Лоро” шоты және “Ностро” шоты.

Лоро” шоты және “Ностро” шоты.

 

Банк корреспонденттегі банктік шот арқылы төлем тапсырмаларымен есеп айырысу құжат айналымының схемасы келесідей:

 

                    Төлеуші банкі                                   Алушы банкі

 

               Төлеуші-сатып алушы                     Алушы-жабдықтаушы

​

    1.Тауарды көрсету немесе қызмет көрсету туралы шарт жасау

​2.Тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету жүзеге асырылады.

​3.Төлеуші банк-корреспондентке өзінің есеп айырысу шотының орны бойынша 4 данада толтырылған төлем тапсырмасын көрсетеді. Төлеуші банкінде келесідей жазба жасалады:

​Дебет 2203 “Клиенттің ағымдағы шоты”

​Кредит 2023 “Басқа банктердің корреспонденттік шоты”

​4.Төлем тапсырмасының 2,3- данасы жауапты орындаушыға жіберіледі. 4-данасы операцияны жүзеге асыруды бекітуге төлеушіге беріледі.

​5.Барлық алынған құжаттар негізінде орындаушы корреспонденттік шот бойынша операциялар үшін құжаттар тізімі және жиынтық тапсырма жасалады.

​6.Алушы шотына қаржыларды аудару үшін барлық мәліметтерді байланыс бойынша шартқа сәйкес жібереді.

​7.Банк – респондент барлық қажетті құжаттарды алады, одан кейін төлем тапсырмасы клиенттің банктік шотын жүргізетін есеп-операционды жұмысшыға беріледі.

​8.Келесідей шоттар корреспонденциясы құрылады:

​Дебет шот 1052 “Басқа банктегі банктің корреспонденттік шоты”

​Кредит шот 2203 “Клиенттің ағымдағы шоты”.

“Ностро” корреспонденттік шоты арқылы төлем тапсырмасымен есеп айырысу схемасы:

Төлеуші банкі                                          Алушы банкі

 

Сатып алушы-төлеуші                            Алушы- жабдықтаушы

 

1.Жабдықтаушы немесе сатып алушы арасында шарт жасалады

2.Тауарды жеткізу немесе қызмет көрсетуді шарт негізінде жүзеге асырады.

3.Төлеуші- сатып алушы толтырылған төлем тапсырмасын банкке 4 данада әкеледі.

4.Төлем құжаттарын тексеріп, оған күнімен банк мөрін қояды. 1-дана негізінде жазба жасалады:

Дебет 2203 “Клиенттің ағымдағы шоты ”

Кредит 1052 “Басқа банктегі банктің корреспонденттік шоты”

1-дана қалады, 4-дана төлеушіге қайтарылады.

5.2,3- даналар корреспонденттік шотты жүргізушіге беріледі.

6.Алынған төлем құжаттарына электрноды қолмен шифрленеді, салыстырылады, содан кейін клиенттің банктік шотын жүргізетін есеп-операционды жұмысшыға беріледі.

7.Көрсетілген құжаттар негізінде алушы банкінде жазба жасалады:

Дебет 2023 “Басқа банктердің корреспонденттік шоты”

Кредит 2203 “Клиенттің ағымдағы шоты”

8.Төлем тапсырмасының 3-данасы есеп айырысу шотынан көшірмеге тігіледі және клиент ақша алушыға жіберіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *