ПАССИОНАРЛЫҚ

ПАССИОНАРЛЫҚ(лат. — құштарлық, сезімдік) — қимыл-әрекетті аңсаған құштарлық, жекелеген адамдарда да, топтарда да болуы мүмкін шектен тыс күш-қуатқа қабілеттілік. П. — Гумилевтің этногенез («Этногенез және Жер биосферасы») теориясында негізгі термин болып табылады. Ол этностың пайда болу негізінде П. яғни ағзаның биосферадан сіңірген өте мол биохимиялық қуаты жатқан табиғи процесс деп қарастырады. П.тұқым қуалайтын биологиялық сапа ретінде қарастырылады; адам психикасында бейсана деңгейінде болады. Пассионарлар өздерінің бар екендігімен қалыпты ахуал жағдайды бұзады, ойткені олар кеше алмайды. Айнала қоршаған ортаға қарсыласу қажеттігі оларды біреуге және келесі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Бұл ретте пассионарлар өз П-мен қалың көпшілікті ұйытады (психикалық тұрғыдан «жұқтырасың). Қолайлы жағдай туғанда жаңа этнос, мәдениет, өркениеттің негізіне айналатын алғашқы бірігулер осылайша пайда болады. П. көсемдер мен қаһармандарға ғана тән артықшылық емес, керісінше «пассионарлардың көпшілігі тобырдың, топтық нақ ішінде болады» — деп жазды өз еңбегінде Л. Гумилев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *