Абай Құнанбайұлы — ұлы ақын, ойшыл

  1. Ақынның балалық шағы. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы қазiргi Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге кел- ген. Қазақтың ат қою дәстүрі бойынша азан ша- қырып қойған есімі Ибраһим болған.

Абай ислам дiнiнiң қағидаларын барынша құр- меттейтiн дiни отбасында өсiп, тәрбие алды. Оның әкесi Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тiлiн жақсы бiлген биi болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкiлдерiмен қарым-қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегi сұлтан әулетiнен болмаса да Қарқаралы округiнде алғашқы аға сұлтандардың бiрi болып сайланды. Ғұмырының аяқ кезiнде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйi әлi бар.   Ақынның бабасы Өскенбай Қазақстанның солтүстiк-шығыс аймағындағы әдiлеттi де ықпалды қазақ билерiнiң бiрi болатын. Оның қалдырған да- нышпандық сөздерi мен ғибратты өсиеттерi аз емес. Биге қазақтың алыс жатқан руларының адамдары да шағым айта келiп, жүгiнетiн. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрi батыр болған. Абай әуелi ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегi Ахмет Риза медресесiнде үш жыл оқып бiлiм алады. Ол бала жасынан кiтапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркi әдебиетiнiң үлгiлерiмен танысты. Абай қазақтың дәстүрлi әдет-ғұрып заңы мен ислам дiнiнiң қағидаларын терең меңгердi. Онымен бiлiм жарыстырудан молдалардың өздерi қашқақтайтын. Абай халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн өте жақсы бiлдi. Медреседе оқып жүрген кезiнде-ақ өзiнiң алғашқы өлеңдерiн жаза бастады.

Әкесi Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушiсi ету мақсатымен оқудан ауылға керi қайтарып алады. Мұнда ол халықтың қалың ортасына түседi. Билер, ақындар, сазгер-әншiлермен, сондай-ақ даланың данышпан ойшылдарымен жиi-жиi бiрге болып, араласып тұрады. Ақынның жастық шағы патша үкiметiнiң Қазақстанның оңтүстiгiне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезiмен тұспа-тұс келдi. Ол пат- ша үкiметiнiң округтiк приказдардағы жағдайының барған сайын нығая түскенiн, ХIХ ғасырдың 60–90-жылдарындағы әкiмшiлiк реформаларының енгiзiлгенiн өз көзiмен көрдi. Ол аз уақыт болыс болған кезiнде қай iстi болса да әдiл және адал шешуге талпынды. Сол үшiн қатардағы қарапайым халықтың зор ықыласына, сый-құрметiне бөлендi. Бiрақ қоғамның күрделi мәселелерін мұндай қарапайым тәсiлмен шешуге болмайтынына бiрте- бiрте кәмiл көз жеткiзе бастайды. Сондықтан да ол қазақтың бiлiм мен ғылымды игеруін қолдады.

  1. Орыс зиялыларымен араласуы. Болашақ ақын- ның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс, украин, поляк зиялы қауымының өкiлдерiмен араласуы орасан зор ықпал еттi. Ол кез- де өз Отанының тәуелсiздiгi жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып келiп жатты. Олар орыс және Украина мен Польшадағы зиялы қауымның бiлiмдi өкiлдерi болатын. Жер аударылып келгендердiң арасында патша үкiметiнiң саясатына қарсы шыққан зиялылар да аз болмады. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал еттi. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, С. гросс, Н. Коншин, Н. долго- полов және басқалары едi. Олар Абаймен жиi кездесіп жүрдi. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетiнiң ірі өкiлдерi А.С. Пушкиннiң, М.Ю. Лермонтовтің және басқалардың шығармаларымен жете танысты.
  2. Абай – ұлы ақын әрi ойшыл. Абай өзiнiң өлеңдерiн бала кезiнен жаза бастады. Әйтсе де ол ақын ретiнде алғаш рет ХIХ ғасырдың 80-жылда- рының орта кезiнен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шiлде болғанда…») деген өлеңiн жариялаған болатын. Абай – «Ескендiр», «Масғұд», «Әзiм әңгiмесi» поэмалары мен этикалық- философиялық еңбегi «Қарасөздердi» жазды. Ақынның «Қарасөздерiнде» ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделендi. Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтың жаппай кедейленiп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкiметi шенеунiктерiнiң шектен шыққан озбырлығы, жергiлiктi болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдiгi болды. Ол өзiнiң өлеңдерiнде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтiре сынады. Абай қазақ қоғамын ерiнбей еңбек етуге шақырды. Өзiнiң кейбiр замандастарының бойындағы жаман мiнездердi – жалқаулықты, еңбексiздiктi, көрсе- қызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жерiне жеткiзе әшкереледi. Кедейшiлiктен құтылудың бiр тәсiлi егiншiлiкпен айналысу, қолөнер кәсiбiн және сауда-саттық жа- сауды үйрену екенiн айтты. Ол былай деп жазды:

«Егiннiң ебiн, Сауданың тегiн

Үйренiп, ойлап, мал iзде».

Оның басқаша ойлауы мүмкiн емес едi. Қазақ даласында жиi болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасiретке душар ететiн. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бiр-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын едi. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзiмен көрдi. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестерi қайыршылық халге ду- шар болған едi. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды болып көрмеген жоғары көрсеткiшке жеттi. Олар казак  станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас

 

тиын-тебенге жалданды, үй қызметшiлерi, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезiп кеткендер де көп едi.

Абай қазақтың мал өсiрумен қоса сауда жасауды, белгiлi бiр кәсiп түрiмен шұғылдануды үйрену қажеттiгiне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсiп түрлерiне үлкен iлтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Ендi қарап тұрсам, сарттың екпеген егiнi жоқ, саудагердiң жүрмеген жерi жоқ, қылмаған шеберлiгi жоқ. Өзiменен өзi әуре болып, бiрiменен бiрi ешбiр шаһари (яғни қала адамдары болып. – авт.) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлiсiнiң ахиреттiгiн (кебiнiн. – авт.), тiрiсiнiң киiмiн сол жеткiзiп тұрды».

Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрдi, байлардың қара- пайым халыққа менсiнбей қарауы оның ашу-ызасын келтiрдi. Қоғамды прогресшiл түрде дамыту жолдарын үнемi iздестiрiп отырды. Абай ел басқаруға халық үшiн қызмет ететiн, адал адамдар сайлануы тиiс деп есептедi. Ол өз төңiрегiндегi адамдардың, жақындары мен шәкiрттерiнiң бойындағы өз халқына риясыз берiлу, оның мүдделерiн қорғау қасиеттерiн қолдап отырды.

  1. Абай және халық ағарту iсi. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершiлiкке, ғылым-бiлiм үйренуге шақырды.

«Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге… Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңiз, Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда, Оған қайғы жесеңiз, Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,

Ерiншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның бiлсеңiз.

Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл iс көнсеңiз…», –

Абай жастардың бойындағы кеселдi кемiстiктердi, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекi надандықты тәрбие және бiлiм беру арқылы жою- ға үндедi. Ақын ол үшiн қазақ балаларын оқытатын мектептердi көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды … мектепке беру керек, олардың бiразын мамандықтың бiр түрiн, бiразын басқа ма- мандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептердi көбейту қажет, оларда тiптi қыздар да оқитын болсын». Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндедi. Әркiмдi өзiнiң өткен әр күнiне мiндеттi түрде есеп берiп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

Абайдың пiкiрiнше, адам болу үшiн оның бойынан үш түрлi фактор табылуы тиiс. Бiрiншiден, баланың шыққан тегi жақсы болуы керек, екiншiден, оның әлеуметтiк жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, үшiншiден, балаға адамгершiлiк тұрғысында тәрбие берiлуi қажет.

Абай парақор билеушiлердi, ашкөз судьяларды, надан  молдалар- ды әшкерелеп отырды. Халықтың игiлiгiне жету жолындағы бұл қыр- сықты ғылым мен бiлiм арқылы ғана жоюға болады деп есептедi. Ол жастарға үздiксiз еңбек етiп, бiлiм алуды мiндет етiп қойды. Бiлiм алуға жұмылған еңбек әрқашан да жемiстi және iзгiлiктi болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елдi өркениетке жеткiзер жалғыз жол – оқу-бiлiм екенiн көзi қарақты жастарға түсiндiрдi.

  1. Абай Құнанбайұлының аудармашылық қызметi. Абай орыс тiлiн тамаша меңгердi. Бұл оған орыс ақыны М. Лермонтовтің бiрқатар өлеңiн қазақ тiлiне аударуына мүмкiндiк бердi. Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лер- монтовтің «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бiр жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жал- тылдап»), «Теректiң сыйы» («Асау терек долданып, буырқанып») сияқты өлеңдерiн аударды. Абай А.С. Пушкиннiң «Евгений Онегин» дастанының үзiндiлерiн қазақы ұғымда жатық етiп еркiн аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзiне шығарған «Татьянаның қырдағы әнi» қалың елдiң сү- йiктi әнiне айналды.

Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тiлiне аударумен де айналысты. Қазақтардың ұлт-азаттық

қозғалысының көрнектi жетекшiсi Ә. Бөкейхан өзiнiң қазақ даласындағы әртүрлi уездерде болған кезiнде ондағы ақындардың Пушкин мен

 

 

Лермонтовтің Абай аударған өлеңдерiн жақсы бiлетiнiне, оларды домбырада әнге қосып айта- тынына көз жеткiзiп қайтқанын жазады.

Орыс тiлiнен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетiн байыта түстi. Абай орыстың ұлы ақындарының көптеген өлеңiн қазақ тiлiне аударды.

  1. Қазақ тарихында Абайдың алатын орны. Абай өз өлеңдерi мен қарасөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмiрiнiң барлық жақтарын ашып көрсеттi. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келiп жат- ты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесiндегi белгiлi шежiрешi әрi ақын Мәшһүр Жүсiп Кө- пейұлы келiп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Мiне, мұның бәрi патша үкiметi шенеунiктерi мен олардың жергiлiктi кейбiр итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көреалмаушылық, тiптi саяси күдiк туғызды. Ақынның үстiнен өсек  айту мен жала жабу әрекеттерiн күшейттi. Патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi Абайдың соңына шам алып түсiп, аңду орнатты. Тiптi 1903 жылы Семей полицмейстерi ақынның және оның балаларының үйiне тiнту жүргiздi.

Жақын туыстары мен балаларының бiрiнен соң бiрiнiң қазаға ұшырауы, оның үстiне iзiне түсiп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер еттi. Абай өзiнiң ең жақсы көретiн iнiсi Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдiрахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бiр ұлы Мағауия дүниеден өттi. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тидi. Мағауияның өлiмiнен кейiн 40 күн өткенде Абайдың өзi де қайтыс болды.

Ақын өзiнiң талантты шәкiрттерiн тәрбиелеп өсiрдi. Абайдың iзбасар шәкiрттерi Шәкәрiм, Көкбай, Ақылбай, Кәкiтай және Мағауия болды. Абай көзi тiрiсiнде өзiнiң өлеңдерiн жинаған емес. Олардың әрқайсысын бiр жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерiн жаттап алып отырған. Сөйтiп, Абай өлеңдерi қазақ даласында ауыздан-ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдерi қолдан-қолға көшiрiп алынды. Ондай қолжазба көшiрмеге ие болу әрбiр сауатты қазақ үшiн зор ғанибет болатын. Кейiнiрек Абайдың туындыларын оның ұлы Турағұл жинастыра бастады. Абай өлеңдерiнiң ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкiтайдың

 

 

арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбайұлының өлеңдерiн жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жiгер жұмсап, игi ықпал еткен ақын Көкбай Жаңатайұлы болды. Ол өлеңдер белгiлi қоғам қайраткерi, Алаш ардагерi Әлихан Бөкейханның редакциясымен басылып шықты.

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетiмiзде аса көрнектi орын алады. Ол қазақтың ұлттық жазба әдебиетiнiң негiзiн қалады. Абай есiмi дүниежүзi халықтары әдебиетiнде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бiр халықтың ғана емес, бүкiл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есiмi көптеген елдi мекендер мен көшелерге, Қазақ ұлттық педагогикалық университетiне, Алматы қаласындағы Мемлекеттiк академиялық опера және балет театры- на берiлген. Ұлы ақынның құрметiне Қазақстан мен Ресейде және басқа елдерде ескерткiштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткiзiлiп тұрады. Ұлы  ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзiлiк ЮНЕСКО көлемiнде аталып өттi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *