Психологиялық ғылымға кіріспе. Психология ғылым ретінде түсінігі

 

Жоспар:

1.Психология ғылымы

  1. Эмпирикалық психология

 

Психология ерте заманнан келе жаткан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» — қазақ тілінде «жан», « логос » — « сөз», « ұғым » деген сөздердің мәнін береді. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағынаны береді. Жан туралы осындай ұғым адам баласының, қоғамның өсіп – дамуының жоғарғы сатысында ақыл – ой қызметінің дене еңбегінен ажырап, екеуінің арасындағы айырмашылықтар туа бастаған кезде ғана жан туралы әртүрлі ұғым болған.

«Жан» — Апейрон қасиеттерінің бірі. Оның айтуынша, дүние пайда болып қайтадан бастапқы қалпына келуі керек, ал бастапқы қалпы ұшы – қиырсыз, сондықтан, дүние шексіз қайтадан пайда бола береді. Анаксимен дүниенің негізі етіп ауаны алды. Оның ұғымынша ауа ұшы – қиырсыз, бір орнында тұрмайды, дүниені кезіп жүреді, оның болмайтын орны жоқ, ауасыз ешбір тірі нәрсе өмір сүре алмайды.

Рационалистік психология ХУІІ ғасырда француз ғалымы Рене Декарт рационалистік психологияның негізін салды. Рационалистік психология – дүниетану мен ақиқат білім алудың жалғыз ғана дұрыс жолы – ақыл – ой деп есептеледі. Декарт дуалист, яғни дүниенің қос негізі бар: ол материя мен ойлаушы жан. Материя кеңістіктен оырн алады, оның өлшемі, белгілі салмағы болады. Ал жан – рухани нәрсе, кеңістіктен орын алмайды, өлшенбейді, салмағы болмайды. Материя мен жан бір – біріне қарама – қарсы: бірімен – бірі еш бір байланыспайды, екеуі қатар жүрмейді, бірі барында екіншісі болмайды, әрқайсысы өз алдына жеке өмір сүреді.

Эмпирикалық психология. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе жаратылыстану ғылымының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысып, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшының белгілі философы Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақынна – алысқа көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға әсер етті.

Эмпириалық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғалымы Джон Локк таратып, әрмен қарай дамыта бастады.

Бүгінгі Қазақстандағы білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге деген жаңа қөзқарастар пайда болды. Білім беру ісіне жаңа көзқараспен қарау мектепке жаңа көзөараспен қарау деген сөз. Қай заманда болмасын шығыс әлемінде білімге деген талап пен талғамның ерекше болғанын жоққа шығармау керек.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.

Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Ол бейне адам мәнерлейтін зауыт сияқты. Болашақтың саналы, сапалы адамдарын қолдан жасап, қоладан құйып алуға болмайды. Өсіп  келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Болашақтағы мектеп – бұл мідениеттің ошағы, жан – дүниеңді, эстетикалық талғам интеллектуалдық дамудың, оқушығың сана сезімін жаңа деңгейге тез жеткізу үшін мүмкіндік жасайтын үздіксіз білім берудің кешенді орталығы. Мектеп – жан – жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Болашақ мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу.

Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеументтік ортаның барлық салаларында кеңінен таралып келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тін қиындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұны анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.

Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХУІІІ ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала басталды. ХІХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т.б елдерде әлеументтік – психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А.Малькова,  В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур.

Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.

Ұлы, басты мақсаттар мүдде адам тұрмысында жетекші болып, адамды ұмтылдырып, жігерлендіріп отырады.

Творчествоға шабыт өте қажет. Шабыт – барлық қабілеттіліктерінің қозып, жігерлі түрде әрекет етуінен туындайтын күй. Шабыт үстінде жасалған шығарма, ол адам жазушы болсын, ғалым болсын, кім болса да оның еібегі жемісті болмақ. Творчествоның жемісті, нәтижелі болуы түрлі дағдыларға машықтануға байланысты.

Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны оте ерекше. Егер оқушы оқу процесінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға тағы басқаларды машықтана алмаса , олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.

Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс — әрекетінің басты белгілерін атап өткен жөн. Оысындай айрықша сипаттардың бірі – адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға еңбек объектісіне, оның процесіне назар салуы, зейін қоюы, әр уақыт  адам санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бағыт алып отыру.

Психология бала психикасының жалпы өсіп – даму заңдарын, мектепке дейінгі балалық шаөтың түрлі кезеңдеріне лайықты жан құбылыстарының негізгі сипаттамаларын ғана зерттейді.

Әдебиеттер:

1.В.Б.Успенский, А.П.Чернявская.  Введение в психолого-педагогическую деятельность, 2003г.

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекции.- М.ЧеРо,1996- 336б.
  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. – М.1996
  3. Годфруа Ж. Что такое психология.- М.1992
  4. Грофф С. За пределами мозга. –М, 1984.
  5. Голдстейн М., Голдстейн И. Как мы познаем мир. –М.1984

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *