Кусаинова М.К, Ташметов К.К
Кҿкшетау қ., Ш. Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
meirgul.91@mail.ru
Еңбек нарығы кҿпқырлы, біртекті емес ҽлеуметтік-экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде еңбек күшімен қамтамасыз ету жҽне қолдануды жүзеге асырып отырады. Ғылыми-техникалық, технологиялық, технологистикалық жҽне ақпараттық прогрестің дамуына байланысты еңбек нарығының рҿлі артуда. Сондықтан белсенді экономика салаларын жоғары квалификациялы мамандармен қамтамасыз ету қажеттілігі туындып отыр. Қазақстандағы мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылатын еңбек потенциалын тиімді пайдалану — ҽлеуметтік бағдарланған мемелекетті құрудағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Мысалы, «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты» Стратегиясында еңбек нарығын модернизациялау жҽне халықтың ҽлеуметтік жағдайын жақсартуға мҽн берілді.
Қазіргі таңда Қазақстанда экономикалық белсенді халықтың үлесі 2016 жылғы деректер бойынша 9 млн адамды құрады, бұл бес жыл бұрынғы кҿрсеткішпен салыстырғанда 1,9 % -ға жоғары, дегенмен жалпы халықпен салыстырған үлес салмағы азайып, 70% құрады. Экономикалық белсенді халықтың ішінде 8,6 млн адам экономикалық қызметпен айналысатындар, ал қалған 0,5 млн адам – жұмыссыздар. Жұмыссыздық мҽселесі маңызды ҽлеуметтік –экономикалық мҽселелердің бірі болып отыр. Соңғы үш жылда жұмыссыздық деңгейі 5% кҿрсетті, 2012 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға тҿмен [1] .
Елдің экономикалық дамуының маңызды кҿрсеткіші халықтың салалар бойынша құрылымы болады, 2016 жылғы деректер бойынша еңбек нарығындағы адамдар ауыл шаруашылығында (16,2%), сауда (15,3%),ҿнеркҽсіпте (12,7%), білім беру саласында (12,1%) жұмыс істейді. Ең тҿмен кҿрсеткіштер жылжымайтын мүлік саласы, ақпарат саласында — 2%-дан тҿмен [1] .
Егер жеке жұмыс түрлерін қарастыратын болсақ, онда ақпаратпен, құжаттармен жұмыс жасайтын адамдар шамамен 2 есеге ҿсті. Бес жыл ішінде орташа алғанда операторлар, аппаратшылар, машинист жҽне құрастырушылар саны 8,4%-ға, қызмет кҿрсету саласындағы, тұрғын-коммуналды, сауда саласындағы адамдар саны 4,3%-ға ҿсті. Соның ішінде қысқартуға ұшыраған адамдар ауыл шаруашылығы (–17,4%) саласына жҽне біліктілігі жоқ (–5,1%) адамдарға тиесілі[2]. Елдегі еңбекақы мҿлшерінің ҿзгерісін қарасақ, орташа айлық номиналды жалақының мҿлшері 2012 жылғы 101,3 мыңнан 2016 жылы 1,4 есеге ҿскенін кҿруге болады. Бұл кҿрсеткіш аймақтар бойынша біркелкі емес, Атырау, Маңғыстау облыстарында жҽне Астана қаласында айлық мҿлшері 200 мың теңгеден асса, Жамбыл, ОҚО жҽне СҚО бұл кҿрсеткіш 2,5 есе аз [2] .
Салалар бойынша ең жоғары еңбекақы тау-кен ҿндіру, техникалық қызметтер саласында, ал ең тҿмен деңгей ауыл шаруашығында жҽне білім беру саласында.
Сонымен қатар халықтың еңбек етуі толық жҽне жартылай еңбекпен қамтылуы болуы мүмкін. Қазақстанның еңбек нарығы дамуының қазіргі сатысында толық еңбекпен қамтылғандар 6% -ға (немесе 456 мың адамға) ҿсті жҽне жартылай еңбекпен қамтылған адамдар саны 45% -ға (немесе 372 мың адамға) азайды. Бұл жартылай еңбекпен қамтылған адамдардың қосымша табыс кҿздерінің болуының белгісі. Қосымша жұмыста еңбек етуші адамның орташа жұмыс күнінің ұзақтығы 12-13 сағатты құрайды, сонымен қатар қазақстандықтардың 298 мыңы қосымша табыс табу үшін артық уақыт жұмыс істеуді қалайды.
2016 жылдың аяғында 660 мың адам белгіленген еңбек күнінің ұзықтығынан аз еңбек еткен. Оның 180 мыңы күніне 10 сағаттан аз уақыт жұмыс істеген [2].
Халықаралық еңбек ұйымының еңбек Концепциясына сҽйкес лайықты еңбек деп тҽуелсіз, ҽлеуметтік ҽділетті жҽне тең құқықты еңбекті айтады. Лайықты еңбек жағдайларының сақталуы тұрғындардың ҿмір сүру сапасы мен ҿмір салтына байланысты [3].
Сонымен, соңғы бесжылдықта тұрақсыз экономикалық жағдайлар кезінде еңбек ҿнімділігі тұрақсыздық кҿрсетіп, жекелеген жылдары тҿмен кҿрсеткіштерді кҿрсетті (шамамен 4 %).
Қазақстан аумағы бойынша табыстың теңсіздігі азайып келеді. 2012-2016 жылдардағы кейбір кҿрсеткіштер табыстың кҿп бҿлігінің ең бай адамдарда шоғырлану үлесінің азайғандығын кҿрсетті.
Гендерлік теңдік те еңбек ҿнімділігі мен лайықты еңбек ағдайларының факторы болып табылады. Гендерлік теңсіздік 2012 жылы 30,5%-дан 2016 жылы 33%-ға ҿсті, яғни ер адамдардың еңбекақысы сол жұмыстағы ҽйел адамдармен салыстырғанда жоғары [1].
Лайықты еңбек жағдайларының маңызды критерийлерінң бірі қауіпсіз еңбек жҽне күзет шарттары болып табылады. Барлық салалар бойынша қауіпті еңбек жағдайларында қызмет ететін адамдар ішінде ер адамдардың үлесі ҽйелдермен салыстырғанда 2 есе кҿп. Дегенмен, денсаулық сақтау жҽне тамақтану салаларында қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін ҽйелдер саны басым. Жалпы алғанда, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін орындарда ҽр жетінші ҽйел жҽне ҽр тҿртінші ер адам жұмыс істейді.
Шу, ультрадыбыс жҽне вибрация ҽсер ететін жұмыста барлық еңбек етуші адамдардың 9,5% ( 2012 ж. – 8,1%), газдану жҽне шаң-тозаң жағдайында 7,5% (2012 ж. – 7,8%), қолайсыз температуралық режим жағдайында 3,6% ( 2012 ж. – 3,8%) еңбек етеді.
Қауіпті жҽне зиянды ҿндіріс орындарының жұмысшыларына 99,7 млрд теңге ҿтемақы жҽне қосымша тҿлемдер тҿленген,бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есе кҿп.
Еңбек етушілердің 18%-ы ҿтемақылардың кем дегенде бір түрін алады. Ең қауіпті жҽне зиянды ҿндіріс орындарында қосымша демалыс түріндегі жеңілдік беріледі. Қауіпті жҽне басқа да қолайсыз еңбек жағдайлары үшін 381,6 мың адам (10% )қосымша тҿлем алған, 315,2 мың адам тегін сүт немесе тамақ түрінде (9%) жеңілдік берілді.
Сонымен қатар ҿндіріс орындарында жарақат алу салдарынан ҿлім кҿрсеткіштері тҿмендеген. Мысалы, 2011 жылы 100 мың еңбек етушіге 11 адамнан келсе, 2015 жылы сҽйкесінше 6 адамға азайған.
Лайықты Еңбек Концепциясына сҽйкес, жұмыс тек табыс кҿзі ғана емес, сонымен қатар жеке құндылықтар, отбасы мен қоғам тұрақтылығының негізі, сонымен қатар экономикалық ҿсімнің қозғаушы күші.
Сҿйтіп, еңбек нарығының экономикалық жҽне ҽлеуметтік тиімділігін қамтамасыз ету үшін үкіметтің саясаты еңбек нарығын оңтайландыруға, еңбек жағдайларын қалыптастыруға жҽне ҽлеуметтік қамсыздандыруға бағытталуы тиіс.
Әдебиеттер:
1. Электронды ресурс-Қазақстан статистика агенттігі – www.stat.kz
2. Современное состояние рынка труда в Казахстане: брошюра / Под ред. З.К. Шаукеновой. – Астана: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2017
3. Человеческие ресурсы страны: сущность, особенности и принципы развития в условиях глобализации. //Труд в Казахстане, Б.Татибеков. — 2004. — №2. — С.4.