1.Оқу іс-әрекетіндегі педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары (бағыттаушы, белгілеуші, бақылаушы).
2.Педагогикалық бақылаудың ұйымдастырылған принципі.
3.Білім алушылардың білімін тексеру және бағалау бойынша іс-шараларды жоспарлау
Педагогика мен педагогикалық практикада бақылау кең мағынасында бір нәрсені тексеру, тар мағынасында кері байланыс принцпі ретінде түсіндірледі.
Педагогикада бақылау мына анықтамамен беріледі «Оқушылардың оқу әрекетін қадағалау сыртқы кері байланысты (бақылау, мұғалімнің бақылауы) және ішкі кері байланысты (оқушының өзін өзі бақылауы) қамтамасыз етеді». Сыртқы кері байланыс бұл оқушының оқу материялын меңгеруін тексереді (бақылау жұмысы, жазба жұмыс, емтихан, сынақ, және т.б.). Оларды мұғалім ұйымдастырады. Ішкі кері байланыс – бұл оқушының қандай да бір сұрақ келісімі бойынша өзін тексеріп, оны оны қандай деңгейде меңгергеніне көз жеткізуі, басқа сөзбен айтқанда олар өздерін тексеріп бағалайды.
Педагогикалық психологияда «бақылау» оқу әрекеті ретінде қолданылады және ол оқу әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бақылау оқу әрекеті ретінде оқу әрекетінің соңғы нәтижесі бойынша материалдық меңгерілу сапасын тексеру емес, оқу әрекетінің барысымен жүріп, оқушының қажетсіз ойлау амалдарын (белсенді бақылау әрекеті) оқылып жатқан жарияға мән мен мазмұны жағынан сәйкес келуін белсенді тексеру. Оқу әрекетінде білімді меңгеру процесін басқару механизімдерін талдай отырып Н.Ф.Талызина бақылауды, оны реттеудің міндетті құрамдас элементі ретінде қарастырады.
Егер басқарушы әрекеті бағдарламаға сай жүзеге асып жатса, онда түзетуге қажет қосымша әрекеттің қажеті болмайды. Бірақ бағдарламадан сәл ауытқу пайда болса, педагог бірден түзету шараларын қолданады.
Сондықтан студентті алғашқы күннен бақылаудың оқу әрекетіне үйрету қажет әғни өзін-өзі қадағалауға үйрету. Ол арнайы үйретілмейді, оны оқу әрекетінің жағдайын үйрету керек. Оқу әрекеті, студент өз әрекетінің әр кезеңін біртіндеп орындауға, оны қадағалауға мүмкін болатындай ұйымдастырлуы қажет.
Оқу әректіндегі педагогикалық бақылаудың негізгі функцияларына (қызметтеріне) мыналар жатады.
- Өткен материалдарды студенттің меңгеру сапасын тексеру және осы сапаны бағалау.
- Барлық студенттің оқу бағдарламасын меңгеруінің жалпы орташа деңгейін анықтау және алға қойылған мақсат пен оқу нәтижесін салыстыру арқылы оқу процесінің тиімділігін бағалау.
- Байқаған кемшіліктерді жоюға байланысты негізгі түзету шараларын және жеткен жетістіктерді көтеру шараларын жоспарлау (тәжірбиені оқып , тарату, оқытудың тиімді әдіс тәсілдері , СӨЖ ұйымдастыру және т.б.).
Педагогикалық бақылаудың тиімділігін арттыру үшін мына шарттар орындалуы қажет.
- Бақылаудың әділдігі.
- Екі жаққа да белгілі обьективті критерилерге негізделген болуы керек.
- Бақылау және оның нәтижесі бәріне жария болуы қажет, бұл олардың қатесін түзеп, негізді қортынды жасауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы педагогикалық бақылау деп оқытушынан күнделікті әрекетін айтуға болады. Ол кері байланыс негізінде алған мәліметтерге қандайда болмасын түзетулер енгізеді. Бұл дәріс барысында түскен түрлі белгілер негізінде оқытушының түзету енгізуі. Лабораториялық және практикалық сабақтарда ол студенттің белсенділігінің, айта алмау себесін іздейді және осы сабақта алған кемшіліктер жойылады. Бұл түсініксіз жайттарды түсіндіру және семинар, пікірталас, т.б.
Беделді оқытушылардың тәжірбиесі студент білімін қатал әрі әділетті бағалау әдістемесіне қатысты бірнеше қортындылар жасауға итермелейді.
- Оқытушының студент өзіне сенімді болса, онда ол жақсы дайындалған, әрі жүйелі дайындалды, оған жоғары баға қойылуы керек деген ойы.
- Кез келген шығармашылық қызметтер әрі тәжірбиелі оқытушы емтиханға оқыту процесін реттеудің тиімді құралы деп қарауы.
- Оқытушы алдын ала студентке қандай талаптар қоятынын ескертеді.
- Принциптілікке негізделе отырып бағалау.
Психолог Д.Толлингерова өз еңбегінде оқу әрекеті барысында жіберлетін қателер түрін, оларды ескеру технологиясын қарастырады. Ол қателерді бірнеше түрге бөледі.
- көпке тән қателер;
- жекелеген қателер;
- қажет және кездейсоқ қателер;
- жіберуге болатын және жіберуге болмайтын қателер;
- «ақылды» қателер.
Қателерді бұлай бөлу оқытушының әрекетін ғана бақылауға бағытталған емес, бұл ең алдымен студентердің де өзін-өзі қадағалауға бағыталған.
Көпке тән қате — деп көпшілік оқушылар жіберетін қатені айтады.
Ал жекелеген қателер жеке индивидте кездеседі. Көпшілік қате оқытушының әдістемелік әрекетінен туындайды. Ал жеке қателер оқушының дұрыс емес әрекетінен шығады.
Сөйтіп көпшілік қате оқытушының өзінің әрекетін түзеудің қажетті белгісі болып табылса, жеке қателар оқушы әрекетінің қатесін түзету үшін берілген белгі болып табылады.
«Жіберуге болатын» қателар дегеніміз пәнді меңгеруге қатысы жоқ, пәнді игеру барысына қатысы бар қателер.
«Жіберуге болмайтын» игерудің толық емес екендігін көрсетеді және мәнді қате деп есептелінбейді. Жіберуге болмайтын қателерді түзету оқу процесінде пайдадан гөрі зиян әкеледі.
Себебі мәнсіз қателерге аса назар аудару түзету жұмысына пәндік әрекет сипатын береді. Мәнсіз қателер бақылаушы, түзетуші әрекетінің объектісіне айналмаса, ол өздігінен жойылып кеткен болар еді.
Қажет қателер оқу әрекетінен заңды түрде шығып отырады. Қажет қателерді алдын ала жоспарлап, олардың кездесуіне әдейі бағдар жасалады.
Кездейсоқ қателерді түзеу оқытушының өзінің қадағалаушы, түзетуші әрекетінің жоспарлауының көмегімен байланысты туындайды.
«Ақылды» қателер – деп оқушының ізденімпаздық интеллектуалдық әрекетінің, ойлаушы шығармашылық ақыл-ой процесінің болуын айтады.
«Жіберуге болмайтын қателер» оқу материалы жұмыс істеуге пәндік әрекет тен мақсатты дұрыс түсінбегенде болатын қателер.
Бұл қателер оқушының білімсіздігі мен білмеуінен туындамайды. Ол оқушының шығармашылық ойлауын, интеллектуалдық әрекетіне байланысты болады. Оқытушы осындай қателердің пайда болуына жағдай жасайды.
Қателерді типтерге бөлуі психология оқытушысына қадағалау және бағдарлаудың тиімді белгілерін береді.
Бақылау функциясының оқу әрекетінің міндеттерінде екі факторға байланысты өзгеріп отырады. Міндеттердің сипатының өзгеуіне байланысты, репродуктивті міндеттердің шығармашылық міндеттерге айналуы.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары, бағыттаушы, белгілеуші, бақылаушы, педагогикалық бақылаудың ұйымдастырылған принципі, нормативті бағалау, нәтижені бөлу негізіндегі бағалау, білім алушылардың білімін тексеру және бағалау бойынша іс-шаралар.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.
7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.