ОЙЫН, ойын теориясы — дәлелдәйегі нәтижесінде емес, процестің өзінде болатын, қимыл-әрекет түрі. О-ның мәдениет пен оның жекелеген формаларының пайда болуы және жұмыс істеуінің негізі ретіндегі теориясы XX ғ. X. Ортегаи-Гассет, И.Хейзинга, Е. Финк, Г. Гадамер және басқа мәдениеттанушылардың әр түрлі концепцияларынан пайда болды. Голанд ғалымы И. Хейзинга ежелгіден қазіргі кезеңге дейінгі мәдени шығарм.-ты ойын деп қарастырады. Ол Канттан басталып, Шиллер т.б. жалғастырған өнер генезисін спонтанды, ешқандай да мақсаттан тәуелсіз, мүддесі жоқ қызмет ретінде О-нан тарата пайымдау дәстүріне сүйенеді. Мәдени даму барысындақоғам пайда ұғымын меңгерген мәдениеттің еркін рухы жоғалып, ойын элементі екінші қатарға жылжиды. Ортегаи-Гассет көпшілік мәдениеті негізі — О-ға элитарлық мәдениетті қарсы қояды. Шығарм.-тың еркін рухы, қиял ұшқырлығы, сырттай бақылаушылық шын өнердің О. өлшемдеріне үндес сипаттары. Финк мәдениеттің пайда болуын О-мен байланыстырылады, себебі О. болмаса адам баласы өсімдік тектес болар еді. Адам үшін О. бәрін де қамтитындықтан О. адамды табиғаттан жоғары дәрежеге көтереді де, мәдениет феномені пайда болады. Га-дамер тарих пен мәдениетті тіл стихиясындағы ерекше О. ретінде талдады: бүл ретте адам өзі қиялынан тудыратын рольден гөрі басқаша рольде болады