ДӘУЛЕТ МЫҚТЫБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ

 

Кусаинова А.Т.
Астана қ., Қазақ ұлттық ҿнер университеті
anikate94@mail.ru

Дҽулет Мықтыбаев-ХХ ғасыр ұлттық музыка мҽдениетінің кҿрнекті ҿкілі, қазақтың күйшілік ҿнерінде орны ерекше тұлға, қобыз ҿнерінің майталман шебері, халық мұрасын сақтаушысы, жеткізушісі.

Д.Мықтыбаев 1905 жылы, кейбір биографиялық деректерде 1904 жылы бұрынғы Ақмола уезі, Сарыҿзек болысында, күй мен ҽнді бағалайтын, халыққа сыйлы Ҽупік бидің отбасында дүниеге келді. Қобызға қатты құмартып жүрген тоғыз жасар Дҽулетті ҽкесі «Қобыз пірі» атанған ҽйгілі қобызшы Ықыластың баласы Түсіпбекке тҽлім алуға тапсырады. Ол кезде Ықыластың кҿзі тірі, алайда егде жасына байланысты қобыз тартпаған шағы еді. Түсіпбек Дҽулеттің музыкалық қабілеттілігін кҿріп, Қорқыттың, Ықыластың күйлерін үйретіп кеткен. Д.Мықтыбаев ұстазы Түсіпбекті есіне алғанда «Ашаршылықта ас болған, жаяушылықта ат болған қара қобызым, ханның да, қараның да алдында атымды шығарған еді, бұған тең келер еш нҽрсе жоқ!»,- деп айтушы еді, деп жазады Б.Қосбасаров [1:31].

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ музыкалық мҽдениетінде үлкен серпіліс басталып, түрлі мҽдени ошақтар құрыла бастайды. Сол жылдары Қарағанды радиокомитеті музыканттарды қабылдайды деген хабарды естіген Д.Мықтыбаевтың ҽкесі оны Қарағанды қаласына алып келеді. Оны белгілі драматург Шахмет Құсайынов жұмысқа қабылдады [2:27]. Радиокомитетте жұмыс жасаған уақытта кешкі уақытта тікелей эфирге шығып отырып, Қарағанды жұртына танымал болады.

Дҽулет 1934 жылы Алматыда ҿткен 1-Жалпықазақстандық халық ҿнерпаздарының слетінде Л.Мұхитов, У.Қабиғожин, Ғ.Құрманғалиев, Ы.Уҽлиев, Ж.Қаламбаев сынды майталмандармен қатысып, жүлдегер атанды.

ХХ ғасырда қазақ зиялылары саяси қуғынға түскен уақыт. Д. Мықтыбаевтың биграфиясында бұрын сонды жарияланбаған факт-1936 жылы

23 сҽуір күні Д. Мықтыбаев саяси мотивтерге негізделген қылмысқа байланысты Қарағанды қаласының НКВД бҿлімшесі қамауға алды. Үш айдай уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп, іс «за недоказанностью состава преступления» деген себеппен тоқтатылып, Д.Мықтыбаев ақталады[3].

1937-1941 жылдары Қарағанды облыстық филармониясында Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков, Зҽбира Жұбатова сынды ҽріптестермен қатар жеке орындаушы қызметін атқарды.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып Д.Мықтыбаев майданға1941 жылы Дҽулет ҿз Отанын қорғау үшін «Қызыл армия» ансамблінің құрамында майданға аттанып, Отан алдындағы парызын орындап, елге аман-есен оралады да, қызметін Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы ретінде жалғастырады. Кҿп жылғы Қазақ ҿнерінде істеген қызметі үшін СССР Жоғарғы Кенесінің президиумы «Еңбек ардагері» алқасымен жҽне екі мҽрте Қазақ ССР Жоғарғы кенесінің грамотасымен марапатталды жҽне тың игеру кезінде кҿрсеткен еңбегі бағаланып «Тың игеру» алқасын алған.

Дҽулет Мықтыбаевтың орындаушылық ҿнері тікелей Ықылас мұрасымен байланысты. Жоғарғыда кҿрсетілгендей Дҽулет күйлерді Ықыластың баласы Түсіпбектен үйреген, содан ол күйлер бізге жеткен. Демек, Дҽулет Мықтыбаевтың орындауындағы күйлер қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ҿнердің кҽсіби үлгісі. Аутентизм (қазақша- тұпнұсқалылық, дәлдік) мҽселесі бойынша Д.Мықтыбаевтың айтып кеткен ҿсиеті бар, «Бізді бұзған сахна-деп айтатын күйші. Елге жақсы кҿрінеміз деп, бір күйге екінші күйді қосып жіберіп орындайтынмын. Сендерге айтатыным, орындаған күйге, басқа бір күйдің ҽуенін қоспай, бұзбай ойнаңдар»- деп жеткізді шҽкірті Ҽ. Жұмабекұлы.

Кейінгі кезде қобыз күйлерін орындаушылары арасында күйдің аутентикасын бұзып, бір күй фразаларын немесе мотивтерін екінші күйге қосып орындау тенденциясы байқалады. Осы орайда қобыз ҿнерінің қазіргі замандағы жанашырлары профессор Р.Қ. Мұсақожаева бастаған ҿнер қайраткерлері қобыз ҿнерін, мұрасын таза қалпында сақтау мақсатында 2016 жылы Тараз қаласында ҿткен ІІІ Республикалық Ықылас Дүкенұлы атындағы «Жез киік» атты байқауы аясында декларация қабылдады. Оған сҽйкес Қорқыт, Ықылас күйлері Жаппас Қаламбаев пен Мықтыбаевтың нұсқасымен орындалу тиіс.

Дҽулеттің күй орындау стилі бірден ажыратылып ерекшеледі. Музыкатанушы ғалым А.Жұбанов Дҽулеттің ойының келесідей сипаттаған: «Қобызды ҽңгіме еткенде, тек Жаппастың ойыны емес, Дҽулеттің ойынын да айтпай кетуге болмайды». Ол – да шебер қобызшы. Бірақ Жаппас сияқты нота сауатын меңгермеген. Дҽулеттің Жаппастан тағы бір айырмасы ол кей кезеңдерде қобызды қоя тұрып басқа кҽсіп істеп кеткен мезгілдері де болды. Олардың репертуарлары да ұқсас болатын, бірақ ойнау техникалары бірдей емес. Дҽулеттің дыбысы Жаппасқа қарағанда қомақтырақ, тереңірек, бірақ Жаппас музыкалық жағынан ілгерірек тұрған адам. Оның тез күйлер ойнағанда техникасы Дҽулеттен жоғары. Ал, Дҽулет созылмалы, шырқайтын күйлерге шебер келеді. Міне осы аталып отырған екі кісіден басқа, олардың шамасына келетін бүкіл республика кҿлемінде ешкім жоқ»,

Д.Мықтыбаевтың қобызды ұстау, оң жҽне сол қол тҽсілдері де ерекше. Бейнетаспалардан қараған уақытта оның қобыздың құлағын сол жақ шекесіне тіреп ойнайтынын, жоғары ішекте тырнақтарымен басып, ал тҿменгі шекте саусағының етімен ойнайтыны байқалады[1:48]. Даулет Мықтыбаевтың флажолет ҽдісімен ойнаған кезде барлық обертондарды нақтылап естіртеді. Мысалы Қорқыттың күйі «Қорқыт», бірінші тактідегі соль-до қос флажолет, тҿменгі ішекте де, үстінгі ішекте де саусақтың етімен орындайды. Осыған ұқсас қос флажолет Ықыластың «Жолаушының қоңыр күйі» күйінде 3-10 тактілерде; Жҽне Ықыластың «Шыңырау» флажолет ҽдісімен құстың шыдамсыздығын, балапандарының шырылын имитациялау мақсатында қолданылады (21-23 тактілерде);


Д. Мықтыбаев Ықыластың кҿп күйлерін ; «Ерден», «Қазан», «Қамбар батыр», «Жолаушының қоңыр жолы», «Кертолғау», «Айрауықтың ащы күйі», «Шыңырау», Ҽбікедің «Жалғыз аяқ», «Кҿзбеннің Сарынын», «Қорқыт», «Аққу» тек орындап қана қоймай күйлердің аңызын да айтып кеткен.

Дҽулет Мықтыбаев ҿз ізін кинофильмде де қалдырды. 1960 жылдары «Құлагер» атты кинофильмде бақсының ролін ойнады,жҽне «Қыз-Жібек» киносында Нұрғиса Тілендиевпен Ықыластың «Аққу» күйін орындап, фильмнің ерекше бояуын келтірді.

«Дҽулет бойында қазақтың ғасырлар бойы қобыз тарту дҽстүрі кҽсіби түрде қалыптасқан. Оның қолында қобыз аспабының ораласу деңгейі, ысқыш ұстауы, қобыздан үн шығаратын сол қолдың (аппликатурасы) саусақтарының дыбыс шығарудағы реті қазақ даласындағы қобыз мектебінің кҽсіби үлгісі. Сондықтан Д. Мықтыбаевтың қазақ ҿнеріндегі алатын орны, оның ұлы дҽстүрді біздің заманымызға ҿзгертпей жеткізіп, қобызды ҿзінен кейінгі ұрпаққа үйретіп кетуінде» — деп жазады Базархан Қосбасаров.

Д.Мықтыбаевтың шығармашылығы ұлт музыкасында, ұлт мұрасында мҽңгі сақталады, қалдырып кеткен ізі мҽңгі ҿшпес.
Әдебиеттер:

1. Қосбасаров Б.Ҽ. «Қобыз ҿнері»- Алматы, 2016.

2. Құспанова Р. «Ықыластың қобызы»-Алматы, 1999
3. https://ru.openlist.wiki, открытый список жертв политических репрессий в
СССР

4. Омарова Г. «Кобызовая традиция.Вопросы изучения казахской традиционной музыки:Монография, Алматы.2009.520 с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *