Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері

Пайдаланудағы барлық көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының лас заттар шығаруға жол берілу шегі нормативтерінің сақталуы бақылауға алынып отырады. Тастанды заттарында лас заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларын өндіріске ендіруге және пайдалануға жол берілмейді. Атмосфералық ауаға қандай да болсын зиянды физикалық ықпал жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған жағдайда, ал оған рұқсат берілген реттерде осы рұқсатта көзделген басқа да талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Аталған талаптар бұзылған кезде атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін органның шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге қондырғылардың  цехтардың,  кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың тиісті қызметі жол берілетін шектің нормативінен асып кетуді немесе рұқсатта көзделген талаптардың бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы, шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Халық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілетін өсімдік қорғау құралдарының, өсімдіктердің өсуін шапшаңдататын заттардың, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препаратттардың тізбесі, сондай-ақ оларды қолдау тәсілдері атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның  қорғалуын   бақылайтын органдармен келісілуге тиіс. Пайдалы қазбалар өндіру, түрлі жарылыс жұмыстары, үйінділер мен төгінділерді орналастыру және пайдалану атмосфералық ауа ластануының алдын алу немесе оны азайту жөніндегі ережелерді сақтай отырып, атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен және заңдарда көрсетілген басқа да органдармен келісілген тәсілдер бойынша жүргізілуге тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *