МУЗЫКАНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІККЕ ЫҚПАЛЫ

 

Мустафина С. Г.
Ж.Мусин атындағы Кҿкшетаужоғары қазақ педагогикалық колледжі,
Кҿкшетау қ.
saule.mus@mail.ru

Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, кҿңіл күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сҿйлеу тіліне, дҽлірек айтқанда, ҿзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сҿйлеу интонациясына ҿте жақын келеді.Эмоцияның кҿп түрлері ішінен музыка, ең алдымен, кҿңіл күйді білдіреді. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен кҿрініс табады. Мұның ҿзі музыка адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да ашуға жағдай тудыратынын байқатады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар ҽлемін, ҽр алуан құбылыстарды жҽне болмыс шындығын суреттейді.

Қалың бұқараны ұйымдастыру, оның рухани ҿмірін қалыптастыру құралдарының бірі бола отырып, музыка қоғамдық тҽжірибеге де белсенді түрде ҽсер етеді. Музыка тыңдаушының санасына, физиологиясына, кҿңіл күйіне ҽсер ететіндігі құпия емес. Музыкалық шығарма тыңдаушыға қоздырушы немесе тыныштандыратын ҽсер береді, кейде бұл ҽсер тиімді немесе жағымсыз болуы мүмкін. Тыңдаушы музыкалық шығармалармен танысу барысында ҿзін қызықтыратын кҿптеген сұрақтарға жауап алады, яғни музыка ақпараттық хабарлама алып жүреді. Ол тыңдаушының ҿмірге деген білімін арттыра түседі жҽне оны толғандырады: ҿмір құбылыстарымен таныстырып, жаңа қауымдастық туындатады. Сҿйтіп, музыка тыңдаушысынбірлесуге үйретеді, ортақ араласу ортасына айналады[1. 138].

Кең мағынада алатын болсақ, музыкалық тҽрбие адамның сана-сезімін жоғарлатып, рухани қажеттілігін қалыптастырады. Сондықтан музыка адамды тҽрбиелеу құралы болып табылады.

Музыкалық тҽрбие адамның табиғи дамуын ынталандырып, түзетулер жасайды, музыкамен қарым-қатынас барысында тыңдаушының қуаныш,сүйіспеншілік сезімдері арта түседі. Соңғы кезде музыкалық білімді ізгілендіріп, адамның жеке ізденушілік сапасына, шығармашылық дамуына кҿп кҿңіл бҿлеотырып, оның музыкалық білімге деген құштарлығын ояту басты мҽселе болып отыр. Музыка адамға жан рақаттығын ҽкеліп, шығармашылық белсенділіктерін де арттыра алады. Музыкалық тҽрбиенің бір түрі – музыканы тыңдау. Ол адамның тыңдаушылық қасиеттерін дамытады, ойларын, есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Музыканы тыңдау барысында адамда ҽсерлі есту қабілеті дамып, басқа адамның жан толғанысын музыкалық дыбыс арқылы қабылдай білуге үйренеді.

Адам келбетінің психологиялық кҿрінісі тілдің ерекшеліктеріне қарай құрылатыны мүмкіндігінше дҽлелденді. Адам миының кҿп бҿлігін музыканы тыңдауға қолданады. Мидың сол жақ бҿлігі кҿбінесе ырғақты ҿңдесе, ал оң жақ бҿлігі – ҽуен мен тембрды ҿңдейді. Музыканы қабылдау ойлау процесімен тығыз байланыста болады, яғни байқағыштықты, зейінді, тапқырлықты талап етеді [2. 92].

Музыканы орындау адамның бойында дҽлділік реакциясын, ойлау мен қозғалу келісімділігін, күнделікті ҿмірде ҽдемі, таза сҿйлеуге баулиды. Вокалдық жҽне аспаптық музыка адамның тек қана жан толғанысын қозғап, тебірентіп қана қоймай оның сана-сезімінің дамуына да ҽсер етеді. Сонымен қатар музыкалық сезімді тҽрбиелеу адамның бас, ми қабығындағы күрделі жүйке жүйесімен байланысып, ол ағзада болатын тежелу, қозу сияқты ішкі үдерістерімен де қарым-қатынаста болады. Жүйке жүйесінің мұндай қабілеттілігі адам іс-ҽрекетінің негізін құрайды жҽне барлық істерінде байқалады. Адам қабілетінің дамуы оның тыңдайтын музыкасына байланысты…

Ғалымдардың кҿбі адамның ауруына байланысты тамақтану жолын зерттеп жатса, британ ғалымдары адамның сана-сезімінің дамуына оның тыңдайтын музыка стилі ҽсер етеді деген.Бҽріміз білетіндей ақыл (IQ)коэффициентінің кҿмегімен ҿлшенетін қабілеттің деңгейі, оның музыкаға деген құмарлығына тҽуелді. Ғалымдар сыналатын адамдарды жинап алып олармен сауалнамалар жүргізді. Зерттеуді жүргізудің тобықтай түйіні музыка стилінің қай түрі адамның ақыл-ойының дамуына жағымсыз ҽсер ететіндігі. Ғалымдар бірден сынақтамалардың кҿмегімен адам қабілеттерін анықтау барысында ең тҿмен қорытынды хип-хоп стилімен айналысатындарда екенін байқады.Мүмкін айтылғанның бҽрі біреудің қиялынан шыққан ертегілер де шығар, дегенмен шет ел дҽрігерлерімен бұл кеңінен қолданылып келеді жҽне интернетте бұл термин айналасында ҽңгіме ҿте кҿп [3. 2].

Адамның қандай жанрдағы музыка тыңдайтынына қарап, мінезінің сапасын анықтауға болады.Мысалы:

Блюз – шығармашыл, тез тіл табысады, ҿзін жоғары бағалайды, биязы жҽне сабырлы.

Джаз – ҿзін жоғары бағалайды, шығармашыл, тез тіл табысады, байсалды. Классикалық музыка – ҿзін жоғары бағалайды, шығармашыл, сабырлы, тұйық. Реп – ҿзін жоғары бағалайды, тез тіл табысады. Опералық музыка – ҿзін жоғары бағалайды, шығармашыл, биязы. Кантри – еңбексүйгіш, тез тіл табысады. Регги – ҿзін жоғары бағалайды, шығармашыл, тез тіл табысады, биязы жҽне жұмсақ. Би ҽуені – шығармашыл, тез тіл табысады. Инди – ҿзін бағалауы тҿмен, шығармашыл, күйгелек. Рок, хэви метал – ҿзін бағалауы тҿмен, шығармашыл, тұйық, биязы жҽне байсалды. Попса – ҿзін бағалауы жоғары, еңбекқор, тез тіл табысады, биязы жҽне жұмсақ. Соул – ҿзін бағалауы жоғары, шығармашыл, тез тіл табысады, биязы жҽне жұмсақ.

Ҽрине, бұл зерттеу түпкілікті «шешім» ретінде қабылданбауы керек, дегенмен, сүйікті музыка стилі адамның мінез-құлқы туралы бір нақты болмаса да мҽлімет береді.

Музыкалық талғам таза туа біткеннен пайда болатын қасиет емес,ол уақыт ҿте келе біліммен, тҽрбиемен келеді, оған қажырлы еңбек керек. Сонда ғана ары қарай дамып, жақсы нҽтижеге қол жеткізе алады.

Музыка тек қана жанның ҿнегелі жағынан дамуына ҽсер етіп қана қоймай, емдік қасиеттерге де ие болып, зияткерлік тұрғыдан дамуына мүмкіндік береді. Түрлі жанрдағы музыканы кҿп тыңдаған кісінің эстетикалық талғамы жоғары, еске сақтау қабілеті жоғары болады. Музыканы сүйіп тыңдайтын адамды музыка тыңдау ғана қызықтырмайды, сонымен қатар композитор ҿмірі, оның шығармашылығы, музыканың шығу тарихы қызықтырады. Ол соны білуге, зерттеуге талпынады. Музыка жанрынан, композиторлар ҿмірінен жан-жақты білімді адамның зияткерлік қабілеті де жоғары болады.

Зерттеушілер белгілі бір ырғақ пен үндестік адам ағзасының иммунитетін кҿтеретінін айтады.Жағымды ҽуен есте сақтау қабілетін арттырады. Мидың ақпарат сақтау қорына жауап беретін гиппокамп аталатын бҿлігіне музыкотерапияның пайдасы зор. Психологтердің кҿпшілігі ҽңгіме-сұхбат барысында жай ҽуен қосып қою ҽдісін музыкотерапиямен байланыстырады.

Жастарды кҿркем ҿнерге үйрету – сезімталдыққа, ҽдемілікке, сұлулыққа үйрету.Музыканы санамен түсінгенде ғана ҿзін қоршаған ортадағы ҿсімдік пен табиғат үйлестігін ұғына алады.

Қорытындылай келгенде,музыканың ҿмірімізде атқаратын мҽні ерекше. Сезімді қозғайтын, жүректі тербейтін сазды, жанға лҽззат-қуатын сыйлайтын, кҿңілімізді жадырататын, шалқытатын ҽсерлі, ҽсем музыка адам ҿмірін ұзартып, дамуына септігін тигізеді.

Әдебиеттер:

1.Акопян К.З. Восприятие музыки и его роль в формировании характераподростка // Психология подростка (к 100-летию Н.Д. Левитова): Межвуз. сб. науч. тр. / Моск. пед. ун-т; Редкол.: В.Г. Степанов и др. М.: МГГУ, 1993. -138 с.

2.Благонадеждина А.В. Отношение детей к искусству и его возрастное развитие // Вопросы психологии. 1968. — № 4. — С. 92.
3.http://www.berdof.com/muzyka-i-intellekt/

4. Остапенко Т.А. Музыкальная терапия // Музыка ҽлемінде,2009, №6
5. Дж. Баркер «Музыкатерапия» Ағылшын тілінен аударған К.Я. Кравченко

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *