Досжан Е. Д.
Ж.Мусин атындағы Кҿкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі,
Кҿкшетау қ.
erkin.doszhan@mail.ru
Домбыра аспабы арқылы жеткен тҽрбие қағидаларының кҿздеріне үңілетін болсақ, бірнеше пҽндерді кездестіруге болады. 1.Домбыра – тартып үйрену еңбек пҽні. 2.Домбыра тартып ҽр дыбысын есептеп ойнау математика пҽні. 3.Домбыра – тартып қағу, перне басу, бір мезгілде ҽуен дыбысын анық шығару, оған қосылатын поэзия сҿзін дауыс ырғағымен дҽл айту логика пҽні. 4. Домбыра – екі шекті бұрап тарту арқылы дыбысты естіп отырып, құлақ күйін келтіру физика пҽні. 5. Күй тыңдап ҽуенін есту арқылы елестетіп түсіну бейнелеу пҽні. 6.Күй – аспапты музыка, оған қосарлана жүретін ҽңгіме жҽне поэзия ҽдебиет пҽні. 7.Терме – аспапты вокалды музыка мен оған қоса жүретін сҿзі ҽдебиет ішіндегі мақал – мҽтел мен афоризм. 8.Жыр – ұзақ белгілі бір оқиғаларды айтатын тарих пҽні. 9.Қысса – дастан, кино – фильм театр пҽні. 10.Айтыс – жарыс сҿз, тіл жҽне демократия пҽні. 11.Ҽн – вокалды музыка дауыстың шеберлігін қалыптастырады. 12.Құран кҽрімді дауыстап ҽуен негізінде оқып айту музыка пҽні.
Осының бҽрін меңгеріп орындау үшін музыка кҿмегі араласқан жағдайда ғана олардың құны ҿте жоғары болады. Аспап, Ҽуен, Вокал, Сҿз, Поэзия бір мезгілде қатар қосылып, тең жүргенде ҿз нҽтижесін кҿрсетеді. Осы айтылғандардың бҽрін бір мезгілде бір адамның орындап шығуын талант иесі дейміз, ал талант ішкі ҿз рефлекс күшін еңбек арқылы оята біледі. Бұл – бірінші. Ал екіншісі – тыңдарман болса, оның ішкі рефлексін оятуға айтушының қызықты орындауы, дауыс екпіні, ұқтыру кезіндегі түрлі айла – тҽсілдері жатады. Адам баласы талантты не талантсыз болып тумайды, ол іздену, ұқсау, еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің кҿмегімен «мен білемін» деген сҿзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады. Талант иесі ішкі жан тілін сезімге байлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантты ұштайды. Нҽтиже деген не? Ол еңбектің соңғы кҿрсеткіші. Домбыра ойнау, айту, жаттау еңбек нҽтижесі. Ал оны үйрету – педагогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласағұн, Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай, Құрманғазы, Махамбет, Ақан, Біржан, Мұхит, Ҽуезов, Жұбанов, Байтұрсынов, т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Сырт кҿзге кҿріне бермейтін, мҽні зор домбырадан қалыптасқан тҽрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата-бабадан кҽсіп болған дҽстүрді дамытуға, ҿнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Домбырадан таралған тҽрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынасына, дҽстүр табиғатына, қазақ діліне ҿз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Ендеше киесі сақталған домбыраның негізінде білім беру кҿзделсе, бүгінгі келеңсіз, қатыгез жағдайлар мен шешімін таба алмай жатқан жаманды атаулыдан айырылып, ҿзінің тҿл мҽдениетіне қарай бұрылып, тарихы мен тілін сүйіп, ҿзгені сыйлауға бой ұрған болар еді.
«Музыка тыңдатпайынша тҽрбие беру, балалық шақтың ҿзінде адамның сүйіп тыңдайтын ҽн – күйлерінсіз тҽрбие беру менің басыма қонбайтын нҽрсе»,
— дейді В.А.Сухомлинский [1, 91].
Сондықтан жалпы орта мектеп оқушыларының қолына домбыра беріп, аузындағы тіліне дуалы терме сҿзін айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес пе?!.
Біріншіден, қуатсыз қатыгездіктен, екіншіден жалмауыз қанішерден, үшіншіден, жаны ашымайтын ұл – қыздан, тҿртіншіден, ауру жастардан, бесіншіден, білімсіз надандардан арылар едік.
« Егер белгілі бір елді басқарудың жай жапсарын білгің келсе, сол елдің тҽртіп тағлымын танымақ болсаң, онда музыкасына құлақ түр» дейді Конфуций.
Ҿзінің тҿл мҽдениеті мен тілінен адасқан ел рухани бақытсыз. Г.Лихтенбергтің «…Ақылды бала – кілең ақымақтардың ортасында тҽрбиеленсе, ол да ақымақ болады. Бірақ, адам баласының түзелуге де, бұзылуға да қабілеті ҽбден жетеді….» дегеніндей, біздің ортада жалған тҽрбие белең алып отыр. Оған дҽлел бүгінгі жастардың ҽке – шешеден безіп ҿзгенің қолтығына енуі, үлкеннің ұлағатты сҿздеріне құлақ аспауы, отбасынан тҽлім – тҽрбие алып оны жалғастыру орнына ҿзге адамдардың сҿзіне еріп, ҿз туысынан безуі сияқты қылықтарға бой ұрып, теріс тҽрбиеге ден қоюы дер едік.
Сондықтан қайда жүрсе де ақын, жыраудың тағлымын, ҽншінің ҽні мен ҽуенін, күйшінің күмбірлеген күміс күйін қалт жібермей кҿкейге қондырып, ел аузындағы ұлағатты мақал мен мҽтелді, ертегі мен жұмбақты терме мен шежірені жадында сақтап халық даналығын ҿзіне рухани азық еткен қазақ жастарына ҿзінің тҿл мҽдениеті негізінде мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық, оқу ҽдістемелік кешендерді құрап жазу – басты міндет.
«Тҽрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ», — дейді Саифи Сарайи. Тҽлім тҽрбиенің басты құралы – домбыра аспабы десек, қателеспейміз.
Сондықтан да, жалпы білім беретін мектептерде домбыра негізінде қалыптасып жеткен тҽрбие кҿзі эстетикалық ҽсемділікке жетелейді.
Қорқыт, Асанқайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Махамбет, Құрманғазы, Абай, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған, Жамбыл, Нұрпейіс, Қашаған, Нұрым, Шернияз, Кердері Ҽубҽкір, Қазанғап, Тҽттімбет, Дҽулеткерей, Абылай, Сүгір, т.б. аты елге белгілі дала перзенттерінің шығармалары мен үлгілерін оқу орындарында оқытып қана қоймай, қасиетті домбыра аспабының негізінде қалыптасатын қағидалы тұжырымдарды да тҽрбие кҿздері етіп енгізу керек.
Музыка сабағында музыкалық іс — әрекеттерді аспаптық музыкамен байланыстыра жҥргізу жолдары Музыка тыңдау Нота сауаты Ән – хор айту
Музыкалық аспапта ойнау
(Домбырада ойнау)
Ырғақты би қимылдары Музыка тарихы
Әдебиеттер:
1. В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы А.,1976 223б
2. В.В. Виноградов. О музыкальной археологии // Советская музыка. 1975
89б
3. Д. Кішібеков. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең А.,1999 130б
4. А. Жайымов, С. Бүркүтов, Б. Ысқақов. Домбыра үйрену мектебі А.,1992
5. Б.А .Яворский. Воспитание музыкой М., 1989 24б