Банк кассасымен нақты қолда бар ақшаны беру.

Банк кассасымен нақты қолда бар ақшаны беру.

 

           Банк кассасынан қолда бар ақшаны беру ақшалай чектер бойынша жүргізіледі. Чекті оперативтік басқару менеджері қабылдайды. Онда келесілер болады:

-клиент шотындағы ақша;

-банктегі ақшаны беруге рұқсат ететін қызмет тұлғаларының қолдары;

-мөрі;

-сомасының санмен және жазбаша көрсетілуі;

-паспорты мәліметтері.

Шығыс операцияларын жүргізу үшін касса меңгерушісі (қолхатпен) кітапта “Касса кассирінің қабылданған және берілген есебі кітабы” кассирге шығыс кассадан ақшалай қаржыны беруге бұйрық береді.

Шығыс кассаның кассирі оперативті күннің соңында қабылданған есепті сомаларды шығыс құжаттар сомасымен және ақша қалдығымен салыстырады және есепті анықтама жасайды.

Касса жинағынан кейін меңгерушісі кассалық құжаттарды кассаның бір жұмысшысына тігу үшін береді. Кассалық құжаттар күнделікті жүргізіліп, жеке пакаларда сақталуы керек.

Берілген банкноттар мен тиындар есебі үшін кассир журналдар, ведомосттар жүргізуі керек, онда банкноттар мен тиындар категориялары, сомалары мәні көрсетіледі.

Кассадан қолма-қол ақшаны беру және жұмсау үшін келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:

— клиент заңды тұлғаларға ақша қаражаттарын беру::

Дебет шот  2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары».

Кредит шот 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

— банк қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу кезінде:

Дебет шот  2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

Кредит шот 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

— несиені қолма-қол ақша түрінде касса арқылы бергенде:

Дебет шот – 1411,1417 «Клиенттерге қысқа және ұзақ мерзімге берілген қарыздар»

Кредит шот 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *