді қолданады.
Валюталық қатынастардың субъектілеріне Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары жатады.
Валюталық реттеулердің объектілері валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар болып табылады. Оларға шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем құжаттары, қарыздық міндеттеме, қымбат металдар) жатады.
Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, яғни елден валюта аудару және валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және капитал қозғалысымен байланысты операциялар жатады.
Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензияларды Ұлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге құқысы бар:
Валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін банктер уәкілетті
деп аталады. Валюталық реттеудің негізін құраушы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету.
Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар банктен валюталық шот ашады. Шот ашу үшін өтініш жазылып, тиісті құжаттар ұсынылуы керек.
Елуінші жылдардың соңынан бастап өнеркәсібі дамыған елдерде валютаны жедел ұсыну (“спот”) және мерзімді (форвардтық) мәмілелер кеңінен қолданыла бастады. Жетпісінші жылдардан бері биржада фъючерстік және опционды валюталық мәмілелер дамыды.
Шетел валютасындағы мерзімді мәмілелер (форвардтық, фъючерстік) – шарт жасаған кезде тіркелген бағам бойынша шетел валютасының сомасын белгіленген уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын валюталық мәміле.
Валюталық опцион сатып алу- сату – келісілген мерзім аяқталғанға дейін мәмілені жасау кезінде белгіленген бағам бойынша белгілі бір валюта көлемін тараптардың бір жағы сатып алу-сату мәмілесі кезінде сатып алу немесе сату құқығын таңдауға мүмкіндік беретін белгіленген комиссияны төлеу шарты кезіндегі келісім.
Валюталық фъючерс – мәмілеге отыру кезінде алдын ала белгіленген бағам бойынша белгілі бір мерзімге белгілі бір валютаның стандарттық көлемін сатып алу немесе сату міндеттемесін білдіретін келісім.
“Своп” – бұл белгілі бір мерзімге сол валюталармен бір уақыты шартты мәміле бойынша жедел жеткізу жағдайындағы екі валюталық сатылу – сатып алуын қарастыратын валюталық опеарция болып табылады.