Шоқан Уалиханов қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы

  1. Шоқанның жастық шағы. Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекiнiсiнде дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия, еркелетіп Шоқан деп атаған. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өттi.

Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетiне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан айбынды қазақ билеушiлерiнiң бiрi болды. Ал атасы Уәли патша үкiметi ресми түрде бе- кiткен қазақтың соңғы ханы едi. Әкесi Шыңғыс Омбы әскери училищесiн бiтiрген, Көкшетау сыртқы округiнiң аға сұлтаны лауазымды қызметiн атқарған. Шоқанның анасы жағынан туыс нағашылары да осал емес – Баянауыл өлкесiндегi атақты Шорманов- тар әулетi болатын. Ол бала кезiнен бiлiмге бейiм әрi құмар болған. Шоқан тарихи аңыз әңгiмелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердiң әңгiмелерiн, ақындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өстi. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетiнен шыққан әжесi Айғанымның ықпалы күштi болды. Ол жас Шоқанға ежелгi қазақ аңыздарын, мақал-мәтелдерi мен даналық сөздерiн жиi айтып отыратын. Шоқан Құсмұрындағы мектепте оқып, ислам дiнi iлiмiмен танысты. Араб, парсы, шағатай тiлдерiнiң негiзiн үйренiп алды. Ол сурет салуды да ерте меңгердi. Бұл өнердi оған орыс суретшiлерi, топографтары мен геодезистерi үйрет- тi. Олар Уәлихановтардың отбасында жиi болып тұра- тын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалып- тасуына жиi-жиi қонаққа келiп тұратын орыс зиялылары мен зерттеушілері де ықпал еттi. Олар бәрiн бiлуге құмар жас баланың бойында ғылымға, әдебиет пен өнерге деген құштарлықты күшейте түстi. Шоқан жас кезiнен халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiне ерекше ден қойды. Ол бала кезiнiң өзiнде «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Ер Көкше» сияқты басқа да дастандардың бiрнеше нұсқасын жазып алды.

  1. Омбыда оқуда болған жылдары. 1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түстi. Бұл оқу орны Сiбiрдегi жоғары бiлiктi мұғалiмдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бiрi болатын. Шоқан алғашқы жылдан өзiнiң оқуға қабiлетi мен бейiмдiлiгiн танытты. Ол әскери пәндердi, сондай-ақ жалпы білім беретін басқа да пәндерді және шет тілдерін зор ынта қойып, құмарта оқыды. Осында жүрiп те шығыс тiлдерi саласындағы бiлiмiн елеулi түрде тереңдете түстi. Ол орыс тiлiн тамаша меңгердi. Қосымша әдебиеттердi көп оқыды. Кадет корпусының басшы- лары оған болашақтағы зерттеушi-шығыстанушы ретiнде қарай бастады. Омбыда Шоқан география, шығыстану, философия, тарих жайындағы басылымдардан бай кiтапхана құрап алды. Омбыда болған кезiнде орыс зиялыларымен байланыста болуы Шоқанға оң әсер еттi.

Кадет корпусында Шоқанмен бiрге оқыған С. Я. Капустин ол туралы:

«Шоқан көрiктi, аса сымбатты болды… бет әлпетi оның қайырымдылығы мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңiнiң жан- жақты, аса терең бiлiмдi адамы болды. Әсiресе оның тарихи бiлiмi зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор бiлiмдiлiгiмен ерекшеленетiн. Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткiзе бiлетiн асқан шешен болатын», – деп жазды.

Шоқан кадет корпусында белгiлi ғалым, географ және Азияны зерттеушi Г.Н. Потанинмен бiрге оқып, достасып кеттi. Шоқан аса көрнектi орыс және шетел ақындары мен жазушылары А. Пушкиннiң, М. Лермонтовтің, Н. Гогольдiң, Ч. Диккенстiң және басқалардың шығармаларын зор сүйiспеншiлiкпен қызыға оқыды.

Шоқан кадет корпусын корнет шенiмен бiтiргеннен кейiн Сiбiр казак әскерiне қызметке жiберiледi. Көп ұзамай Батыс Сiбiр генерал- губернаторының адъютанты болып тағайындалды. Қызмет орнында Шо- қан Сiбiрдiң отаршыл шенеуніктерімен бетпе-бет келiп, өкiметтiң заңсыз әрекеттерiне қатты күйiндi. Өкiмет орындарының озбырлығы жайлы достары Ф.М. Достоевскийге, А.Н. Майковқа, К.К. Гутковскийге, В.С. Курочкинге ызалы хаттар жазды.

  1. Шоқан уәлихановтың ғылыми зерттеулерi. Тамаша бiлiм алып шыққан жас ғалым түрлi ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнiнде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қа- зақ даласын және онымен шегаралас жатқан елдердiң аумағын, он- дағы халықтардың тарихы мен жағдайын жақсы бiлетiн Шоқанға орыс зерттеушiлерi де қатты қызығып, оның көмегiне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сiбiр генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетiсу жерiне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмiрiмен танысып, қазақ пен қырғыздардың тарихи аңыз әңгiмелерi мен жырларын жазып алды.

Ш. Уәлиханов аса көрнектi ғалым, белгiлi географ П.П. Семенов-Тян- Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабiлетiне шын ниетiмен сүйсiне қайран қалды. 1857 жылы П.П. Семенов-Тян-Шанскийдiң ұсы- нуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелiгiне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетiсуға, қырғыз елiне жасаған са- пары Шоқанның ғалым ретiндегi даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегiп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттедi. Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Ма- насты» жазып алды.

1858–1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып келді. Шоқанға дейiн ол өлкеде бiрде-бiр зерттеушiнiң барып қайтуға сәтi түспеген анықта! Шоқан Қашғарияға саяхат жасау бары- сында қандай маңыз- ды қадам жасады? Немiс ғалымы Р. Шлагингвейттiң еуропалықтар үшiн мүлде жабық өлкеге барып келмек болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездiкпен өлiм жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өмiрiне қатер төндiре жүрiп, Қашғария өлкесiнiң тарихы, этнография- сы, мәдениетi мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы бұған дейiн мүлде белгiсiз аса құнды деректер жинап келді. Соның негiзiнде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кiшi Бұха- раның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты ең- бегiн жазды. Еңбектi Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеушi ғалымдар жоғары бағалады.

Патша үкiметi жас ғалымның ғылыми ерлiк еңбегiне ерекше мән берді. 1860 жылы Санкт-Петербургте орденмен марапатталып, әскери шенi де жоғарылады. Оны орыс патшасы II Александрдiң өзi қабылдады. Осы кез- десу кезiнде Шоқан патшаға орыс шенеунiктерiнiң қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтiнiшiн батыл жеткiздi. Петербургте болған кезiнде әртүрлi әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс iстедi. Ол ресейлiк шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз пiрiне айналды.  Алайда Петербургтің ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақ- пады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергiлiктi басқару iсiн қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларға қатысты. Оның негiзгi ойларыталмай еңбек еттi. Шығыс елдерiнiң қолжазбаларын мұқият зерттеудi де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы дәрiстер оқуға шақырып тұрды.

«Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көшi-қоны тура- лы», «Сот реформасы туралы» жазбаларда баяндалады.

1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің Оңтүстiк Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қаты- сады. Бiрақ әскери қызметi ұзаққа созылмады, гене- ралдың жергiлiктi халыққа шектен тыс қатыгездiк жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркiмен кеттi.

  1. Шоқан уәлихановтың Қазақстан тарихындағы

алатын орны. Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өттi. Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының өмiрiнен тарихи-этнографиялық материалдар жинаумен шұғылданды. Аса көрнектi қазақ ғалымы әрi ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Оның қабiрiнiң басына ескерткiш пен құлпытас орнатылды. Ескерткiштi саяси жер аударылып келген поляк революционерi Лепольд Ластовский жергiлiктi мәрмәр тастан қашап жасады. Шығыстанушы ғалым Н. и. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ еттi де жоқ болды», – деп жазды.

Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тари-  хы мен мәдениетiн зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнектi қазақ ғалымы  өте  ауқымды  ғылыми-шығармашылық  мұра  қалдырды. Оның

«Абылай»,  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»,  «Ыстықкөл  күнделiктерi»,

«Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы» т.б. еңбектерi өте құнды сана- лады. Шоқанның қазақтың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмiрiнен салған суреттерi сақталған. Ол қазақтың алғашқы кәсiби суретшiлерiнiң бiрi.

Ш. Уәлиханов өз ғұмырының ең соңғы күнiне дейiн өз Отанын жан-тәнiмен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерiн бүкiл дүниежүзi жоғары бағалады. Бүгiнгi ұрпақтары оған деген зор құрмет- тiң белгiсi ретiнде Қазақстан қалаларының бiрнеше көшесiн Шоқанның есiмiмен атады. Оған арнайы ескерткiштер орнатылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *