1.Тексерудің түрлері. Сауалнама (ауызша, жазбаша, еркін, жоспарланған, фронтальді, жекелік). Практикалық тапсырмалардың орындалуы.
2.Студенттер мен оқушылардың білімін тексерудің формалары: коллоквиум, сынақ, емтихан, бақылау жұмысы, пәнаралық бағалау, тест, рейтингті бағалау, қорытынды тексеру және білім және білікті бағалау.
3.Психологиядағы тақырыптарды өтудегі бақылау жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары. Бақылау жұмыстарын өткізу әдістемелері.
Оқу нәтижелерін бақылау (аралық және соңғы) жекелей әңгімелесудегі оқу материалын меңгеру тереңділігі күнделікті тексеруден көрінеді, сонымен бірге топтық сабақтарда, бақылау жұмыстарында, курстық және дипломдық жұмыстарда, сынақ және емтихандар.
Оқу іс-әрекетін педагогикалық бақылаудың негізгі қызметтері:
— студенттердің өткен оқу материалдарын игеруінің сапасын тексеру және осы сапаны бағалау;
— барлық студенттердің оқу бағдарламасын игеруінің жолын орташа деңгейін анықтау және оқу процесінің тиімділігін бағалау;
— анықталған кемшіліктердің алдын алу бойынша негізгі түзету шараларын жоспарлау және қол жеткен жетістіктерді көбейту (оқу іс-әрекетін ұйымдастырудағы жағымды тәжірибелерді оқу және тарату, оқыту әдістерінің тиімді тәсілдерін тарату, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру).
Семинар, сынақ, емтихан өткеннен кейін, бақылау, курстық және жазба жұмыстарын тексергеннен кейін, оқу процесін түзету бойынша шаралар жүргізіледі, олар оның сапасын көтеруге бағытталады.
Педагогикалық бақылау жүйесі тиімді қызмет ету үшін керек шарттар:
— бақылаудың объективтілігі (оқытушылар мен студенттер келісілген критерийлер бойынша бағаланатынын алдын ала білуі);
— бақылау нәтижесіндегі баға сенімсіздік тудырмайды (бақылаушылар жағынан да, бақыланушылар жағынан да, себебі олар екі жаққа да белгілі объективті критерийлерге негізделген);
— бақылау және оның нәтижесінің жариялығы (студент, оқытушы, декан немесе кафедра меңгерушісі) көре алады, студенттер өзін белсенді, жағымды жұмысқа бағыттайды.
Оқу іс-әрекетін емтихандық әдістемемен бақылауды қарастырайық!
«білім + іскерлік = емтихан».
Күнделікті педагогикалық бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдер.Күнделікті педагогикалық бақылауға оқытушының күнделікті әрекеттерін жатқызуға болады, ол «кері байланыс» каналдары бойынша алған мәліметтер оқу процесіне түзетулер енгізеді.
Бұл оқытушының дәріс барысында аудиториядан белгі негізіндегі түзету әрекеті болуы мүмкін, мысалы, дәріс мазмұнына қызығушылықтың төмендеуі байқалса —
- дәріс мазмұнына жаңа бір нәрсе қосу;
- сөйлеу мәнерін өзгерту.
Студенттердің оқу материалын игеру дәрежесіне бақылауды оқытушы әр түрлі топтық сабақтарда жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық сабақтарда білмеу және істей алмау себептерін анықтауға тырысады және осы сабақта материалды игерудегі кемшілікті жояды. Бұл түсінбегенді қосымша түсіндіру түрінде болады. Практикалық талдау түрінде де жүреді. Теориялық білімін шындықта (практикада) пайдалану арқылы. Мысалы, сабақ конспектісін құру.
Семинар, пікірталас және басқа топтық сабақтарда интерактивті әдістерді пайдаланып өткізілетін (іскерлік ойын, «дөңгелек үстел», «миға шабуыл») оқытушы түзетуді топтық талдау барысында жүргізеді. Ол мұны итермелеуші сұрақтармен, қосымша есептермен жасайды. Оны шешуде студенттер өздерінде бар білімді пайдалана алатындай жасайды.
Топтық сабақтар жалпы деңгейді бақылауға көмектеседі, студенттердің бағдарлама материалдарын игеру барысын және игеруге қиын мәселелерді анықтайды. Келесі сабақтарда түзету жұмыстарын ұйымдастыру үшін.
Студенттердің дәріске зейіндерін белсендендіру үшін не істеу керек?
- ал, енді ең маңызды ойды жазамыз;
- айтып жазғызу;
- мысал келтіру.
Тәсілдер жағымды, іске жинақтайтын болу керек, тыйым салатын, кінәлайтын, сынайтын, мұқататын болмауы керек.
Күнделікті педагогикалық бақылауға студенттердің бірқатар жазба жұмыстарының түрлерін жатқызамыз. Бұл: 1-2бет, көлемі шағын практикалық тапсырмалар (психологиялық талдау, психологиялық мінездеме) «менің досымның мінезі», «менің топтасымның темпераменті», «оқытушы мен оқушылар арасындағы тартысқа психологиялық талдау».
Мұндай жазба жұмыстары студенттердің теориялық білімдерін практикада пайдалануға үйретеді, ал оқытушыға тақырыпты меңгеру барысын бақылауға көмектеседі. Жазба жұмыстарын студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетінің өмірлік материалдарынан болғаны дұрыс. Мысалы, эксперименттік психологиядан практикум — әдістемелерді іріктеу, жүргізу, талдау, таблица, схема.
Студенттер үшін психологиядан теориялық білімді пайдалану іскерлігі болса, ал оқытушы үшін – студенттердің психологияның теориялық сұрақтарын игеруінің сапасына педагогикалық бақылау формасы.
Бағалау әдістемесі – оқыған пәнін меңгеру сапасы.
Емтиханда студентке баға қою өте күрделі. Баға бір жақты сияқты – студенттерді оқытушы бағалайды, бірақ бұл студент – оқытушыны бағаламайды деген сөз емес.
Екі жақ та мұны біледі және сезеді, екеуі де баға жағымды болғанына ниетті. Студент өз біліміне жақсы және өте жақсы баға алғанын тілесе, ал оқытушы өзінің талап қойғыштық және әділ педагог тілегін сақтайды.
Егер студент үшін ең жоғары баға «5» болса, оқытушы үшін – бұл әділ оқытушы беделі.
- «талап қойғыш, бірақ мейірімді, бағаны босқа төмендетпейді»;
- «мейірімді, бірақ талап қойғыш – «бесті» бостан бос қоймайды».
Студенттердің арасында жоғары беделге ие оқытушылар – шығармашылық ойлайтын және көп білетін (терең және әр қырлы білім беретін) және сонымен бірге қатал және әділ (студенттерді жетістігіне қарай бағалайтын).
Емтиханда оқытушы студенттерге екі көрсеткіш бойынша бағаны қою керек.
«білім» – «іскерлік». Білімді практикада пайдалану іскерлігі.
Оқытушы басқалардан жақсы біледі өзінің пәні бойынша студенттер нені білуі және осы білімдер көмегімен нені жасай алуы керектігін.
Студенттің білімін бағалауға талдау:
1) Оқытушының мінез-құлқын алдын ала білу: студент үнемі дайындалса, емтиханда жоғары баға алатынына сенімді. Мұндай сенімділік туындайды, егер оқытушы студентті қателіктерінен ұстамайды. Ойлауды талап ететін сұрақтар қоймайды.
2) Шығармашылық жұмыс істейтін, беделді оқытушы емтиханды студенттерді тартудың құралы ретінде құрастырады (қатал емтихандардан қорқып, жақсы оқиды). Емтихан кейде әңгімелесуге айналады, студент тек жауап бермейді, сонымен бірге өзінің қателіктері бойынша белгілі түсіндірулер алады. Оқытушының мұндай тәсілі студенттерге ұнайды, ол стрессті түсіреді, келешекте қалай оқу керектігі туралы қорытынды жасайды.
3) Оқытушы алдын ала, пәнді оқытудың бірінші күнінде студенттерге қандай талаптар қоятынын айтады. Ол кітапты оқып, бәрін жаттап, есте сақтау еместігін, объективті дүниенің заңдылықтарын білуді түсіндіреді. Студентке шығармашылық керек, жаттандылық емес.
Студент – тек білуі ғана емес, осы білімдерді пайдаланып, бірдеңе жасай алуы талап етіледі.
4) Жақсы оқытушылар тәжірибесін зерттеуден мынадай қорытынды шығады, олардың беделі принципшілдігі. Олар студент емтиханда жоғары баға сұрағанын ұнатпайды. Мұндай қылыққа ол ешқашан алданбайды.
Студент адам өзі туралы жақсы біледі, басқаларға ол туралы қарағанда деп ойлайды.
«Адам өзі туралы басқа адамдардың ол туралы пікірі арқылы біледі».
Негізгі ұғымдар: тексерудің түрлері, сауалнама (ауызша, жазбаша, еркін, жоспарланған, фронтальді, жекелік), практиалық тапсырмалар, білім тексерудің формалары: коллоквиум, сынақ, емтихан, бақылау жұмысы, пәнаралық бағалау, тесет, рейтингті бағалау, қорытынды тексеру және білім және білікті бағалау.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.
7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.