- Жетістік мотивациясы және аффилиация.
- Билік пен басымдылық мотивациясы.
- Жеке тұлғаның басқа да сипаттамалары.
Бұл тұрғыда тұлғаның жыныстық және балалық кезеңдегі айырмашылықтарына сәйкес ерекшеліктерін қарастыруға болады, мәселен жетістік мотивациясы, доминанттылық, агрессивтілік, мазасыздық, қамқорлық, реттеу локусы т.б.
Гендерлік психологияда гендерлік иденттілік ұғымы бар. Бұл сөз тіркесі адамның өзін белгілі жыныстың иесі ретінде ұсынуын білдіреді және соған сәйкес қылық әрекеттер көрсетеді.
Гендерлік идеология— әйелге немесе еркекке сәйкес қасиеттерді толытумен ерекшеленеді.
Гендерлік талаптар ұғымы бір жыныс өкілінің өз жынысына және өзге жыныс өкіліне деген қатынасы.
Қызықты заңдылықтар әлеуметтік «мен» концепциясы мен өзін өзі бағалауды талдауда көрінеді. Әлеуметтік «мен» концепциясы әйел жыныстыларда 1О жастан бастап қалыптасады.Олар өздерінің әлеуметтік қасметтерін жоғары бағалайды.
Өзін-өзі бағалауға сәйкес оның келесі аспектісі- тұрақтылық . Өзін-өзі бағалау көп жағдайда өзгелердің әсерінен өзгеруі мүмкін. Бұл қасиет көп жағдайда ұлдарда және ересек ер адамдарда әйелдерімен қыздарға қарағанда тұрақта болып келеді.
Ашынуға бейімділік. Ұл балалар өздерінің жеке ойларын және сезімдерін ата-анасына, достарына оп-оңай айта салмайды, ал қыз балалар бұл қасиетке бейім келеді. Ашық немесе жабық болудың өз минустары мен плюстары болады. Қыз балалар ұл балаларға қарағанда ерте жетілгендіктен, әлемге ерте бейімделіп, ересектердің өміріне ерте араласа бастайды, сәйкес қыз балалар ересектерге сене алады.
Қайтарымды байланыс реакциясы. Жас ер адамдар негативті қайтарымды байланысқа реакция танытпайды, керісінше позитивті қайтарымды байланысқа реакция қайтарады. Бұл тұрғыда әйелдер сезімтал болғандықтан олар екі байланысқа да реакция танытады.
Қарым-қатынастағы стресс. Қыздар мен ересек әйел адамдар да өзін-өзі төмен бағалау көптеген уайымдаулармен жақын адамдармен қарым-қатынастың қиындауынан туындайды. Ал еркектерде мұндай мәселелер өзін-өзі бағалауына әсер етпейді.
Қорғаныс механизмдері. Ер адамдарда басым болып келеді. Олар табиғатынан көп ашыла бермейтіндіктен жағымсыз қайтарымды байланысқа реакция танытпайды. Оларда есе қайтару, өзінің бағалауына кері әсерін тигізетін факторлармен күресу басым болады.
Жетістік мотивациясы және аффилиация.
Ер адамдар бала кезінен тұлғаның ерекшелікке емес, керісінше физикалық тұрғыдан жетістікке жетуге ұмтылады.Ал әйелдер адамдармен қарым-қатынас өзгелерге бағытталу өзгелердің толқымауынан қашу сынды мотивацияларға ие болып келеді.
Оқу және академиялық табыстармен байланысты мотивация негізінде 4 тен14 жас аралығында қыздар мен ұлдар көп жағдайда оқуға деген, меңгеруге деген мотивациясы бойынша ажыратылмайды жеткіншектік кезеңде нәтиже басқа жаққа өзгереді. Өздерінің шынайы жетістіктеріне байланысты ұлдар мен қыздар төрт бес жасында бөлінбейді.
Билік пен басымдылық мотивациясы.
Әдетте ер адамдарға билік пен басымдылық мотивациясы жазым келеді, ал әйелдерде ол мүлде кездеспейді. Ұл балалар алты жастан бастап есейгенге дейін өздерін өктем әрі басым сезінеді де сондықтан өз қылық әрекетін жоғары бағалайды.
Басымдылық көп жағдайда жануарларда кездеседі, кейде оны көсемдік деп атайды. Балаларда кездесетін басымдылық келесі типке бөлінеді:
-Агрессивті басымдылық- бұл көп жағдайда физикалық тұрғыдан күшті және агресивті ұл балаларға тән.
— Өзімшілдік және әлеуметтік доминанттылық- бұл типке көп жағдайда үштен алты жас аралығындағы қыз балалар жатады. Кейін жеті, он бір жас аралығы кезеңдерінде бұл типке қыздар да ұлдар да қатысты болады
— Макиавеллит басымдылық. Бұл термин италияндық ойшыл Николо Макиавеллидің есімімен байланысты.Басымдылықтын бұл түрінде қыздар мен ұлдарда айырмашылық кездеспейді.
— Контр басымдылық- яғни бұл тип қыздарға тән яғни қыздар ұлдарға басымдылық танытпайды және басындырмайды.
Екі жыныс өкілдерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар немесе ұқсастықтар жоқ тек олар басымдылықтың формаларын түрліше көрсетеді.