Зейін туралы ұғым

 

 

Т. Рибоның зейін туралы теориясы. П.Я. Гальпериннің зейін туралы концепциясы. Д.Н. Узнадзенің нұсқа туралы концепциясының зейінге қатысы.

Зейін туралы көп тараған теориялардың бірін Т. Рибо ұсынды. Оның айтуы бойынша, зейін немесе күшті болуына қарамастан, әрқашанда эмоциялармен байланысты және эмоциялар арқылы туады. Т. Рибо, эмоция және ырықты зейін арасындағы ерекше тығыз байланысты қарастырды. Оның айтуы бойынша, зейіннің осындай интенсивтілігі және ұзақтығы эмоционалды жағдай объектісінің интенсивтілігі және ұзақтығына негізделген. Сондай-ақ ырықсыз зейін жалпы эффективті күйге тәуелді. Зейін жағдайы әрқашанда тек эмоционалды күйзелістермен ғана емес, сонымен қатар дене өлшемінің және ағзаның физиологиялық жағдайының белгілі өлшемдерімен қатар жүреді.

Т. Рибо үшін психикалық үрдістердің және қалыптардың физиологиялық өзара байланысы ерекше болды, және де осы жағдай, бізді қызықтыратын көріністері оның трактатында айтылды. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, Т. Рибо концепциясын психофизикалық деп атауға болады. Қозғалыстың зейін актісіндегі маңыздылығын Т. Рибо келесі түрде көрсетті. Қозғалыс физиологиялық тұрғыда берілген сана қалпына күш бере отырып оны күшейтеді.

Сезім мүшелері үшін, зейін, көру және есту, басқару және көрумен байланысты қозғалыстарды шоғырландыру және тежеу болып табылады.

Ұсынылып отырған күш зейінді жинақтайды және тежейді, әрқашанда дене негізіне сүйенеді. Т. Рибоның ойы бойынша, зейіннің қозғалыс нәтижелігі мыналардан құралады: кейбір түйсіктер, ойлар, есте сақтаулар. Бұл құрылымдар басқа қозғалыс белсенділіктерімен салыстырғанда ерекше интенсителінеді және нақты болады. Қимыл-қозғалыстарды басқару – ырықты зейін құпиясы болып табылады. Қажетті қозғалысты ырықты түрде қайталау негізінде зейінімізді осы қозғалысқа аударамыз. Т. Рибо ұсынған зейіннің моторлы теориясының сипаттары осындай.

Зейін құрылым түсінігімен байланыстыратын тағы бір теорияны Д.Н. Узнадзе ұсынды. Оның құрылым туралы теориясы бастапқыда тәжірибе әсерінен ағзада пайда болатын және келесі әсерлерге реакцияларын анықтайтын алғашқы құрылымның ерекше қалпымен ұштасты. Мысалы, егер адамның  қолынан көлемі бойынша бірдей, салмағы жағынан әртүрлі екі бірдей шар ұстатсақ, ол адам шарлардың салмақтарын әртүрлі бағалайды. Қайталанған жағдайда, қолына бұрын түскен жеңіл шар барлық қатынаста бірдей болып көрінеді. Осындай иллюзия байқалатын адамдарда, заттардың салмақтарын қабылдауы бойынша белгілі бір құрылым қалыптасты делінеді

Д.Н. Узнадзенің ойы бойынша, құрылым зейін үрдісімен тікелей байланысты және адамның ішкі зейін жағдайын көрсетеді. Импульсивті мінез құлық жағдайында көрсетіледі.

Зейіннің болмауымен байланысты субъектінің белгілі психикалық қатарының, сезімдерінің ойларының, образдарының пайда болуы осылайша түсіндіріледі. Әрбір белгі құрылым жағдайының өзектілігі негізінде субъект саласында бітқатар күйзелістер, психикалық мазмұндар туады.

Д.Н. Узнадзе теориясында құрылым және объектілеу түсініктері бір-бірімен байланысты.

Ол белгілі бір бейне құрылымы немесе әсерленуі қоршаған шындықты қабылдау барысында алынғандарды ерекшелеу ретінде трактатталады. Осы бейне немесе әсер зейіннің объектісі болады .

Зейін туралы қызықты теориялық тұжырымды П. Я. Гальперин ұсынды.

Ол тұжырымның негізгілері мынадай:

  1. Зейін – бағдарлы зерттеу әрекетінің бір сәті болып табылады. Ол бейне мазмұнына, ойлауға бағытталған, яғни берілген уақытта адам психикасының феномені болып табылатын психологиялық әрекет болып көрінеді.
  2. Функциясы бойынша, зейін мазмұндарды бақылау түрінде көрінеді. Адамның әр әрекеті бағдарлау, орындау және бақылау бөлімдерінен тұрады.
  3. Белгілі бір өнім шығаратын әрекеттерге қарағанда, бақылау немесе зейін әрекеттері өз бетінше нәтижелі болмайды.
  4. Зейін дербес, нақты акт ретінде, ой әрекеті кезінде ғана емес, сонымен қатар қысқартылған әрекет кезінде де көрінеді. Бақылауды зейін ретінде қарастыруға болмайды. Зейін қандай бір үрдісті жақсартуға негіз болған жағдайда, бақылау әрекеті ғана бағалайды.
  5. Зейін үрдісінде бақылау критерийі, шаралар, үлгі сияқты әрекеттерді салыстыруға мүмкіндік беретін әрекеттер көмегімен жасалады.
  6. Ырықты зейін жоспарлы түрде жасалатын зейін, яғни алдын-ала жасалған бақылау түрі.
  7. Ырықты зейіннің жаңа тәсілін қалыптастыру үшін, негізгі әрекетке қосымша әрекеттермен бірлестікте жүргізу барысын, нәтижелерді тексеру, сәйкес жоспар жасап дамыту сияқты тапсырмаларды ұсыну қажет.
  8. Бақылаудың ырықты және ырықсыз функцияларын орындайтын, белгілі зейін актілерінің барлығы жаңа ой әрекетінің қалыптасу нәтижесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *