Өтелгенге дейінгі, сатуға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың есебі.

Өтелгенге дейінгі, сатуға арналған және сатуға жарамды бағалы  қағаздардың есебі.

​Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың есебі 1451 «Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар» баланстық шотында жүргізіледі. Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар өз кезегінде келесідей түрлерге бөлінеді:

— табыс табу мақсатына арналған бағалы қағаздар;
— хеджирлендіру мақсатына пайдаланылатын бағалы қағаздар. Оған облигациялар, депозиттік сертификаттар және т.б. жатады.

Бағалы   қағаздар баланста    номинальдық  құны  бойынша  есепке  алынады,

қайта бағалау жүргізілмейді. Номинальдық құны мен сату бағасы арасындағы айырма жеңілдік немесе сыйақы ретінде есептеледі.

​Бағалы қағаздарды сатып алуда келесідей жазба жасалады:

​1) бағалы қағазды жеңілдікпен сатып алу кезінде:

​Дебет   1451

​Кредит 1050

​номинальдық құн мен сату бағасы арасындағы айырма сомасына:

​Дебет 1804

​Кредит 2802.

​2) бағалы қағаздарды сыйақымен сату кезінде:

​ Дебет   1451

​Кредит  1050

​номинальдық құн мен сату бағасы арасындағы айырма сомасына:

​Дебет 1802

​Кредит 2804.

​Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/ күн сайын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы есептелгенде келесідей жазба жасалады:

​Дебет 1745 «Басқа бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер»

​Кредит 4451 «Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

​Саудаға арналған бағалы қағаздар есебі 1201 шотта есепке алынады. Ал сатуға жарамды бағалы қағаздардың есебі 1452 шотта жүргізіледі. Бағалы қағаздарды сатып алу кезінде сатып алу бағасына келесідей жазба жасалады:

​1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

​Дебет 1201

​Кредит 1050

​2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

​Дебет 1452

​Кредит 1050.

​Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/ күн сайын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы есептелгенде келесідей жазба жасалады:

​1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

​Дебет 1201

​Кредит 4201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер»

​2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

​Дебет 1452

​Кредит 4452 «Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер».

​Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын бағалы қағаздардың құны нарықта белгілеуге немесе әділ құнын есептеуге сәйкес қайта бағаланады.

​Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны төлеу келесі жазба негізінде жүргізіледі:

​1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

​Дебет 1050

​Кредит 1201

​2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

​Дебет 1050

​Кредит 1452.

​Банк бағалы қағаздарды сатуға шешім қабылдағанда келесідей жазбалар жасалады:

​1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

​Дебет 1050

​Кредит 1201

                      4510 «Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістер»

​2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

​Дебет 1050

​Кредит 1452.

                      4510 «Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістер» және бір уақытта капитал шотында жинақталған қайта бағалауға дейінгі қалдық табыс шотына жатқызылады.

​Дебет 3561 «Сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері»

​Кредит 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс».

​Есепті жыл соңында 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс», 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнының өзгерісін қайта бағалау шығысы», 4510 «Бағалы қағаздарды сатып-алу сату бойынша кірістер» және 5510 «Бағалы қағаздарды сатып-алу сату бойынша шығыстар» шоттарында есептелген сомалар 4999 «Салыққа дейінгі табыс» шотына ауыстырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *