- Психологиялық процесс, психологиялық қалып, психологиялық қасиет-осы үшеуі жинақталып психика деген ұғым береді. Мұның қарапайым түрі жануарларға да тән қасиет.
Ал адамның қоғамдық ортамен байланысы нәтижесінде психиканың ең жоғарғы формасы сана қолданылады.
Көпшілігінде дамудың төменгі сатысында тұрған организм емес заттарда кездесетін мінез- құлықтың қарапайым тәсілдік формасы тропизм деп аталады(қазақша мұны соқыр сезім деп аталады). Яғни төменгі сатыдағы организмдердің маңызды биологиялық тітіркеніштерге жауап беру кезіндегі еріксіз қозғалысы. Мысалы: көбелек түнде ұшып жүрген кезінде отқа, жарыққа соғылады. Ол өзінің күйіп өлетінін білмейді. Ол жарықты күн көзі деп қабылдайды. Яғни мұны инстинк деп атайды (бұл латынша инстинуктус — санасыз ұмтылу). Жануарларда болатын инстинг органикалық белгілі тіршілік жағдайда өскен ортасында әбден бейімділігін көрсететін мінез- құлықтың қолданылатын түрі. Кейбір жануарлар мен жәндіктерді көріп олардың мінез- құлықтарын байқай отырып, олардың ақылға сыйымды әрекеттерді ортаға мүмкіндіктері бар екенін көруге болады. Орындаған әрбіріне қарап психикасы жоғары сатыда дамыған деп есептейсің. Мысалы: құмырсқалар өз илеуінен адаспайды, олар сөздерінің қышқылдарының дәмімен ажыратады.