ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЖ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИАЛДЫҚ ӨЗГЕРТУЛЕР

 

Базаров Қ. Т., Алхабекова М.
Кҿкшетау қ., Ш.Уҽлиханов атыңдағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
kanat.bazarov.1957@mail.ru

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның тарих ғылымындағы басым бір бағыты Кеңестік мемлекеттің ҽкімшілік-территориалдық құрылысын зерттеу мҽселесі ҿзекті болып табылады. Мемлекеттің ҽкімшілік-территориалдық құрылысының қалыптасуында айтулы рҿл атқарған саяси фактор ел тарихындағы маңызды орын атқарды. 1920-шы — 1930-шы жылдардың соңы КСРО-да кең ауқымды жаңғырту процестері жүргізілген кезең ретінде белгілі. Елді жаңғырту (индустрияландыру, ұжымдастыру жҽне мҽдени революция) процессін жүргізу үшін биліктің барлық сатысындаталап етілетін басқару моделінқұру қажет болды: орталық, аймақтық жҽне жергілікті. Аймақтық басқару жүйесін құрастыру кезінде (РКФСР-ға тікелей кірген облыстар, ҿлкелер, АКСР), ондағы ҿзгерістер келесі бағыттар бойынша орын алды: мемлекеттік жҽне партиялық билік органдарының функциялары мен құрылымы,олардың бір-бірімен ҿзара ҽрекеттесу, кадрлық саясат, ҽкімшілік — территориалдық бҿлінуі.

Республиканың ҽкімшілік-территориалдық құрылымын жетілдіру жұмысы бойынша тұтастай алғанда, сондай-ақ оның жекелеген ҿңірлерінің — процесс тұрақты жҽне тҽжірибе кҿрсетіп отырғандай, ол ел экономикасының дамуымен, оның реконструкциясыментығыз байланысты. Кеңестік билік кезеңінің алғашқы онжылдығы елдің ҽкімшілік-аумақтық құрылымына үздіксіз эксперименттер жасау кезеңіболды, оның принциптері 1920-шы жжэкономиканыжедел түрде қалпына келтіру жҽне 1920-30-шы жж. кеңестік ҽкімшілік-командалық басқару жүйесін қалыптастыруқажеттілігінен туындады.

ХХ ғ. 20-жж. Қазақстанның ҽкімшілік-территориалдық құрылымы бірнеше рет ҿзгерді. Оның ресми себебі ескі жүйенің ҽкімшілік құрылғылары социалистік құрылыс міндеттеріне сҽйкес келмеуі.Реформа аясында губерниялар, уездер мен болыстар таратылды. Аймақтардың бірлестіктердің губерниялық жҽне уездік бҿліністері округ тік жүйеге ауыстырылды. Болыстар алдымен кеңейтілді, содан кейін кеңейтілген болыстар аудандар болып қайта құрылды.

Жаңа ҽкімшілік-территориалдық құрылыс Қазақстанда 1927 жылдың аяғына қарай басталды. Жҽне ол елдің шаруашылық жҽне табиғи жағдайларын жете зерттемеуі, үлкен аумақтағы қалалар мен ауылдардағы халықтың аз жҽне шашыраңқы орналасуы жҽне басқа да факторлардан қиындай түсті [1]. 1928 жылы жаңа құрылыс -округтік құрылысбекітілді. 195 аудандардан тұратын13 округ құрылды. 1928 жылғы 3 қыркүйектегі БОАК-нің қаулысымен Ақмола жҽне Семей губерниясы таратылды;Ақмола губерниясының уездері мен болыстарынан Ақмола, Павлодар, Қызылжар жҽне Сырдария округтік аудандарыпайда болды. Семей губерниясының Қарқаралы уезінің, Ақмола губерниясыныңАқмола жҽне Атбасар уездерінің болыстары 1928 жылы толық немесе ішінара Ақмола жҽне Қарқаралы округтерінің құрамына енді.

1920-шы жж.ортасында құрылған ҽкімшілік-территориалдық басқармасы кҿпке созылмады. Оны кезекті реформалау басқарушылық жұмыс аясын кеңейтудегі жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыруға тікелей байланысты, Бұл аудандық деңгейдегі басқаруды нығайтуды талап етті. Аудандастыру жобасында кҿрсетілгендей, «Ұлттарды «дұрыс ұйымдастыру» мақсатында, экономиканың талаптары ұлттық талаптарға сҽйкес келмегендіктен кей жағдайларда кей аудандардың халқының саны 25-тен 12-15 мыңға дейін тҿмендеді, ұлтаралық араздықтың алдын алу мақсатында үлкен ҽкімшілік – аумақтық шепке рұқсат берілді. Ұлттық мҽселе округтерді құру кезінде де ескерілді. Губерниялық бҿлініспен салыстырғанда,жаңа аудандастыру барысында ұлттардың аралас орналасуы аз болды, бҿлінген бірқатар округтердің ішінде тек қазақтардан тұратын округтер де болды» [2].

Келесі реформалау ұжымдастыруға кҿшуге байланысты болды. Үкімет үш сатылы басқарудан екі сатылы басқаруға кҿшуді қабылдады. Округтер таратылды. 1930 ж. 15 маусымында округтер жойылып, олардың орнына аудандық жүйеенгізілді. Барлығы 183 аудан құрылды. 1930 ж. 17 желтоқсанда аудандар ірілендіріліп, олардың саны 121 болды.Аудандық бҿлініске кҿшу кезінде,Орталық Қазақстанаумағындағы Ақмола жҽне Қарқаралы округтері жойылып, олардың аудандары кеңейтілді жҽне республикалық билікке тікелей бағынуғаберілді. Осы қайта құру нҽтижесінде ұлттық – біртекті аудандарсаны азайып, ұлттық белгісі бойынша аралас аудандар саны кҿбейді [3].

Қазақстанда жүргізілген бірінші бес жылдық жылдарында ҿнеркҽсіптік жҽне темір жол құрылысы, жаңа совхоздар, колхоздар, МТС жаңа ҿнеркҽсіптік жҽне ауыл шаруашылығы орталықтарының пайда болуына ҽкелді. Сондықтан 1932 ж. КазОАКекінші сессиясының VІІІ шақырылымында Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтҿбе, Батыс Қазақстан, Алматы жҽне орталығы Петропавл қаласы болып Қарағанды облысын құру туралы шешім қабылданды. 1932 жылғы 20 наурыздағы БОАК қаулысымен .

Қарағанды облысының құрамына 23 ауданкірді: Айыртау, Ақмола, Арық-Балық, Атбасар, Бейнеткҿр, Булаев, Есіл, Жаңаарқа, Қызыл-Ту, Кҿкшетау, Қорғалжын, Ленин, Мамлют, Нұра, Преснов, Рузаев, Сары-Су, Сталин, Тельман, Тҿңкеріс, Бурабай, Еңбекшілдер, Еркіншілік [4].

Мҽселен, Қазақстанныңсолтүстік ҿңірлері бірнеше жыл ҿзгеріске ұшырады (1936−1939гг.). Ҿңірдің ҿндірістік күштерінің дамуымен жаңа ҽкімшілік-аумақтық қайта құрулар қажет болды. Қарағанды облысының солтүстік аудандарынан 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы құрылды.

1939 жылғы 14 қазанда жаңадан құрылған Ақмола облысына оңтүстік аудандар берілді, ал 1944 жылы 16 наурызда жаңадан құрылған Кҿкшетау облысына Солтүстік-Қазақстанның облысының 6 ауданыберілді.

Осылайша, неғұрлым қарапайым жҽне ыңғайлы жаңа ҽкімшілік жүйесі жергілікті жағдайлардың ҽралуандығына қарамастан, орталықтандырылған бірыңғай ҽкімшілік басқарудың қаңқасы болды. Жаңа жағдайларда Қазақстанды аудандастыру жҽне ҿзіндік дербес маңызға ие бола алмады жҽне ҿзіндік артықшылықтарын кҿрсете алмады. Оның құқықтары мен мүмкіндіктері одақтық-ведомстволық бюрократиямен жүйелі түрде шектелді. Аудандық құрылымдаҚазақстандықбилік аймақтық ұйымдардың қызметін қиындатқан, ҿзіне тҽн емес ҽкімшілік басқарудың ҽдістеріне мҽжбүр болды. Жергілікті ҿзін-ҿзі басқару, дербестікті жою, округтерді тарату облыстық құрылыстың деформациясына айналды. Ҽкімшілік-территориалдық құрылысты жүзеге асыру кезеңіндегі Қазақстанның жалпы саяси жағдайы КСРО-ның ҿзге

ҿңірлерінен айырмашылығы сҽл-ақ болды. Орталықтандырылған, біріздендірілген жҽне бюрократияландырылған басқару аппараты мен билікке сүйене отырып мемлекетті жаңғыртуды жүргізу аймақтық органдардың дербестігінің шектелуіне ҽкеп соқты. Нақты билікті жоғалта отырып, олар аудандастыру жҽне экономикалық даму саласындағы қажетті түрлендіруді жүргізе алмады, сондықтан ҽкімшілендіру, зорлық-зомбылық пен мҽжбүрлеу ҽдістеріне жиі ұрынды.


Әдебиеттер:

1. Пятилетний план развития народного хозяйства и социально – культурного строительства КазССР (1928-29-33 гг.) Алма-Ата, 1931. С.187.)

2. ҚР ОММ. Қор 962. Тізбе 1. Іс 955. Парақ52.
3. ҚР ОММ. Қор 962. Тізбе 1. Іс 955. Парақ 62
4. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты. Путеводитель.- Ч.1.
Караганда, 1998. – С. 165.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *