Әлеуметтік – психологиялық құбылыстар қатарында оларды басқару ұжымның бірлігін туғызатын, адамдарды бөліп орналастыру, олардың алмасуы, ақпарат қозғалысы, бірлескен қызмет, мамандарға басшылық ету сияқтыларды атауға болады. Мамандарды бөліп орналастыру ең алдымен принциптік негізде жүзеге асырылады. Адамдарды топқа іріктеу барысында кейбір әлеуметтік-психологиялық факторларды ескеру қажет: жас ерекшеліктерінің сәйкес келуі, білімдік деңгейі, өмірлік тәжірибесі және басқалары.
Сарбазға тәрбиелік әсері бар тағы бір маңызды құрал – ұжымның рухани жағдайының қайнар көзі ақпарат қозғалысы болып табылады. Қатынас нұсқасына, әдетте оны белсенді түрде жүргізетін және оны белсенді түрде қабылдайтын адамдардың ақпарат көзі жатады. Міндеттердің күрделілігіне байланысты қатынас нұсқасы да әртүрлі конфигурацияда болады: тізбек, жұлдыз, жүйе. Осы нұсқаның жұмысын басқаруға мыналар жатады: активтің оқуы, оның нұсқау жүргізуі, оның жұмысының реттелуін қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу және т.б.
Бөлімшенің жеке құрамының ауысуы (демалыс, іссапар, қызмет бабымен алға жылжу, жұмыстан шығу және т.б) да ұжымның бірлігіне, психологиялық жағдайына әсер етеді.
Ұжымдағы адамдардың қозғалысының, ауысуының мүлдем болмауы оқшаулану мен тоқырау белгілеріне, өте жиі ауысу тұрақтылықтың бұзылуына, психологиялық сенімсіздікке, тұтасу күшінің төмендеуіне және өзара ықпалдың азаюына әкеледі. Адамдардың сандық және сапалық сәйкестікпен қозғалысы мен ауысуын оңтайландыру, тәрбиелеу мақсатындағы аса қажетті ұжым өмірінің динамизмін сақтап қалады. Ұжымның бірлігі мен мықты психологиялық жағдайын қолдауды қамтамасыз ететін күшті фактор тәжірибелік бірлескен қызмет, әскери міндет, сарбаздардың әскери оқулары, олар дәлелді, мақсатты, ұйымдасқан, нәтижелі болған кезде.
Әскери ұжымдағы теріс психологиялық құбылыстарды жеңіп шығу
Теріс психологиялық құбылыстарға адамдардың белсенділігін тежейтін, көңілін алаңдатып, арандататын негізсіз ақпараттардың жабық немесе ашық түрдегі қозғалысы, әртүрлі апатты немесе қасақана айтылған сыбыс, желбуаз бос сөздер, өсек-аяң және т.б жатады. Мұндай қатынас нұсқасын тыю қажет. Офицер немесе БӘД пәнінің оқытушысы мұндай нұсқадағы теріс ықпалды байқап, оған оперативті, ресми ақпаратты қарсы қояды, бөлімшенің жеке құрамына, ұжымға, сыныпқа саяси оқу жүргізеді.
Теріс психикалық құбылыстардың басқа бір тобы үрей және оның топталып көрінуі байбалам. Физиология тұрғысынан үрей – бұл тым күшті сыртқы тітіркендіргіштерден болатын ми қабының тежелу күйі. Қорқудың мазасыздану, қобалжу, үрейлену, жабырқаңқылық, қорқу, шошыну, аффектілі үрей сияқты түрлері бар. Осының бәрі сарбаздың психикалық табандылығын бұзады, оның тәртібі мен әскери қабілетіне теріс әсерін тигізеді.Үрей, байбалам – бұл алдамшы немесе асырып айтып жіберген қауіп жағдайында адамның немесе жұртшылықтың бойын билеген абыржу, сасқалақтау.
Ұрыста қорқыныш пен үрейді жеңіп шығуға не көмектеседі?
Ең жақсы құрал – бұл сарбаздардың мықты, адамгершілік – саяи сезімі, ерік-жігері, соғыстың әділеттілігін айқын ұғыну, жеңіске деген сенім, жоғары әскери шеберлік, психологиялық дайындық.
Ұжымдағы теріс психологиялық құбылыстар туралы айтқанда топқа бөлінушілік пен жалған достықтың алдын алу туралы жұмыстың маңыздылығын ерекше атап кету қажет.
Жеке тұлғалар арасындағы қайшылықтардың алдын алу және жеңіп шығу.
Ұжым достық ынтымақтастық қатынасы мен адамдардың өзара көмегіне негізделеді. Сонымен бірге жекелеген топтарда да дау-жанжал, келіспеушілктер болуы мүмкін. Әскери ұжымның ерекшелігінің бірі әртүрлі өндірістік, спорттық ұжымдардан келетін адамдардан құрылатындығы. Бұл адамдардың барлығы идеологиялық жағынан бірдей дәрежеде шынықпаған, жалпы және кәсіби дайындықтары бірдей емес, ұжымдық даму деңгейі де әртүрлі мұның бәрі олардың әскери ұжымдағы бейімделуіне әсер етеді.
Ұжымдағы өзара түсініспеушілік келіспеушілік жағдайларына әкеліп соғады. Ұжымдағы келіспеушіліктер мынадай себептерден туындауы мүмкін:
— жеткіліксіз дайындық, басшылардың тәжірибесінің аздығы, адамдарды немесе олардың нақты қызметін басқара алмау, ұжымның өсу деңгейіне басшылық ету стилінің сәйкес келмеуі:
— олардың арасында әлеуметтік жағынан өспеген адамдардың болуы: бас бұзарлардың, ашкөздердің, өзімшілдердің, мансапқорлардың, талан-таражға салушылар, ішкіштер және т.б.;
- жекелеген мүшелерінің саналы тәртібінің болмауы;
- жұмыс стилінде қалыптасқан салғырттық, бұл кейде қызметтік міндетте немесе басқа шығармашылықта жаңашылдыққа қарсы келеді;
- аурумен шектесіп жатқан (қазымырлық, қызғаншақтық, өсек-аяңға, дау-жанжалға бейімділік) ұжымның жекелеген мүшелерінің мінез-құлық сипаты;
- жекелеген адамдардың қарым-қатынасынан көрінетін арамдығынан, мейірімсіздігінен, мансапқорлығынан, дөрекілігінен, сыпайылықтың жоқтығынан байқалатын адамгершілік тәрбиенің жетіспеуі.
- Жекелеген адамдардың өзара бір-бірін түсінбеуі немесе түсінгісі келмеуі (өз атына айтылған сынды беделін әдейі түсіру деп қабылдайтын, теріс ниетдеп ұғу және т.б.);
- қоғамдық және топтық мүдделер арасындағы қарама-қайшылық (ведомстволық, рушылдық және т.б.);
- жекелеген тұлғалар сияқты топ және ұжымның үмітінің ақталмауы. Дау – жанжалдың мынадай түрлерін айтуға болады: тұлға ішілік дау қандай да бір ішкі қайшылықтардан шығады, мысалы, жеке тілегі мен объективті мүмкіндіктерден, күмән себебімен күресу, теріс ұғым және т.б.
Сыртқы проблемалық жағдай да субъектіге не тапсырылды және ол сонымен неге қол жеткізу керектігі арасында ішкі қайшылық туындауы мүмкін.
Кереғар жағдайларды жеңіп шығу үшін педагогикалық және әкімшілік шаралар бар. Педагогикалық шаралар ұжымды, оның адамгершілік-психологиялық дамуын сақтап қалуды қамтамасыз етеді. Педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің басты құралы — тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің негізгі әдістерінің бірі ретінде сенім әдісі болып табылады. Әкімшілік шараларға мәжбүр ету (мысалы, басқа ұжымға ауыстыру) және тәртіптік жаза жатады. Кез-келген даудың негізінде әдетте, кейбір адамдардың тәртібі басқалар күткендей болмай жататынын ескеру қажет. Бұл әрбір адамның мүмкіндігі мен қалауы, көзқарасы әртүрлі екендігімен түсіндіріледі.
Әскери ұжымға неғұрлым тән нәрсе ұйымдағы әскери қызметшілердің әскери оқулардағы, қызметтегі және тұрмыстағы кемшіліктерінен көрінетін жағдайлар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.