БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ІРІ ӨКІЛІ – ИСАТАЙ КЕНЖАЛИЕВ

 

Ихсанова А.Б.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.,
М.Ҿтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
raymoon@list.ru

Қазақстанда тарих ғылымының Кеңестік дҽуірде қалыптасып, дамуына ҿз еңбектерімен, зерттеулерімен елеулі үлес қосқан ғалымдардың үлкен шоғыры ҿсіп шықты. Олар Отан тарихы бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, республикамыздың ғылымы мен мҽдениетінің ҿркендеуіне бар күш-жігерлерін жұмсады. Осыдан-ақ, қоғамның прогреске ұмтылған талпынысын шапшаңдатуға ықпал ететін, ҿздерінің кҿрегендігімен ҿмір сүріп отырған кезеңінің бет-бағдарын анықтайтын негізгі күш – интеллигенция екендігін байқаймыз жҽне интеллигенция ҿкілдерінің тарихын зерттеу, олардың ролі мен ғылымға қосқан үлесін зерделеу, кейінгі ұрпақ үшін маңызды міндет екендігін түсінеміз.

Қазіргі еліміздің тҽуелсіздік алған жаңа ҿзіндік даму жолын таңдаған тұсында ұлттық интеллигенцияның атқарар қызметі ҿлшеусіз, оларға артылар жүкте аса ауыр. Ҿйткені, Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ҽ. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық интеллигенцияның рҿліне ерекше тоқталды. Жолдауда Қазақстан халқының бағыт алып, бой түзеуге тиіс заманның жаңа қаһармандарын танымал ету қажеттілігі баян болды. Осы мҽселе тұрғысында рухани дамуда интеллигенцияның рҿлін айқындап берді: «Интеллигенция қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Олар заманға сай жҽнеболашаққақұлшынысты болуға тиіс. Біз жастарымыз бағыталып, бой түзеуге тиіс ҿз заманымыздың жаңа қаһармандарын кҿрсету жҽне жасауымыз керек. Интеллигенция менің пайымдауымдағы Қазақстан-2050Жаңа саяси бағыты негізінде ел болашағының ментальді, дүниетанымдық үлгісін жобалауда негізгі рҿлді қолға ала-алады жҽне алуға тиіс», — деп сенім білдіреді [1].

Интеллигенция – «латынша түйсікті ойшыл, есті білімпаз» деген сҿз. Зиялылықты адамдар ҽр заманда ҽртүрлі қабылдады, ҿзінше бағалады. ХХІ ғасырда Еуропа елдерінде «интеллигентті» дегеннің орнына «интеллектуалды» деген терминді пайдалану сҽнге айналған. Арасында айырмашылық жоқ. Дегенмен, «интеллектуалды» деп тек саналы, жан-жақты білімді адамдарды атайды. Интеллигенцияның тарихына үңілетін болсақ, оның алғашқы мағынасы қоғам үшін, оның дамуы үшін үлесін қосатын, қоғамның белгілі бір бҿлігін құрайтын топтың ең кҿрнекті, таңдаулы ҿкілдері. Қашанда ұлттың бірлігі, халықтың рухы ел басына күн туғанда сыналады. Сол кезде ғана олардың шынайы бет бейнесі айқындалып, ел бастаған жанашырлардың озық ойлы тобы қалыптасады [2].

Қазақ интеллигенциясының ҿкілдеріҿзі туған халқының ҿткен тарихын кейінгі ұрпаққа сол алғашқы қалпында еш бұрмалаусыз кҿрсетуді, тарихи оқиғаларды архив құжаттары, нақты деректер арқылы жеткізуді басты мақсат етіп алған. Туған жердің тарихын жандандыруда, тарихи сананы қалыптастыруда зор еңбек сіңірген ҿлкемізден шыққан интеллигенция ҿкілдерінің бірі – тарих ғылымдарының кандидаты Исатай Нҽсекенұлы Кенжалиев.

Исатай Нҽсекенұлы 1927 жылы 10 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданының Беркҽлі бҿгетінде дүниеге келді [3: 315б.]. Оның балалық кезеңі соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Исатай Нҽсекенұлы елдегі қиын жағдайға қарамастан алғыр да зерек бала болып ҿсіп, еңбекте де ересек адамдармен қатар бірге жүрді.

И.Кенжалиевтің ҿз қолымен толтырылған ҿмірбаянында кҿрсеткендей, ҽкесі – Насиболла Кенжалиев ауылда ұстаз, ал анасы – Уабила қарапайым, алайда кҿзі ашық, кҿкірегі ояу адам болған. Ҽкесінің жұртшылықта болуы, бала тҽрбиесін толықтай анасының қолына алуына себеп болды. Ұлынан білімділік пен біліктілікті талап еткен анасы Уабила кҿзі кҿріп, қолына түскен кітаптарды ұлына ҽкелетін, ондағы ойы баласының білімді болуына кҿмектесу [4: 8б.]. Осылайша, болашақ ірі тұлға ретінде қалыптасуына алғашқы түрткі болған ол ата-анасы.

Исатай Нҽсекенұлы 1935 жылы орыс мектебінде оқи бастап, 1937 жылы Казталовкада жалғастырады. 1942 жылы Ҽжібай қонысында 7 класс бітіріп шығады да, Киров колхозына жұмысқа орналасады.

Соғыс аяқталған кезде оқуын аяқтауға тырысқан Исатай Нҽсекенұлы 10-шы сыныпқа оқуға түседі. Үзіліп барып жалғасқан оқу арнасын тауып, мектепті үздік бітіріп, 1947 жылы Орал педагогикалық институты тарих факультетіне қабылданды. Оқу қадірін біліп, жасы ересек тартып барып қолы жеткен студенттік жылдарды да барынша мазмұнды, жемісті ҿткізуге тырысты. 1951 жылы оқуын тҽмҽмдап, ҿзінің туған жеріне жұмысқа орналасады. Казталовкаға оралған Исатай Нҽсекенұлының еңбек жолы ҿзі оқып шыққан орта мектебінде инспектор қызметінен басталды. Богатырев ауылында мектеп директоры болып қызмет атқарғаны да бар. Құрылыс материалдарының тапшылығы кезеңінде мектеп салып, үлкен ерлік жасағандай болды. Исатай Нҽсекенұлының еңбегін ескерген ауыл парткомы оған аспирантураға жолдама береді. 1954 жылы Алматыға келіп, бірден аспирантураға түсе алмаған тарихшы, елге бірден қайтпады. Нарынкҿл ауданының Сарыжаз орта мектебінде қызмет етеді, бір жағынан аспирантураға түсуге дайындықты қолға алады [5].

1955-1958 жылдар аралығында Алматы қаласындағы облыстық оқу бҿлімінде, яғни мұғалімдердің біліктілігін арттыру иститутында тарих кабинетінің ҽдістемелік меңгерушісі қызметін атқарады. 1958 жылы Алматы қаласының Фрунзе ауданының №60 мектебінде директорлық қызмет атқарып, 1959 ж Ленин ауданының №70 орта мектебіне тарих пҽнінің мұғалімі қызметіне ауысады. Ал, 1960 жылы ол кезде С.М.Киров есімімен аталған қазіргі ҽл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне аспирантураға түсіп, 1964 жылы аталған жоғары оқу орнының тарих факультетінің толық курсын тарих мамандығы бойынша жақсы жҽне үздік бағалармен бітіріп шығады. Сондай-ақ,

1970-1975 жылдар аралығында тарихшы Исатай Нҽсекенұлы Ауылшаруашылық институтының сырттай бҿліміне түсіп, «ауыл шаруашылық ҿндірісінің экономист-ұйымдастырушы» мамандығын алып шығады.

1965 жылы Алматы ауыл шаруашылық иснтитутының КОКП тарих жҽне философия кафедрасының оқытушысы қызметіне орналасып, философия, ғылыми коммунизм жҽне КОКП тарихы пҽндерінен семинар сабақтарын жүргізді. 1969 жылы ҽріптестерінің ұсынысымен аға оқытушылық дҽрежесіне ие болады. Осы кезенде ол, Абилов X., Лившиц В.М., Сабиров М.Д. Арыстанбеков, Никитин В.С., Османов Э.Р., кейін Молдабаев Ф.Н., Кулекенов М.Р., Чернов К.Ф., Джаманкулов С.Д., Иксанова З.И., Зеленская И.Н., Устименко Е.А., Ниязова М.А., Асанов А.Х., Жетыбаев А.К., Рукин В.А., Ли Хан-Сен, Канаев А.С., Кумаров М.Ш. жҽне т.б. профессор-оқытушылар құрамымен жұмыс жасап, ҽріптестер тарапынан жақсы пікірлерде болады.

Еліміздің іргелі жоғары оқу орнындарының бірі, яғни Алматы ауылшаруашылық иснтитутында он жеті жыл сабақ беріп, 1983 жылы ақпан айында И.Кенжалиев Алматы Энергетика институтына ауысады. Аталған оқу орнында маркстік-лениндік кафедрасында аға лаборант болып жұмыс жасайды. Сондай-ақ, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің мұрағатында сақталған жеке қорында: «…За время работы в Алма-Атинского энергетического института товарищ И.Кенжалиев аккуратно выполняет поручения кафедры, помогает в учебном процессе, составлял планы секции, семинарских занятий, принимал участие и в дургих учебно-методических пероприятиях. И.Кенжалиев активно участвует в общественно- педагогической работе, помог в налаживании работы первичной организации общества «Знание» АИЭ. В составе идеологической комиссии цеховой парторганизации кафедр общественных наук АЭИ оказывает помощь в проведении идейно-воспитательной работы среди студентов. Постоянно работает над повышением своего идейно-теоретического уровня…» — деп АЭИ-ның ректоры А.В.Болатов И.Кенжалиевке осындай мінездеме береді [6: 19б.]. Бұл мысалдан И.Кенжалиевтың ҿзінің қызметі мен бірге ұланғайыр қосымша қоғамдық жұмыстар да атқарғанын байқаймыз.

И.Кенжалиевтың ұстаздық қызметі туралы сҿз етілгенде, кҿрнекті ғалымның студент жастар алдында Қазақстан тарихының бұған дейін белгісіз болып келген кезеңдері жҿніндегі оқыған дҽрістерін толықтырып тұратынын ерекше атап ҿту қажет деп есептейміз.Осы кезеңде ол жастарға бағыт беріп, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуда үлкен қамқоршы болды. Сонымен қатар бос уақыты бола қалса, кітапханаға барып, тарих, саясаттану, философия пҽндерімен білімін кҿтеріп, ізденушілік талабы мен зерттеушілік талғамын шыңдауының нҽтижесінде ғылыми жұмысын оқытушылық-педагогикалық жүйемен тығыз ұштастыра білді.Сондықтан да болар, білікті педкадр қатарында болып, Алматы қалалық, аудандық комитеттері, ректораттар құрмет грамоталарымен, ақшалай да заттай да сыйлықтар иеленіп жүрді [6: 22б.].

Ол педагог ретінде ұлт тарихын жастарға ұғымды жҽне ұтымды түрде қалай жеткізудің ҽдістері мен тҽсілдерін тиімді пайдаланып қана қоймай, Қазақстан тарихының зерттелмеген кейбір мҽселелеріне ден қойып, үнемі ізденіс үстінде болды.Кешегі кеңестік ҽміршілдік жүйенің ҿзінде ұлтымыздың тарихи кезендерін дҿп басып, шындықты шырылдап тұрып жазған тарихшыларымыздың болғаны белгілі десек, солардың қатарында Исатай Кенжалиевтың жүргенін, тек оның мақалаларын оқыған біледі. Кҿзі ашық, кҿкірегі ояу ғалым, күнделікті ҿмірде айналасында болып жатқан күрделі ҽлеуметтік-саяси жағдайларға үнемі қатынасып отырды, ҿзінің келелі ойларымен бҿлісіп, мақалалар жазып оқырмандарды тарихи зерделеуге шақырды.Мҽселен, 1954 — 1956 жылдары Қазақстанда жүргізілген тың жҽне тыңайған жерлерді игерудегі солақай саясат жҽне империялық сананың күшейгенін ерте аңғарған ғалым, оның жағымсыз жақтары қазақ жерінің орынсыз жыртылуы, дала тҿсіндегі ата-баба бейіттерінің орасан зор зҽбірленуі туралы қарсылық білдіріп, жаңа жерлерді игеруге Ресей мен Қытайдағы қазақтарды кҿшіру тиімді деп 1956 жылы Н.Хрущевке хат жазады. Алайда жауап ала алмады [4: 10б.].

60-жылдары КСРО мен Қытай арасының суынып, шығыстан Қазақстанға соғыс қаупі күшейгенде, жеріміздің жақындығы ғалымды ойландырды, үлкендермен ақылдасып сҿйлесті, олардың айтары ұлтты біріктіретін саяси күш пен ҽскери күш Мҽскеуде еді. Осындай шарасыздықтан ғалым КОКП саяси бюросына хат жазып, шығыстағы қауіпті сейілту үшін Қазақстанда ҽскери округ құру жҽне ҽскери оқу орындарын ашу, ұлттық ҽскери кадрларды дайындауды қолға алу, осылайша саяси мүмкіндікті пайдаланып, оның қажеттілігі мен тиімділігін айтып мҽселе кҿтерді [4:11б.].

Исатай Кенжалиев қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қалалық ҽкімдік жанындағы ономастикалық комиссияның мүшесі болды. Қалалық, аудандық, облыстық кҿлемдегі су, жер т.б. атаулардың шығу тарихын мұқият қадағалап, оның дұрыс-бұрысын тарихи деректі құжаттармен дҽлелдеп, жариялады. Сондай жұмыстарының бірі Алматы қаласының кҿшелерінің бірі «Ташкент» кҿшесін «Райымбек батыр» деп атауды, бейітін қоршап, мазар тұрғызылуын жиі айтып, ақыры 1991 жылы бұл ұсынысы орындалды [4:15б.].

Ғалымның тағы бір кҿтерген келелі мҽселелерінің бірі 1992 жылы 8 тамызда жарияланған «Халық кеңесі» газетінде «Астана кайда болуға тиіс?» деген мақаласы шықты. Онда еліміздің солтүстік облысындағы саяси жағдайдың қиындығын, ҽрі оны тұрақтандыру үшін кҿп шараларды жүзеге асырып, жақыннан оның орындалуын бақылау, демографиялық байланысты ҿзгерту т.б. үшін астананы Ақмолаға кҿшіру қажет деп жан-жақты дҽлелдеді. Бұл ұсыныс баспасҿз бетінде де, елбасы тарапынан да түсіністік тауып, батыл шешімін тапты [7].

Тарихшы-ғалым ҿзінің екінші мекеніне айналдырған Алматының тарихына құлшына кірісіп, жергілікті мерзімді баспасҿздерде публицистикалық мақалаларын жиі жариялап отырды. Мҽселен, «Алма-Ата» атауының транскрипциясын ҿзгертіп, ежелгі «Алматы» деп атау туралы жабыла жазып жатқан тұста, ғалым Исатай Кенжалиевтың ҿз ойын жария етпеуі мүмкін емес. Архивке барып, архив дерегін алға тартып, яғни «1853» жылы жазылған бір деректегі орыс офицерінің қаланы «Алматы» деп жазған дерегін кҿпшілікке ұсынды, сҿйтіп қала атауы үлкен даумен ҿз атауын алды [4: 16б.].

Алматыда жүріп қазақ зиялыларының ортасында ойып орын алған ғалым Исатай Кенжалиевтың ҿзгелер үлгі алар қырларының бірі, оның қоғамының тарихшысы емес, халқының тарихшысы болуы.

Исатай Кенжалиев Алматыда жүріп зейнетке шыққаннан кейін, 1995 жылы туған жері Орал қаласына оралып, қоныс тепті. Исатай Нҽсекенұлы келісімен-ақ, М.Ҿтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих факультетіне, оның ішінде Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушыларымен тіл табысып, еңбектене бастады. Кафедраның ғылыми жұмыстарына араласып, диссертациялық жұмыстарға ғылыми талдау жасау, пікір жазу, кеңес беру сынды жұмыстарға бел байлап, барлық бұл саладағы іс-тҽжірибесін жас оқытушылар мен ғалымдарға ҿнеге еткендей кеңестерін беріп отырды. «Дҽріс, семинар сабақтарын, арнайы курстар: «Бҿкей облысы туралы», «Батыс Қазақстан облысы» т.б. тақырыпта студенттерге арнап оқып келді. [8, 6 б.].

Ректорат, оның басшылары бұл ардагер-ұстаздың ғылыми жұмысқа тҽжірибесі мол екендігін ескере отырып, оған Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағын берді. Орал ҿңіріне келген келген бойда тыным таппай, Исатай Нҽсекенұлы кҿптеген зерттеу еңбектерін елге келіп, бірінен кейін бірін жазып, баспадан жиі шығара бастады. Осы жылдары ол «Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары» атты еңбегінен екі кітап, Махамбеттің 200 жылдығына арнап «Махамбет Ҿтемісұлы» атты монографиясын шығарды. «Махамбет толғаулары», сол жылы Атырауда ҿткен Махамбеттің 200 жылдығына орай халықаралық конференцияға қатысып, сыйлықтарға ие болды. Сол сияқты 2004 жылы университет жанындағы баспадан «Ғұмар Қараш» атты монографилық еңбегі жарық кҿрді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына орай, Кеңес Одағының Батыры М.Мҽметоваға арнап, «Мҽншҿк» атты еңбегін жарыққа шығарды. Исатай Кенжалиев ел арасында жүріп, естеліктер мен ғылыми зерттеулер жүргізді. Жинақталған құнды еңбектері 2006 жылы «Махамбет күйлері» атты жинақ болып шықты.

Тарихшы ғалымның ҽр жылдардағы жазылған еңбектерімен таныса отырып, Исатай Нҽсекенұлының ҿлке тарихы туралы еңбектерінің кеңестік дҽуірден бастау алғанына кҿз жеткізуге болады. Кеңестік дҽуірдің сонау 70 жылдарынан Исатай-Махамбет кҿтерілісін, Бҿкей Орда тарихын зерттеумен айналысып, содан 30 жылдай үзбей зерттеп Отандық тарихқа ҿзіндік үлес қосқаны сҿзсіз.

Тарих ғылымдарының докторы Х.М.Ҽбжанов «Тұлғасыз тарихтың шығыршығы айналмайды» дегендей, Отандық тарих ғылымының дамуына үлес қосқан, мемлекетімізде орын алған келелі мҽселелерді шешуде жетекші рҿл атқарғанын ескере отырып, Исатай Нҽсекенұлы Кенжалиевті Батыс Қазақстан интеллигенциясының ірі қайраткерлерінің бірі екеніне кҿз жеткіземіз.

Кейінгі жас ұрпақ, біздер үшін қазақ халқына тҽуелсіздік ҽкелген жаңа-ХХІ ғасырда ҿткен тарихымызды түгендеп, ой елегінен ҿткізіп рухани байлықтарымызбен қатар, сол байлықтарды жасап, зерттеп құнды-құнды еңбектер жазып қана қоймай, халқының жарқын болашағы үшін қызмет істеген біртуар азаматтардың, қоғам қайраткерлері мен интеллигенциясының есімдерін ел ішінде кеңінен насихаттау бүгінгі таңда атқарылуға тиісті кезек күттірмейтін басты міндеттердің бірі деп білеміз.

Әдебиеттер:

1 «Қазақстан – 2050» ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауы
2 http://akikat.kazgazeta.kz/?p=6650
3 Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы,
2002. – 592 бет

4 Шарафутдинов З. Бас тарихшы. «Орал», 2007 ж., 28 бет
5 Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты 450 қ, 1-т, 2-іс

6 Дүйсеналиева А.Д. «И.Кенжалиевтің Қазақстан тарихының зерттелуіне қосқан үлесі (ХVІІІ-ХХ ғғ.). -6М011400 – «Тарих» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дҽрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация. – Орал, 2017. – 19-22 б.

7 Кенжалиев И. Астана қайда болуы тиіс. // Халық кеңесі. – 1992 ж.8 тамыз
8 Қисметов Н. Тыным таппайтын ұстаз. //Орал ҿңірі. – 2007 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *