Нәжісті тазалау

Нәжісті тазалау

С: Киімді және басқа нәрселерді көзге көрініп тұрған нәжістен қалай тазартады?
Ж: Кез келген жолмен сол нәжістің дағын кетіру арқылы тазартады.
С: Аздаған иісі немесе дағы қалса, зияны жоқ па?
Ж: Иісін және дағын кетіру көп қиындық тудыратын болса зияны жоқ яғни, нәжістің негізгі бөлігі кетсе жеткілікті, азғантай иісі мен түсі қалса да таза болады.
С: Көзге көрінбейтін нәжістен қалай тазару керек?
Ж: Су, қар, шай не болмаса сірке суына ұқсас сұйық нәрсемен үш мәрте жуып, үш мәрте суы тамшыламайтындай қатты сығу арқылы тазаланады.
С: Қолмен сығу мүмкін емес нәрсені қалай тазартады?
Ж: Үш мәрте суға түгел жуып, кептіреді.
С: Темір секілді қатты металдан жасалған нәрселерге нәжіс жұқса қалай тазартуға болады?
Ж: Бір нәрсемен ысқылап сүрту арқылы тазартуға болады. Бірақ сумен жуылса, жақсырақ болады.
С: Мәсі мен етік секілді теріден жасалған нәрселерді қалай тазартады?
Ж: Тезек секілді ауыр нәжіс тиіп, кейін құрғаған болса, жерге ысқылау арқылы тазартуға болады. Егер нәжіс құрғамаған болса немесе сұйық болса, үш мәрте жақсылап жуу керек.
С: Киім және дене мәниден (шауһат) қалай тазартылады?
Ж: Құрғаған болса, жақсылап ысқылау арқылы тазартамыз. Егер дымқыл болса, басқа нәжістер сияқты үш мәрте жуып сығу арқылы тазартылады.
С: Киімнің бір жеріне нәжіс тисе, бірақ қай жерге тигенін ұмытып қалса, ол киімді қалай тазалайды?
Ж: Қай жеріне нәжіс тиген деп күмәнданса, сол жерді жуса жеткілікті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *