ПАРАДИГМА— үлгі немесе модель. Қазіргі философиялық ғылымның негізгі ұғымдарының бірі. Т.Кун енгізген ғылыми қауымдастық қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер,қүндылықтар және техникалық дәстүрлердің жиынтығы мағынасын білдіреді. Жалпы мойындалған П-ның қалыптасуы ғылымның жетілгенінің белгісі болып табылады. П-лардың ауысуы ғылыми төңкерістің көрінісі — бұрынғы беделдердің, үлгілердің, методологиялардың, теориялардың, дүниетанымдардың дүние-әлем бейнелерінің қирауы