Р.К.Мусаходжаева, А.Т.Кусаинова
Астана қ., Қазақ ұлттық ҿнер университеті
anikate94@mail.ru
Қазақ музыкасының алтын беттерінде ұмытылмас із қалдырған, ұлттық музыкамыздың жанашырлары, консерваторияның алғашқы түлектері.
Қазақ халқының асқақ тұлғалары, Алашорда азаматтарының ұлттық идеяларының ҽсерімен ҿскен жҽне олардың ізін басқан, қобыз үнінің уақыт тҽлкегіне ұшырап, үзіліп бара жатқан жерінен жалғастырған, жаңғыртқан, қобыз үніне жаңа серпін, екпін ҽкелген қазақтың ұлы қобызшысы- Фатима Балғаева.
Фатима апайымыздың ҿнерге деген сүйіспеншілігі жастайынан кҿріне бастады. Мектеп қабырғасында жүріп Б.Байқадамовтың «Айгҿлек» атты ән ансамбіліне қатысады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, филармония музыканттарының біразы майданға аттанды. Сол себепті 1942 жылдың жаз айында, филармония директоры Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен Жаппас Қаламбаев №38 мектебіне келіп, музыкалық қабілеті мол жастарды таңдап, филармониядағы атақты домбырашыларға, қобызшыларға жолықтырып, тексертеді. Содан 16 жастағы Фатима Жұмағұлқызы домбыра үйренуге кірісті.
Алғашында домбыраны Оқап Қабиғожиннен үйреніп, кейіннен Қали Жантілеуовтен дҽріс алып жүріді. 1944 жылы Ташкенттегі ҿнер декадасына қатысады. Домбырадағы жетістіктеріне қарамастан Фатима Жұмағұлқызы қобыз үнін ұнатып, қобыз аспабының қыр сырын ұлы қобызшы Жаппас Қаламбаевтан жарты жыл ішінде меңгерді. 1944 жылы консерватория ашылып, 1945 жылы ұлт аспаптар бҿлімі ашылды. Фатима Жұмағұлқызы ҽйгілі скрипкашы, орыс скрипка мектебінің негізін қалаушы Л.С.Ауэрдің шҽкірті И.А. Лесманнан дҽріс алды.
Үш ішекті қобыз жаңа құрастырылған болғандықтан репертуар мҽселесі пайда болды. Бұл орайда қазақтың тұңғыш профессионал композиторлары Жұбанов, Х.Тастанов, М.Қойшыбаев, М.Ҽубҽкіровтердің сіңірген еңбегі зор. Ахмет Жұбанов қобызға арналған пьесаларын Фатима апайымызға арнап жазды. Бұл пьесалар қазақ қобыз ҿнерінің жауһарына айналып, қазіргі кездегі қобызшылар репертуарынан табылып, халықаралық жҽне республикалық сайыстардың міндетті бағдарламасына енген.
Жеке орындаушы мен оркестр орындаушысының рҿлі бҿлек. Фатима апайымыз тек жеке орындаушы ғана бола қоймай оркестрдің қобызшылар тобының концертмейстері болып, екі тізгінді шебер ұстағаны мҽлім. Ұжым ішінде ҿнер кҿрсету жҽне топты басқару Фатима апайымыздың шығармашылығының жан-жақтылығын кҿрсетеді.
Фатима апай қобыз ҿнерінің жанашыры ретінде тағы бір қырынан ҿзін кҿрсетті. 1968 жылы Жаппас Қаламбаевтың, 1970 жылы Дҽулет Мықтыбаевтың консерваторияда қыл қобыз сыныбын ашып, шҽкірт тҽрбиелеуіне демеуші болғаны белгілі.
Фатима апайымыздың үнтаспаға жазылған музыкалық үлгілерін тыңдау барысында қазаққа тҽн, қайталанбас сезімталдылық, ұлттық нақышпен ҿрнектелген қазақтың рухын сезуге болады. Соғыстан кейін бейбіт ҿмірге қолы жеткен, қуанышты, нұрлы күндердің бейнесі іспеттес. Қобызды ойнаған уақытта қазақ халқының шексіз ҽуенің жеткізеді. Айта кететін тағы бір қызықты жайт, Фатима апай қобыз ойнаған кезде тыңдап отырғанның ҽрқайсысына жеке-жеке арнаған сияқты. Тыңдаушының жүрегіне жылы тиіп, қайталанбас күйге бҿлейді.
Фатима Жұмағұлқызы тұңғыш кҽсіби жоғары білімді қобызшы. Алған білімін түгелдей шҽкірттерінің бойына сіңдіре білген ұлағатты ұстаз. Апайымыздың еңбегі арқасында сол заманда жоғалып бара жатқан қобыз ҿнері еліміздің түкпір түкпіріне таралып, тамырын жайып келеді. Фатима Жұмағұлқызының алғашқы шҽкірттері Раушан Құсайынова, Досымжан Тезекбаевтар қобыз ҿнерінде апайымыздың мұрасын келешек ұрпаққа жалғастырды. Досымжан Тезекбаев консерватория қабырғасында оқып жүріп, қобыз аспабының пішіні, дауыс ауқымын кеңейту мақсатында тҽжірибелер жасаған. Ізденістер нҽтижесінде 1957 жылы тҿрт ішекті қобыз дүниеге келді. Бұл заман талабы болды. Тҿрт ішекті қобыздың мүмкіндіктеріне сай шығармалар жазыла бастады, скрипкашылар репертуарындағы кҿптеген музыкалық үлгілерді орындауға жаңа мүмкіншілік туындады. Фатима апайымыздың осыған қатысты сыни пікірін Талап Қараштың апайдың кҿзі тірісінде бейнетаспаға жазылып алынған сұхпатынан байқауға болады [1]. Біздің ойызмызша, апайымыздың сыни пікірінің жаны бар…
Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің елуінші, алпысыншы жылдарындағы үнтаспаларын тыңдасаңыз қайталанбас бояуларға қанық, қазақи иісі аңқыған дыбыстарды естисіз. Ҿкінішке қарай бұл жылдардан кейінгі уақытта жазылып алынған таспаларда қазақи керемет дыбыс жолғалғанын байқаймыз. Себебі қыл қобыз үлгісімен жасалынған бас қобыз виолончель аспабына ауыстырылып, прима қобыздың бетіндегі теріні алып тастап тегіс ағаштан А.Першиннің үлгісімен жасағанынан деп есептеймін. Қазіргі таңда ұлт аспаптар оркестрінің дыбысын сақтап қалған жалғыз оркестр Қарағандыдағы Тҽттімбет атындағы оркестрі. Оркестр осыдан бірнеше жыл бұрын домалақ пішінді, терімен қапталынған қобыздарды шебер Замир Утешевке жасатты. Нҽтижесінде қобызшылар тобы жұмсақ дыбысқа қол жеткізіп, қайталанбас дыбысын жаңғыртып, тыңдарман қауымның мол ықыласына бҿленді.
Үш ішекті қобыз дҽстүрлі қыл қобыздың үлгісімен жасалған аспап. Үні құлаққа жағымды естіледі. Бүкіл ҽлемді дыбысының бояуымен таң қалдырған аспап. Оны жаңғырту қажеттілігі сҿзсіз. Шеберлерді осы игі іске қатыстырып, қолға алған жҿн. Республикамыздың арнайы музыкалық білім беру мекемелерінің материалдық негізі жоғары дамыған, сондықтан аспапты алдыру қиынға соқпасына кҽміл сенемін.
Тҿрт ішекті қобызда скрипкаға арналған шығармаларды қаншалықты скрипкаға ұқсатып ойнасақ та, оның «скрипкаша» болуы мүмкін емесі айдан анық. Мүмкін емес мақсатқа ұмтылған уақытта ҿзімізге тҽн қобызымыз тасада қалмасын деген оймен, Фатима апайымыздың жолын жалғастыру мақсатымен Қазақ Ұлттық ҿнер университетінің Қобыз кафедрасында үш ішекті қобызды жаңғырту ҿріс алды. Мектеп, колледж, бакалавриат бойынша үш ішекті қобызды бағдарламаға енгізу жұмыстары кең қарқын алуда.
Болашақта шҽкірттеріміз жан жақты, қобыз сырын меңгерген маман, дҽстүрлі ҿнерді жалғастырушы ҿкілі ретінде тҽрбиелеуге қол жеткізу үшін шҽкірттерімізді жасынан тҿрт ішекті қобызда үйретіп, мектептің орта буынында кҿне қыл қобызымызды қоса үйретуге жҽне үш ішекті қобызды енгізу дұрыс жол деп санаймыз.
Фатима Жұмағұлқызының ХХ ғасырдың ұлттық музыка мҽдениетіндегі рҿлі елеулі. Қобызда шебер орындаушы, қобыз ҿнерінің жанашыры, қайраткер, ұлағатты ұстаздың есімі- ұлт есінде.