ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстанды өркендетудегі тарихи тұлғалар


1.Қазақстан және оның басшылығындағы тарихи тұлғалар: Ж.Шаяхметов, Д.А.Қонаев
2.Қоғамның рухани өміріндегі жетістіктерді қалаушы қайраткерлер туралы

1.Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшаңдатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүздеген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді. 1947 жылы Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай -ақ, женіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.
1950 жылы металлургиялық процесстердің тұйық циклімен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының құрылысына арналған дайындық жұмыстары басталды. Өскеменде қорғасын-мырыш комбинатының құрылысы одан ары жалғасты, 1947 жылы ол алғаш рет мырыш берді.
1950 жылы электр қуатын өндіру 1945 жылға қарағанда 2,3 есе өсті. Бесжылдық тапсырмасы бір жарым есе артық орындалды. Өскемен жылу электр орталығының бірінші кезегі, Алматы құлама су-электр станцияларының 6, 7, 8 ГЭС-тері, Тишин ГЭС-і, Құлсары ЦЭС-і және басқалар іске қосылды. Қарағанды ГРЭС-інде жаңа қуаттар орнатылды, жұмыс істеп тұрған көптеген электр станцияларының куаты арттырылды. Республикадағы аса ірі Өскемен ГЭС-ін, Жезқазған жылу-электр орталығын салу одан әрі жүргізілді.
1953 жылы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды. 1953-1964 ж.ж. аралығындағы кезең Н.С.Хрущевтің атымен байланысты. Айтылып өткен кезең қазіргі тарих ғылымында «Хрущевтік жылымық» деп аталынды. Ол ең алдымен саяси режимнің әлсірегенін білдіреді. КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі кешірім жасау жайлы Жарлық қабылдады.
Ауылды одан әрі қанаудың мүмкін еместігін түсінген Хрущев мемелекеттік салықты азайту аграрлы секторды инвистицияны ұлғайту тәрізді идеяларды партиялық шешімге енгізе бастады. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта құру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Атап айтқанда, 1951-1955 жж. өнеркәсіпке жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1941-1950 жж. салыстырғанда 2,3 есе артты.
Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бұрынғыдан да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі — 1953-1960 жылдарда 7 еседен аса ұлғайды: 434, 9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млн. сомға дейін жетті.
1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1959 ж. түсті металлургияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды.
1954 ж. партияның ОК ақпан – наурыздағы Пленумы Еуразия далаларына зерттеулер жүргізіліп, жыртуға ұйғарылған «Елдегі астық өндіруді одан әрі ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру жайлы» шешім қабылданды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы жылдары қолайлы болды. 1956 жылы елде 125 млн. тонна рекордтық астық жиналды, оның елу пайызы тыңайған жерлерден алынды.
Бірақ экологиялық тепе — теңдіктің бұзылуымен жел эрозиясы 50-жылдары аяғында нақты проблемаға айналды. 1960-жылы Солтүстік Қазақстанда тыңайған жерлерді тиімсіз игеру нәтижесінде щаруашылық айналымнан 90 млн.га топырақ шығарылды. Тың және тыңайған жерлерді игеру тек Қазақстанда ғана емес басқа да республикаларды да қамтыды. Бірақ бұл процессте халық еркімен емес, жоғарғы жақтың бұйрығымен жүрді.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдіктер жасалды: Дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасы басшысына 500-1000 сом , әр отбасы мүшелеріне 150-200 сомнан қаржылай көмек берілді. 10 жылға 10 мың сом несие берілді, оның 35 пайызын мемлекет төледі, Мал сатып алуға 1500-2000 сом несие берілді, Азық-түлік көмегі ретінде 1,5 ц. астық немесе ұн берді,
• 2 жылдан 5 жылға дейін ауылшаруашылық салығынан босатылды,
• Мемлекеттік қаржы көзі 20 млрд. Жетті
1954 жылы тамыздағы ақпарат бойынша жыртылған жер көлемі:
— КСРО-да 13,4 млн-ға жетті;
— Қазақстанда – 6,5 млн-ға жетті;
— 1954-1955 жж. 4,5 мың маман, 1959 жылы 15 мың маман келді;
— тәртіп бұзушылық, мемлекет мүлкін талан-таражға салу орын алды;
— табиғатқа көп зиян келтірілді т.б.
-1954-1962 жж. жасанды миграциялық шаралардан халық саны күрт өсті. Жиыны 2 млн адам келді.
1954-1962 жж. бұл процес кезінде күшті ұжымдастыру жүріп, материалдық-техникалық база жеткіліксіздігі байқалды. Басты себеп-әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің ауыл шарашылығын жүргізудің сауатсыздығының салдарынан көп зардаптар әкелінді. Оған жауап мыналар еді
Тың жерлерді игеру саясатының салдары:
Тың игеру процесінің
жағымды жақтары Тың игеру процесінің
жағымсыз жақтары
• Қазақстан-КСРО-ның негізгі астықты аймағы болды;
• Экономиканың басқа салалары дамыды;
• Қазақстан – көп ұлтты мемлекетке айналды
• Еңбекшілердің ерен еңбегінің үлгісі жасалды;
• Жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді; *Экологиялық жағдайларға ұшырады;
* Мал шаруашылығы төмендеді;
*Тың игеру экстенсивті әдіспен жүрді;
*Жер-су аттары орысшаланды
*Республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерусіз қалды;
*Тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады;
*Тың игеру процесі 20 жылға жуық жүрді
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері.
Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері және оның директоры болып істейді.
Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады.
Д.Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-1986 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.
Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП ның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ПРезидиумының мүшесі болды.
Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбестанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.
1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.
Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *