СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ ТҰЛҒАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

 

Идрисов Р.А.
Ш.Уҽлиханов ат. Кҿкшетау мемлекеттік университеті, Кҿкшетау қ.
Tarikhirashidi71@mail.ru

«Қырылғанда ел бағына туған ұл,

Ердің ері сынбай шыдар сынға бұл,
Ел шындығын, сор мен бағын саралап,
Мҽскеуден де, таскеудеден тайсалмай,
Саңқылдаған ақ сұңқардай Смағұл,
Асып туған асыл ері Алаштың,
Маңдайында жұлдыз болып тұрған ұл,

Смағұлдың құрметіне жас ұрпақ
Қойса деймін шын ниетпен шыңға гүл!»

Баянғали Әлімжанов.

Ҿмірде адам жұрттан, айналасынан кҿп оқшауланбайды, оның ҿсуі де, ҿшуі де қоршаған ортасымен байланыста кҿрінеді. Сабақтастық, қарым-қатынас, мұрат бірлігі нҽтижесіне жіті назар аударған жҿн. Бұл күрделі кезеңнің келбетін анық тануға, тұлғалардың мың сан байланысының іргелісін анықтауға мүмкіндік береді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы «тар заманда» қайраткерлердің ҿмірі мен шығармашылығы да ҿзіндік ҿзгешеліктерімен айқын кҿрініп, қазақ қоғамына, руханият ҽлеміне еркін енді, мысалы, М.Шоқай, Ҽ.Бҿкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Ҽуезов, Қ.Кемеңгеров, С.Қожанов, Т.Рысқұлов т.б. Алаш алыптары арасына қайраткерлігі мен қаламгерлігі қатар кҿрініс тапқан, ұлттық болмысты жаңғыртуға қызмет еткен, «елі үшін күйген» — Смағұл Сҽдуақасов есімі мен еңбегі айрықша назар аудартады жҽне осы қатарға қосуға ҽбден құқығымыз бар[1:160].

С.Сҽдуақасовтың ҿмірі мен қоғамдық қызметіне сипаттама берген «Қайраткер Садуақасов» атты тұңғыш мақала 1988 жылы «Қазақ ҽдебиеті» газетінде жарияланған еді. Оның авторы – жазушы, журналист, зерттеуші Б.Қойшыбаев. Сол жылдан бастап қайраткер қаламгердің ҿмірбаянын нақты деректермен толықтырған алғашқы мақала авторы филолог Б.Дҽрімбетовтің соғыс жҽне еңбек ардагері экономист Н.Сансызбаевтың еңбектері баспасҿзде жарияланды [2]. Бұл азаматтарымыз С.Сҽдуақасов ҿмірі мен мұрасын зерттеуде, насихаттауда нҽтижелі еңбек етіп, «Жалын», «Қазақстан коммунисі» беттерінде жарияланған мақалаларында Смағұлдың Голощекинмен келісе алмай, қатты ұстасқан негізгі мҽселелері – мекемелерді, аппараттарды жергіліктендендіру (коренизация), интеллигенцияға кҿзқарас, байларға кҿзқарас, ҿндіргіш күштерді дамыту деген үш-тҿрт қоңыраулы тақырыпты алға тартады.
Қазақстан тарихында С.Сҽдуақасов туралы жазуда 1990 жылдары жаңа белес басталды. Бұл еңбектерде енді кҿбіне қайраткердің жеке ҿмірі де қарастырыла бастады. Мысалы, сондай еңбектердің біріне профессор Қ. Қ. Ҽбуевтың «Жизнь и судьба» атты мақалаларын жатқызуға болады [3].

Тарихшылардың біраз еңбектері Смағұл Сҽдуақасовтың қызметтік жолының аспектілерін айқындаушы болып, жарыққа шыға бастады. Мысалы осы жылы шыққан Б.Қойшыбаевтың тағы да ҿзінің «Жазықсыз жапа шеккендер» атты кітабының «Смағұл Сҽдуақасов» деген үлкен тарауда автор қайраткердің қызметі, жеке ҿмірі, отбасы, қоғамдық саяси ҿмірге араласуы, оның «Ұлттар мен ұлт адамдары туралы» атты мақаласына талдау жасайды. Сол сияқты тарихшылар М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтің 1993 жылы шыққан «Тарих тағылымы не дейді?» атты еңбекте, М.Қойгелдиевтің «Садуақасов не үшін күресті?» деген үлкен бір тарауда оның ҿмірі мен қызметі жҽне 20-жылдардағы ауыл проблемаларын жҽне осы ауыл жағдайын жақсартуда Сҽдуақасовтың жасаған шараларын жазып ҿтеді. Сондай-ақ Смағұл мен Голощекин арасындағы дау жҽне Голощекиннің Сҽдуақасовты не үшін қудалағаны сияқты мҽселелерді де айтады[4].

Смағұл Сҽдуақасұлының ҿмірі мен шығармашылығын зерттеушілердің бҽрі де оның осы бекзат қасиетіне тҽнті. Смағұлдай арда ұлдың халқына қайта оралуына, асыл бейнесінің ұлт жүрегіне ұялауына кҿп еңбек сіңірген, оның мұрасын ширек ғасырдай уақыт зерттеп, екі томдық еңбегін шығарған, бір монография жазған, жастайынан тағылымды сҿз сабақтап, терең ой айтып жүрген ұлтжанды ғалым Дихан Қамзабекұлының еңбектерінде де оның осы қасиеті айрықша ҽспеттеледі. Сондай-ақ ҽдебиетші Д. Қамзабекұлының «С.Сҽдуақасұлы» атты 1996 жылы шыққан кітабында оның ҿмірі жайлы, қоғамдық-саяси қызметі жҽне ол қалдырған мол мұра, яғни шығармашылығын жазады. Сонымен бірге С.Сҽдуақасовтың мұрасын болашақта қалай зерттеу керек екендігін айтып ҿтеді. Мысалы ол: «Смағұл еңбектері тарихи дерек кҿзі ретінде қарастырылуы керек. Қазақтың жер мҽселесі тарихын ҽуезе еткен мақала, еңбектері қазірше ҿз зерттеушісін күтіп жатыр…»,-деп Д. Қамзабекұлы тарихшыларымыздың алдына үлкен міндет қояды. Сол сияқты оның 1997 жылы шыққан «Руханият» атты кітабындағы «Мұхтар мен Смағұл» деген бҿлімде негізінен екі қайраткердің ұқсас тұстары туралы айтылды жҽне олардың арасындағы достық қатынас, бір-біріне жазған хаттары да бар. 2003 жылы осы автордың «Смағұл Сҽдуақасұлы» атты екі томдық шығармалар жинағы жарық кҿрді. Олардан басқа Д. Қамзабекұлының Садуақасов жайында жазған кҿптеген мақалалары жҽне еңбектері маңызды болып келеді[5:25].

Атап ҿтетін болсақ, «Смағұл Садуақасов» атты ғұмырнамалық деректі еңбек, «Алаштың ұлы Смағұл», «Смағұлдың хаттары», «С. Сҽдуақасовтың кҿсемсҿз мұрасы», «Мұхтар мен Смағұл», «Тарихты жазған тарихта қалған тарланбоз» жҽне тағы басқа да мақалалары «Қазақ тарихы», «Жұлдыз», «Ақиқат» журналдарының беттерінде жарияланды. Жалпы, Смағұлтанудың ірге тасын қалауда Д.Қамзабекұлының еңбегі зор деп айтуға болады жҽне ол ҿз жалғасын табуда.
Смағұл Сҽдуақасұлының қайраткерлігін 1989 жылдан бері терең зерттеп келе жатқан профессор Мҽмбет Қойгелдиев, қайраткердің ҽдеби шығармашылығын зерттеп, еңбектерін екі том етіп шығарған, үлкен монография жазған профессор Дихан Қамзабекұлы, профессорлар Талас Омарбеков, Дана Махат, Тұрсын Жұртбай, ҿзге де ғалымдар мен сҿйлеушілер жан-жақты атап кҿрсетті. Ҿкініштісі, қазақ қайраткерлерінің Кеңес ҿкіметі идеясына негізделген күллі жасампаздық ниеттерінің жүзеге асуына тосқауыл кҿп еді. Таптық кҿзқарасқа иек артқан большевизм ұлттық тұтастықты кҿздемейтін. Алаш жұртының ұраны іспетті арыстар –тарихи тұлғаларды тану, зерделеу мҽселелері біршама уақыт алатыны айқын, соған қарамастан, сіңірген еңбектері жаңғырып сҿз бола бастаған, еліміздің сондай бірегей ұлдарының бірі

– С.Сҽдуақасұлының ҿмір жолы. Оның қызметі азаматтық, елшілдік рухты, ұлтшылдықтың шын мҽнінде не екендігіне, қалай қалыптасатындығының мысалы жҽне қазіргі заман ұрпаққа үлгі бола алады. Ал ол баға тарихта ұрпақтар жадында қалса, тҽуелсіз ел болған бүгінгі күнде күллі ұлт білуі тиіс тұлға ретінде танылуы тиіс. Халқының перзенті Смағұл Сҽдуақасұлы мұраларының тҽуелсіз еліміздің дамуына, рухани байлығымыздың артуына кҿп пайдасы болғандығы айқын.

С. Садуақасов қандай мемлекеттік қызметте жүргеніне қарамастан басты мақсаты – қарапайым халықтың ҽлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту болды. Егер ҽділетсіздік кҿрсе, шындықты айта білетін азамат болатын. Ол ҿзінің «О национальностях и националах» атты мақаласында Кеңестік жүйенің, оның ішінде сол кезде Қазақстанды басқарып отырған Ф. Голощекиннің жүргізіп отырған теріс саясаттарын ашық түрде ҽшкерлейді. С. Садуақасовтың ойынша, Кеңес одағына кіретін барлық республикалар теңдей дҽрежеде даму керек. Орта Азия республикаларының бұрынғы империялық дҽуірдегідей шикізат аймағы болып қала берсе, онда жаңа жүйенің сол кездегі биліктен айырмашылығы жоқ екенін ашық айтты.

Кеңестік дҽуірде аты аталмағандар қазақ елі ҿз егемендігін алып жариялықтың арқасында тарих сахнасына қайта шықты. Халқымыздың жарқын болашағы үшін осылайша жан қиярлықпен күрескен тұлғалардың бірі болып Смағұл Қазақстанға большевиктердің саясатын терең жҽне жан-жақты талдай келе, Қазақстанды дамытудың ҿзіндік Тұжырымдамасы мен Бағдарламасын ҽзірлеп, ұсынды. Казрайком Бюросының мүшесі бола отырып, ол Голощекин бастаған Қазақстан басшылығының саяси курсының («Кіші Қазан» идеясының) қасіретке алып келетінін біріншілердің бірі болып кҿре білді, дұрыс бағалай білді. Ал, бұл курс Сталиннің ҿзімен бекітілген болатын. Ол заманда большевиктердің саяси басшылығына, ҽсіресе Қазақстанда жүйелі түрде қарсы шығу — бұл құбылыс болатын, бұл ерлік болатын! Смағұл Сҽдуақасовтың ұлылығы мен ерекшелігі осында. Жас мҿлшері, білімі мен таланты жағынан Смағұл Сҽдуақасовты ұлтымыз-дың тағы бір ғұламасы Шоқан Уҽлихановпен жиі салыстырады. Бірақ Смағұл Сҽдуақасовтың басты ерекшелігі — бұл оның саяси шешімдері мен саяси бағадан қателеспегендігі. Оның жүз жылға жуық уақыт бұрын жасаған түйіндері, сол уақытта объективті жҽне дұрыс болса, бүгін де олар ҿзекті болып табылады. Ол саясатта да адасқан жоқ. Республика басшыларының бірі жҽне жоғары мемлекеттік лауазымдарда бола отырын, ол жайбарақат ҿмірдің қызығына салынған жоқ, пендешілікке барған жоқ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ―Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру‖ атты бағдарламалық мақаласы ҽрбір қазақстандықтың жүрек түкпірінен орын алып, рухын кҿтеріп, санасын жаңғыртты. Рухани жаңғыру – ол ұлттық жаңғыру. Осы тұста қазақ халқы жҽне оның келешегі үшін адал еңбек еткен Смағұл Сҽдуақасовтай тұлғаны, оның негізгі ойлары мен тұжырымдары ҽсіресе жастардың жадында мҽңгілікке қалдыру үшін кҿп жұмыс атқарылуы қажет. С.Сҽдуақасұлы ҿз елінде қызметінен айырылып, ҿмірінің соңына дейін қуғын кҿрсе, ал қазір біз қазақ ханы С.Сҽдуақасұлын олай болмай қазақ елінің қоғам қайраткері ретінде үлкен баға беріп тарих бетіне қалдырып отырып, ҿзі сіңірген еңбегі ҿлмеді[6:47].

Смағұл Сҽдуақасовтың ҽдеби шығармашылығындағы негізгі мақалалары мен еңбектері: «Ауылдағы жастар туралы», «Жастар съезіне» (1920), «Кҿтеріл, жастар!» (1920), «Ҿткен күндер һҽм болашақ»(1922), «Жастарға жаңа жол» (1924), «Кооперация һҽм қазақ шаруасы» (1924), «Жастармен ҽңгіме» (1925) жҽне т.б. кҿбінесе жастарға, яғни елдің болашағына бағытталып арналған болатын. Осыдан Алаш қайраткерлері басты тарихи-мҽдени қызметтерін атқарды деуге болады. Ол халқымыздың азаттық жолындағы ҿздеріне дейінгі құндылықтарын саралап, олар туралы ҿз ойларын басылым беттерінде білдіріп үлгерді. Сол миссия арқылы ҿздерінің заманы мен біздің Тҽуелсіз Ел заманымыздың арасына кҿпір салып кетті деуге толық негіз бар. Соның арқа-сында ұрпақтар сабақтастығы жұқарса да, үзілмеді.

Бүгінгі уақыттағы ел алдындағы мҽселелер мен бағыт-бағдарлар да негізінен ҿзектілігін жойған емес жҽне қоғамды жаңарту мен дамытуға жаңғыру үстінде.

Әдебиеттер:

1. Б.Дҽрімбетов. // «Жалын» 1990, № 3. Н.Сансызбаев. // Қазақстан коммунисі» 1991, № 4.

2. Сҽдуақасұлы С. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1993
3. Қ. Қ. Абуев //. Степной маяк. «Жизнь и судьба». Кокшетау.1993.29.05.
4. Қойгелдиев М., Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993

5. Қамзабекұлы Д. Руханият: (Мақалалар мен зерттеулер). – Алматы: «Білім», 1997. – 272 бет.

6. Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасұлының бай мұрасын қалай зерттеу керек? // Қазақ тарихы, 1994 ж. №2, 47 бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *