Химияның негізгі заңдарын оқу және химиялық түсініктерді қалыптастыру әдістері Алғашқы химиялық ұғымдардың қалыптасуы

Химияның алғашқы ұғымдарымен таныстырудың міндеттері мен маңызы. Қандай ғылым болмасын бір-бірімен тығыз байланысты үғымдар жүйесінен түрады, оларды жетік түсінбейінше ғылымның мазмүнын игеру мүмкін емес. Орта мектептегі химияның курсы да аса маңызды алғашқы үғымдарды қалыптастырудан басталады. Қазіргі жаңа бағдарлама бойынша бүл кіріспе тақырыпты оқып үйренуге 24 сағат, демек сегізінші сыныпқа тиесілі уақыттың бестен бірінен астамы бөлінген. Осыдан-ақ тақырыптың оқу-тәрбиелік  маңызы  зор екендігі  көрініп  тұр.

Химиялық элемент, зат және химиялық реакция үғымдарының сипаттамалары

ҐғымСапалық сипаттамасыСандық сипаттамасыСимволикасы
Химиялық элементАтомАг, валенттілікХимиялық таңба
затМолекула. Қоспа жэне таза зат Жай жэне күрделі затMr, заттағы Элементтердің масса қатынастары. Моль. Авагадро саныХимиялық формула
Химиялық реакцияФизикалық жэне ХИМИЯЛЫҚ құбылыстар. Химиялық реак-циялардың белгілері, жүру жағдайлары, типтеріХимиялық реакциялардағы заттардың масса қатынастары бойынша есептеулер  Химиялық теңдеу

Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады:

  1. Химия пәні, зат, химиялық элемент, атом, химиялық реакция, химиялық символика туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру (олардың мазмұны мен сипаттамалары кестеде келтірілді);
  2. Алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негізі болатын атом-молекулалық ілімнің қағидаларын саналы меңгерту; олардың тұрғысынан заттардың қасиеттерін, химиялық реакциялардың механизмін түсіндіру;
  3. Қүрам түрақтылық заңын, масса сақталу заңын саналы игерту, қолдана білуге, атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіре білуге уйрету;
  4. Эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жүмыс істеу ережелерімен, қауіпсіздік техникасымен таныстыру; қыздыру аспаптарымен, зертханалық штативпен, реактивтермен, ыдыстармен, т.б. жұмыс істей білуге баулу.

Тақырыптың тәрбиелік міндеттері:

 1. Табиғаттың бірлігі, заттардың жойылмайтыны, атом жэне молекуланың анық барлығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру, пэнаралық байланысты жүзеге асыру.

2. М.В. Ломоносов, А. Лавуазье, Д. Дальтонның өмірімен таныстыру арқылы ғылымға шынайы берілген адамдар ғана жаңалық ашатынын көрсету.

 3. Тарихи мэліметтердің тэрбиелік маңызын барынша пайдаланып, М.В.Ломоносов пен Дальтонның атомистикалық көзқарастарын салыстыру.

 4. Оқушылардың химияға құштарлығын тудыру.

Оқушыларды дамыта оқыту мақсатында әр ұғымды игерудегі олардың белсенділігін арттыру, тәжірибе қою, бақылау, талқылау, қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру. Ұғымның мазмүнын, көлемін, елеулі белгілерін, мәнін ашу жэне мысалдар келтіру, анықтама беру, ұғымдар. жүйесіндегі орнын табу және қолдану біліктерін қалыптастыру.

Тақырыпты оқытудың тағы бір міндеті — химия пэнін оқытудың мазмұны мен эдістеріне енгізілген кейінгі өзгерістерді ескеру. Бұрыннан қолданылып келе жатқан Ю.В.Ходаков, Д.А.Эпштейн, П.А.Глориозов оқулығымен бірге жаңадан ұсынылған Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман жэне қазақ авторларының окулықтарының мүмкіншіліктерін жете пайдалану. Химия тарихында көрнекті орын алатын негізгі ұғымдарды енгізген ғалымдар Р.Бойль (элемент ұғымы), И.Я.Берцелиус (химиялық таңбалар), Э.Франклад (валенттілік ұғымы), Ж.Л.Пруст (құрам тұрақтылық заңы) туралы қысқа деректер келтірілген. Бүл деректерді эдістемелік талаптарға толық сэйкес келмегенімен жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, үй тапсырмасын бергенде тиімді пайдалану мүғалімнің міндеті. Сонымен бірге тарихи материалды оқулықтағыдан гөрі мұғалімнің терең білу керектігін ескерген жөн. Химия пәні. Оқушылардың пәнге деген пікірін тудыруда алғашқы сабақтардың маңызы зор. Әдістемелік эдебиеттерде химия пәнін анықтайтын алғашқы сабақта екі түрлі қателік жіберілетіні айтылған

Біріншісі — оқушылардың химияға қызуғышылығын тудыру үшін бірнеше қызықты тэжірибелер көрсетіледі, бірақ олардың мәні түсіндірілмейді. Мүндай тэжірибелерді олар химиялық кештерде көрген, химия кабинетінде эр түрлі тэжірибелер жасалатынын сырттай байқап жүреді. Сондықтан да олардың алғашқы сабаққа зор үмітпен келетіні рас.

Алғашқы сабақта химияның жаратылыстану ғылымына жататыны, заттарды зерттейтіні жэне заттардың қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру жеткілікті.

Зат ұғымы бұл сабақта оқушыларға физика курсынан таныс физикалық дене үғымы арқылы беріледі. Ол үшін бір заттан жасалған бірнеше физика-лық денелер, эр түрлі заттардан істелген бір физикалык дене көрсетіледі. Олардың мысалдары ретінде шыныдан, кәрденнен, темірден, алюминийден жэне баска металдардан жасалған оқушыларға белгілі, немесе таяудағы сабактарда танысатын химия кабинетінің қүрал-жабдықтары көрсетіліп, аталады. Соның нэтижесінде оқушылар физикалық денелер неден тұрса, соны зат деп атайды деген қорытындыға келеді. Ұғым жаттығулар орындату және химиялық диктант жаздыру арқылы бекітіледі.

Заттардың физикалық қасиеттерімен оқушылар зертханалық жүмыс жасау арқылы танысады. Үлестіріліп берілген заттардың агрегаттық күйін, түсін, тығыздығын, жылу өткізгіштігін, электр өткізгіштігін, балқу жэне қайнау температурасын анықтап, кесте түрінде жазады. Зерттелген затгардың қасиеттерін салыстыру арқылы олардың бір-біріне ұқсастығы немесе айырмашылығы көрсетіледі, анықтама беріледі.

Заттардың айналуы жөніндегі ұғым өсімдіктанудан алған білімге негізделеді. Өсімдіктер ауадан жэне топырақтан алатын су, минералды заттары, көмірқышқыл газы, т.б. заттары ақуыздарға, майларға, крахмалға, қантқа айналады.

Осыдан кейін заттар жэне олардың бір-біріне айналуын зерттейтін ғылымға химия деген анықтама беріледі. Жаңа оқулықта бүл анықтама заттардың қасиеттері жэне айналумен қабаттаса жүретін құбылыстармен толықтырылған. Химияның физикамен, биологиямен байланысы, маңызы қысқаша баяндалады. Химияның міндеттері — заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы тиімді пайдалану, халық шаруашылығына аса қажетті, табиғатта кездеспейтін заттарды өндіру.

Таза зат және қоспа ұгымдары. Заттардың қасиеттерін зерттеу таза зат жэне қоспа үғымдарына әкеледі. Оқушыларға күнделікті түрмыстан (лай, су, сүт) жэне табиғаттану пэндерінен (гранит) белгілі қоспалар еске түсіріледі. Қатты заттардың қатты заттардағы, қатты заттардың сұйықтағы ерімейтін және еритін, сұйықтың сүйықтағы еритін жэне ерімейтін қоспалары көрсетіледі. Соның нэтижесінде оқушылар эр қоспа ең кемі екі заттан тұратынын, оның біреуі — негізгі зат, екіншісі қосымша деп аталатынын біледі.

Қоспаның қасиеттерімен танысу үшін темір мен күкірттің қоспасын зерттейтін зертханалық жүмыс өткізіледі. Оқушылар алдымен күкірттің, содан соң темірдің, ақырында екеуінен түратын коспаның қасиеттерін зерттейді, оларға судың жэне магниттің эсерін байқайды. Бақылау нэтижесін кесте түрінде жазады. Зертханалық жұмыстан шығатын қорытынды: қоспада оның қүрамына кіретін эр заттың қасиеттері сақталады. Табиғатта заттар көбінесе қоспа түрінде кездеседі.

Зертханалық және көрнекі көрсетілетін тәжірибелер кезінде оқушылар химиялық стакандармен, сынауықтармен, колбалармен, жай жэне бөлгіш воронкамен, сауыттармен, термоскоппен, сүзгі қағаздармен, т.б. жүмыс істеуге үйренеді. Тұндыру, сүзу, буландыру, қүрғату, айдау тәсілдерімен, қыздыру аспаптарымен танысады. Мұғалім олармен жүмыс істеу кезіндегі сақтық шараларына назар аударады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *