ЩУЧЬЕ-БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ ЗОНАСЫНДА ЭКОТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ

 

 

Алдашев Р.Б., Жаркинбеков Т.Н.

Кҿкшетау қ., Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау Мемлекеттік университеті

Aldashev.raimbek@mail.ru

 

Жалпы экотуризмнің даму жолдарын айтпас бұрын, ең алдыменен экотуризмнің қандай бағыттарда жұмыс жасайтыны туралы айта кетсек деймін. «Экологиялық туризм» (француз тілінен «tourisme, tour» — «сейілдеу, сапар» деген сҿз) — туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі. Сауықтырушылық, танымдық, қарым-қатынастық қажеттіліктер ұштастырылатын, халықтың тынығуға қатысты қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін туризм саласы болып табылады. Экологиялық тұрғыдағы кҿрнекті орындарды ұлттық саябақтарды, табиғат ескерткіштерін, табиғат қорғау мҽселелері неғұрлым оңтайлы шешілген аумақтарды, экологиялық ұйымдардың, аралап кҿру қоса жоспарланған саяхат болып саналады. Оған экологиялық білім беру жҽне ағарту элементтері міндетті түрде қамтылады. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы терең қойнауында орналасқан, дүние жүзі мұхиттарының бҽрінен бірдей қашықтықта жатыр. Географиялық орнымен бірге, геосаяси орны да ҿте қолайлы. Солтүстігінде ауданы да, халқы да кҿп болатын Ресеймен, оңтүстігінде халқының саны жҿнінен ешкіммен теңдеспейтін Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстік батысында Түркіменстанмен, оңтүстігінде Ҿзбекстан жҽне Қырғызстанмен шектеседі. Республиканың табиғаты ҽр алуан. Табиғат зоналары бойынша баға берсек, аумағының 40 пайызын шҿлдер, 23 пайызын шҿлейттер, 20 пайызын дала, 7 пайызын орман-дала, ал қалған 10 пайыз жерін таулар алып жатыр. Республика табиғатының ҽр алуандығы оның алқабында ҽр алуан ҿсімдіктер мен жануарлардың мекендеуіне жағдай жасаған. Қазақстанда басқа ТМД республикаларымен салыстырғанда туризм салаларының ішіндегі экотуризм кешеуілдеп дамығын. Қазақстанға экотуризм мақсатында келіп жатқандардың саны аз. Кҿпшілік туристер іскерлік қызметтер аясында келіп кетеді. Шетелдерде экотуризмді,негізінен, табиғи экоаймақтар мен ұлттық саябақтарда жүзеге асырады. Егер ерекше қорғалатын аймақтарда экотуризмді дамытсақ,олардың ҿзін-ҿзі қаржыландыруына ешқандай күмҽн болмайды. Экологиялық туризмді дамытуға кішігірім тосқауыл қоятын табиғи мемлекеттік қорықтар мен табиғи ескерткіштер. Бұларда экотуризм тен қана экскурсиялық жол-сапарлармен шектеледі. Экскурсияны арнаулы буферлі зонада белгілі, алдын ала дайындалған жол-сапарлар бойында жүргізіледі. Экотуризм табиғи қорықтың алабында белгілі тҽртіптерге сай іске асады. Қазақстан аумағындағы экотуризм соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан ҿңірлердің бірі – Ақмола облысы болып табылады. Соның ішінде Ақмола облысының табиғаты ең керемет сұлу ҿлкесі – Бурабай екені бҽрімізге анық. Қазақстан Швейцариясы деген атақ алған бұл ҿлке — Щучье, Зеренді сияқты басқа да керемет ҿлкелерге бай ҿңір. Екі ұлттық табиғи саябағы «Бурабай жҽне Кҿкшетау» қайталанбас жануарлар жҽне ҿсімдік ҽлемін сақтауға құрылған болатын. Таулы тҿбелер, арналар, сарқырамалар, кҿгілдір кҿлдердің алтын жағажайлары жыл сайын он мыңдаған саяхатшыларды ҿзіне тартады. Ҽсіресе, «ЭКСПО-2017» кҿрмесі кезінде, бұл ҿңір біршама шетелдік азаматтарды аң-таң қылған болатын. Неолит заманындағы ескі қорғандар,орта ғасырдағы ескерткіштер осы ҿңірдің қарқынды тарихын еске алады. Ақмола облысы Бурабай, Щучье, Зеренді жҽне басқа да табиғи жерлері бола тұрып, бүкіл халықтық саяхатшылық жүйесінде ҿз орнын алуға қабілеті бар. Саяхатшылықтың басқа түрлерін дамытуға мүмкіндіктері бар. Олар аңшылық, балық аулау, суда жүзу жҽне экология. Щучье-Бурабай демалатын табиғат кешендері Қазақстан Республикасының саяхатшыларын ғана қызықтырып қана қоймайды, сонымен қатар жақын жҽне алыс елді мекендерде тұратын саяхатшылар да қызыға келетіні де рас. Бұл курорттық орындар тамаша табиғи ауа-райы жағдайларымен, бай емдік қорларымен, тарихи-мҽдениет қорымен, тиімді географиялық орналасуымен, қолдағы бар мемлекеттік кҿлік авиациясы, темір жол жҽне автокҿлік магистралімен мақтана алады. «Щучье-Бурабай» аймағы демалатын табиғаты сұлу жетістіктермен 19 ғасырдан бастап ҽйгілі. Ең алғаш қымыз-тұзбен емдеу сауықтыру кешені Бурабай кҿлінің шетіне 1910 жылы салынды, 1925 жылы Мемлекеттік «Бурабай» курорты ашылды, 1927 жылы Щучье кҿлінің жағасында ең бірінші «Бармашино» шипажайы пайда болды. Осы аталған факторларды айта отырып, Елбасымыздың Жолдауына сҽйкес, туризм Қазақстан экономикасының басымды бағыты болып мойындалуы керек. Облыстың тамаша табиғи ресурстары, қолайлы ауа-райы, тарихи-мҽдени мұраның мол мүмкіншілігі ҿлкеміздің туристік бет-келбетін тартымды ету бойынша жұмысты кҿлемді жүргізуге мұрсат береді.Туризм,сонын ішінде экотуризм адамның ҿмірінде тұрақты орын алды, себебі ол кҿрмеген жерлерді ашып, оны білуге, табиғи ескерткіштерімен танысуға, тарих пен мҽдениетті, ҽр түрлі халықтың салт-дҽстүрін зерттеуге ынтық екендігі ақиқат болып табылады.

Жалпы алғанда экскурсиялық жол-сапарларды халықаралық маңызы бар деген батпақты-кҿлді нысандарда, су жҽне орманның ғылыми, мҽдени жҽне экологиялық маңызы бар жерлерде ұйымдастыруға болады. Қалалардың ішіндегі ерекше қорғалатын зоопарктерде, ботаникалық бақтарда, дендропарктерде экологиялық экскурсиялар ҿткізуге ҽбден мүмкіндік бар. Қазақстанда қазіргі таңда дамып жолға қойылған ұлттық парк – «Кҿкшетау паркі». Экотуризмді дамыту үшін шетелдердің іс-тҽжірибесін пйдалану керек екендігін айтпай кетуге болмайды. Адамзат ҿркениетінде жинақталған тҽжірибені республиканың табиғатына, ұлттық менталитетіне бейімдеп барып жүзеге асыру қажет. Батыс Еуропаның Жерорта теңізінің жағалауы мен Альпі таулы облыстарында экотуризм 19 ғасырдан бері дамып келе жатқаны рас. Осындағы экотуризм ҿзін-ҿзі қаржыландырып, мемлекет қазынасына қосымша қаражат түсіріп отырғаны белгілі. Сонымен, Қазақстанда оның ішінде «Щучье-Бурабай» курорттық аймағында экотуризмді дамытуға бағытталған табиғи алғы шарттардың бар екендігін айтуға болады:

  • Экотуризмді дамытуға болатын ерекше қорғалатын аймақтар мен нысандардың белгілі бір жүйесі қалыптасқан;
  • Оның ішінде республикалық маңызы бар 9 табиғи қорық жҽне 4 мемлекеттік табиғи ұлттық парктер бар.Танымдық сұраныстарды қанағаттандыруға болады;
  • Экотуризмді дамыту үшін белгілі бір ақпараттық құралдар мен ҽдістемелік нұсқаулар жетіспейді;
  • Экотуризмді дамытудың экономикалық кілттері, яғни оны ынталандырудың жағдайларын анықтау керек;
  • Экотуризмді дамытуға мүмкіндік беретін жағдайлар мен кедергілерді есепке ала отырып маркетинг жұмысын жолға қою қажет;

Ал маркетингке келетін болсақ, қоршаған ортаның маркетингі  дегеніміз

– адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, сұранымды жан-

жақты    зерделеп‚    болжап‚    жарнаманы    пайдалану             арқылы‚      ҿндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тҽсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жҽрдемдесетін жҽне ҿңдіру мен ҿткізу жҿніндегі қаржы‚ коммерциялық жҽне басқа да қызмет түрлері жатады. Маркетинг биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Яғни, үздіксіз бақылап, қадағалап, белгіленген аумақтың кейбір жағдайларын анықтап отыратын үрдіс болып табылады.

Әдебиеттер:

  • https://kk.wikipedia.org/wiki/Маркетинг
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сҿздігі: Экология жҽне табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сҿздіктер топтамасын шығару жҿніндегі ғылыми-баспа
  • https://kk.wikipedia.org/wiki/Экологиялық туризм http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-nazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *