Ырықсыз зейін кейбір зерттеулерде пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл ескі түрлі атау, да мәні ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді.
Пассивті зейін объектіге бағытталған санын шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындағы арақатынастың мәнісін білдіреді.
Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендіргіш ішінен күші басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады.
Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі қызыл түстің көзге әсер ету коэффициентінің күшті екендігінде. Осы орайда мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды.
Оқушыларды байқаудың көрсеткіштері бойынша, зейіндерін жақсы ұйымдастыра алу оқуды жақсы үлгеріміне әсер ететін фактор ретінде болды. Сонымен бірге үлгерімінің зейін қасиеттерін дамытуға ықпалы да болады.
Арнайы талдау бойынша зейіндері кең, тұрақты және жақсы бөле алатын оқушылардың, зейіндері тар, тұрақсыз және дұрыс бөле алмайтындармен салыстырғанда әлдеқайда оқуда жақсы үлгере алатындары көрінді.
Зейіндерінің қасиеттері төмен дамыған оқушылардың үлгерімдері және қылықтары жайлы әңгіме ерекше зерттеуді талап етеді.
Негізгісі оқушының өзінің өзгерістерін өзі ұғына алуы қажет. Ондай болу үшін, өзін, тұлғалығын, білімдері, икемділіктері және дағдыларының құрылымын, іс-әрекетінің процессуалдық жақтарын, кемшіліктерін талдап үйренуі тиісті. Бастысы, оқушы болашаққа жоспарын ертеректе қандай болғанымен, не білетінімен салыстыра ұйымдастыруы болады.
Осылай өзін-өзі бақылау, өз бетінше тапсырмалар мен тәсілдерді, әрекеттерінің нәтижелерін ескеру тек қана рефлексияның — өзінің даралығына, қылығына тұлғалық ерекшеліктеріне зейінінің дамуы негізінде ғана болады. Өзін-өзі бақылауды ұйымдастыра, өзінің іс-әрекетін және қылықтарын игеруі мүмкін.
Өзін-өзі бақылау үрдісін ұйымдастыруда таным әрекеттерінің ішінде зейіннің қасиеттері ерекше әрі маңызды орында. Әсіресе бақыланатын объектіге сананы бағыштап шоғырландыру және қажет уақыт аралығында мақсатқа сәйкес тұрақтатып нысананы түзету мәселесі зейіннің жоғарыда аталған қасиеттерімен дәнекерленеді.
Дегенмен зейін туралы жалпы айту мүмкін емес. Оның көрінісінің көпжақтылығы мен салыстырмалы тәуелсіздігі біржағының жақсы басқаларының нашар дамығанын көрсетеді.
Бірақта, бірін-бірі алмастыратын және толықтыратын жайлар кездеседі.
Зейіннің күшті жақтары оқу–тәрбие үрдісінде т. б. іс-әрекеттің түрлерін орындауда өзін-өзі бақылауды алғы жоспарға жетелеп негізгі орындаушы міндеттерді өзіне алады.
Зейіннің іс-әрекеттегі бақылаушы функциясы зерттеп талдаған ғалым П. Я. Гальперин өзінің тұжырымдарында жеке адамның еріктік сферасын дамытудың ерекше маңызды рөл атқаратынын атаған. Оның пайымдауынша ерікті әрекеттер мен амалдар – мәнісі құрылымы жағынан өте күрделі үрдіс.
Ерікті амал – мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет.
Ондай әрекет бірнеше кезеңдерден тұрады:
— мақсат қойып, соған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі);
— мақсатқа жету мүмкіндіктерін түсіну (мақсат қою);
— ниет-тілектердің пайда болуы;
— ниеттер тартысы және оның бірін қалау;
— тоқтамға келу үшін мүмкіндіктерінің бірін қалау;
— тоқтамға келген шешімді орындау.
Еріктің осы аталған кезеңдері зейіннің келесі сапалық жақтарымен тығыз байланыста болған көптеген зерттеулерден белгілі.
Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне тартып алады. Кез келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ, тітіркендіргіштердің жаңалылығы да еріксіз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокөлік, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы – ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адамның таным әрекетіне көңіл-күйге қатты әсерлер ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер, т.б. Адамды таңдандырып, сүсіндіретін құбылыстар да зейінді өзіне ырықсыз аударады. Көркемөнер туындыларының да адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық үрдістер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Ырықты зейін, ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бірі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеті белгілі бір шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші, есепші, тәжірибе жүргізуші, ғалым алдын-ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығару мүмкін емес.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу іс-әрекеті балалардың шама шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастыруға тиісті. Талпыныстың нәтижелі болуы баланың өзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі іс-әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек.
Жұмыс орнының қолайлы болуы – ырықты зейіннің тұрақты болу шартының бірі. Жұмыс орнында баланың көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпау керек. Мысалы, сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың белсенді жұмыс істеп отырған көңілін бөледі.
Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты – адамның психологиялық күйі. Шаршап шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар тағы басқалар ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білумен адамның міндеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді. Адамның күрделі мәселелерді шешу, жаңа терминдермен шетел тілін меңгеру – мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.
Үйреншікті зейін – зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғандай, ол ырықты зейіннен кейін ұйымдастырылады. Үйреншікті зейін дегеніміз-қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.
Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ, бұның қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды жағдай –істің нәтижесі.
Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы — әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай — ақ ойнап — күліп жүріп тындыра береді. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.
Зейіннің жоғарыда қарастырған үш түрі де бір-бірімен алма кезек өзгеріп, бір-біріне ауысып отырады.
Сыртқы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Мұны перцептивті зейін деп атайды. Ішкі зейін – сананың ішкі әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды, өйткені, олар өз жан — дүниесінің сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін — бірі тежеп отырады. Себебі сыртқы және ішкі құбылыстарды бір мезгілде бағдарлау қиын.
Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар. Бұлар адамның сыртқы қимылдары, еріннің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл қозғалыстары арқылы байқалады. Ішкі зейіндер сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл — қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлай білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты. Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес. Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен бастан кешкендерге, көтерілген қылықтарға зейін аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.
Ұжымдық зейін – бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ түсіндіруі жатады. Бір сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бір қалыпты ұстау мүмкін емес. Бірен-саран оқушының зейіні басқа нәрсеге ауып кетуі мүмкін.
Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде зейіні ауытқитындар да кездеседі.
Мұндай жағдайда жеткіншектің іс-тәжірибелері ерекше орын алады.
Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл зейіннің кісі өзі оқығанда, есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.
Зейіннің арнайы мәні, тұлғаның объектіге қатынасы ретінде айқындалып, осы түсінікті ерекше пікір талас етті. Осы орайда ағылшын эмпирикалық психологиясының өкілдері – ассоцианистер өз пікірлерін ұсынды. Олар зейінді тіпті психология жүйесінде де енгізбеген. Олар үшін тұлғаның да объектінің де мәні болмаған, тек олардың ассоциациялары және көріністері болған, сондықтан да олар үшін зейін мәнсіз.