Психология пәнінің зерттеу объектісі
- A) Құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді
B)& Психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді
- C) Жан туралы ғылым
- D) Психиканың пайда болу деңгейін зерттейді
- E) Сананың даму жолын зерттейді
*****
Эмпирикалық мәліметтерді жинаудағы психологиядағы негізгі әдіс
- A) Әңгіме
- B) Бақылау
C)& Эксперимент
- D) Интервью
- E) Анкета алу
*****
Сана дегеніміз не
A)& Сана — психика дамуының жоғарғы сатысы
- B) Тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі
- C) Сана адамдарға да, жануарларға да тән қасиет
- D) Физиологиялық процестердің ми қабығында жасалынуы
- E) Болмыстың мида бейнеленуі
*****
Инстинктік әрекет деген не
- A) Ортаның өзгеріп отыратын жағдайына икемділігінің артуы
B)& Жануардың биологиялық өмірінде тұқым қуалайтын ,бойындағы мінезінің пайдалы жағы
- C) Жануарлар психикасының ең икемді түрі
- D) Қимыл әрекеттерді жүйелі түрде қайталаудың әсерінен болатын қасиет
- E) Жаттығу нәтижесінде пайда болатын құбылыс
*****
Интеллект деген не
- A) Уақытша жүйкелік байланыстары күрделене келе, қайталаудың нәтижесінде жануарлардың елестету қабілетінің өсе түсуі
- B) Организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден үйренгенін көрсететін құбылыс
C)& Заттар арасындағы байланыс пен қатынастарын бейнелегенде, бұрын өмірінде кездеспеген жаңа міндеттерді жануарлардың шеше бастауы
- D) Жануарлардың жүйке жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті
- E) Физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы
*****
Дағды деген не
- A) Тұқым қуу арқылы қалыптасатын іс-әрекет
B)& Жануарлардың дағдысы туа берілген қимыл-қозғалыстар мен кездейсоқ қозғалыстарды қайталау арқылы қалыптасады
- C) Дағды табиғи сұрыпталу жолымен жасалады
- D) Биологиялық мұқтаждығын қанағаттандырудан туындайды
- E) Физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы
*****
Шартты және шартсыз рефлекстер ұғымын ғылыми тұрғыда қарастырғандар:
- A) В.М.Бехтерев
B)& И.М.Сеченев пен И.П.Павлов
- C) К.Линней
- D) Р.Декарт
- E) З.Фрейд
*****
Бірінші сигналдық жүйенің мазмұны:
A)& Заттармен бетпе-бет кездескенде сезім мүшелері арқылы түйсіну, қабылдау, елестету
- B) Ойлау мен сөйлеудің мазмұны
- C) Тек адамға ғана тән
- D) Шартсыз рефлектерге сүйенбейді
- E) Шартты рефлекстің негізінде пайда болады
*****
Екінші сигналдық жүйенің мазмұны:
A)& Сөз, сөйлеу және олардың негізінде туатын уақытша байланыстар
- B) Адамға да, жануарларға да тән
- C) Адамның шығармашылық қиялының сырқа шығуы үшін қажетті шарт
- D) Айналадағы болмыс пен шындық жайлы дұрыс елес тудыру
- E) Шартсыз рефлекстерге сүйенбейді
*****
Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқандар:
- A) А.Н.Нечаев, П.М.Рубинштейн, Г.С.Костюк
- B) Д.Б.Эльконин, Д.Н.Узнадзе
C)& Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, Ә.Темірбеков, С.Балаубаев
- D) В.М.Теплов, В.А.Запорожец
- E) Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев
*****
Төл тіліміздегі тұңғыш шыққан «Психология» оқулығының авторы:
- A) В.Я.Струминский, 1923 ж. Орынборда
B)& Ж.Аймауытұлы, 1926 ж. Ташкентте
- C) Ә.Темірбеков, С.Балаубаев, 1966 ж. Алматыда
- D) Т.Тәжібаев, Алматы, 1998
- E) Қ.Жарықбаев, 1986 ж. Алматыда
*****
Түйсіну деген не
A)& Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуі
- B) Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі
- C) Адамның даралық психологиялық сипаты
- D) Заттар мен құбылыстардың субъективтік образдарын жаңартып, өңдеп, бейнелейтін процесс
- E) Жеке адамның психикалық сапасы
*****
Төменде берілген мысалдардың қайсысы түйсінудің төменгі табалдырығына жауап бере алады
- A) Бөлменің бұрышына барып, алыстау тұрған адам қол сағаттың тықырын естімейді
B)& Біреу алақанындағы бір мм квадрат аумаққа түсетін 3 гр-нан бастап сезеді, ал енді біреуі 6 граммнан бастап сезеді
- C) Тітіркендіргіштердің күші мен түйсік арасындағы байланыс
- D) Түйсіктердің қарама-қарсылығы
- E) Адамның іс-әрекетінің қажетті шарты
*****
Сезгіштік деген не
- A) Сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргішті түйсіне алуы
B)& Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін айтады
- C) Сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуы
- D) Әртүрлі себептермен туындайтын қызу өтетін эмоциялық күйдің жоғары түрі
- E) Мидың рефлекстік қызметі
*****
Қабылдау процесінің мазмұны:
- A) Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді
- B) Сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі
C)& Зататар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі
- D) Жеке адамның психикалық сапасы
- E) Дүниені танып білудің алғашқы сатысы
*****
Әрқашан да қабылданатын затқа не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықтың бұрмаланып, теріс қабылдануына орай төменде берілген қабылдау ерекшеліктерінің қайсысы теріс қабылдауға жатады
- A) Қабылдаудың тұрақтылығы
B)& Иллюзия, галлюцинация
- C) Тұтастай қабылдау
- D) Структуралы қабылдау
- E) Қабылдаудың таңдамалылығы
*****
Тану процесінің мазмұнын анықта:
- A) Қабылданған материалдарды керек кезінде еске түсіре алмау, қателесу
B)& Бұрын қабылданған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс
- C) Есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс
- D) Жүйке клеткаларындағы тежелу процесінің дамуы
- E) Бұрын қабылдаған ақпараттың ұмытылуы
*****
Ұмыту процесінің мазмұны:
- A) Қайта жаңғырту процесімен тығыз байланысты
B)& Қабылданған материалды еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы
- C) Бұрын қабылданған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс
- D) Бұрын қабылдаған ақпаратты еске түсіру
- E) Азғана уақытқа не ұзақ уақытқа тану қабілетінің жоғалуы
*****
Естің даралық ерекшеліктерінің типтерін анықта:
- A) Сөз-логикалық, эмоциялық, бейнелік, қимыл –қозғалыс есі
B)& Көру есі, есту есі, қимыл есі, аралас ес
- C) Тану, ұмыту
- D) Мағыналық ес
- E) Мнемоникалық ес
*****
Ес процесіндегі амнезия құбылысы неге байланысты пайда болады
- A) Азғана уақытқа танымай қалуына байланысты
- B) Ми қабығындағы байланыстардың уақытша тежелуіне байланысты
C)& Мидың зақымдануына немесе ауруға шалдығуына байланысты
- D) Ұқсас нәрселерді жеке-жеке қабылдау нәтижесінде болатын нәрсе
- E) Ой түйіндерімен айтылған сөздердің елестері
*****
Реминисценция құбылысы қандай себепке байланысты туады
A)& Уақытша ұмытып, кешігіп барып еске түсіруден
- B) Жүйке жүйесінің қажып, шаршауынан
- C) Жүйке клеткаларының тежелуінен
- D) Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлауы арқылы туады
- E) Жүйке жүйесінің күйіне байланысты
*****
Ойлау процесінің мазмұны:
- A) Таным процестерінің ішіндегі күрделі әрі тек адамға ғана тән психикалық процесс
- B) Адамның дыбыс арқылы ойын басқа біреуге жеткізуі
C)& Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі
- D) Өмірдің қай саласында болмасын жаңалық ашу
- E) Адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты күрделі психикалық процесс
*****
Ойлаудың даралық айырмашылықтарын анықта:
- A) Ой қорытындысы, пікір
B)& Ойдың ұшқырлығы, кеңдігі, тарлығы, орамдылығы, дербестігі, жүйелілігі
- C) Мәнерлілігі, мазмұндылығы
- D) Бейнелік ойлау, абстракциялығы
- E) Ұғым
*****
Мәдени-тарихи теорияның негізін салған ресейлік психолог
- A) П.Я. Гальперин
- B) А.Н. Леонтьев
- C) С.Л. Рубинштейн
D)& Л.С. Выготский
- E) И.П. Павлов
*****
Қиял процесінің мазмұны:
- A) Адамның дүниетанымы, білімі және өмір тәжірибесінен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысады
B)& Адам бұрын жиналған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа бейнелер, соны елестер мен идеялар тудыру процесі
- C) Заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік алуы
- D) Бейнелердің сөз арқылы тұжырымдалуы
- E) Адамның байқампаздығына тәуелді
*****
Фрустрация деген не
- A) Адам халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы
- B) Кенеттен пайда болып, бұрқ етіп сыртқа шығатын қуатты көңіл-күй
C)& Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесінің күйзелуі
- D) Қуаныш сезімі
- E) Адамның таным, білімге байланысты қажырлы көңіл-күйі
*****
Жоғары сезімдерді анықта:
- A) Аффект, эмпатия, стресс
B)& Ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік-моральдық сезімдер
- C) Стеникалық, астеникалық сезімдер
- D) Кейіп, фрустрация
- E) Дистресс
*****
Ерік әрекетінің мазмұны:
- A) Адам көңіл-күйінің ерекше көріністері
B)& Адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті
- C) Адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіруі
- D) Ерікті болу адамдардың адамдармен тіл табысып кетуі
- E) Өз-өзінен пайда болатын адамның қажеттілігі
*****
Мінез көріністерінің мазмұны:
- A) Өзгермейтін, тұрақты психикалық қасиет
B)& Әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктерінің жиынтығы
- C) Жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік
- D) Тума қабілеттерден туындайтын адамның іс-әрекеті
- E) Адамның іс-әрекетін меңгере алу қабілеті
*****
Психологияның ғылым ретінде пайда болып, дүниеге тұңғыш келген жері:
- A) Мысыр мен Үндістанда /б.з.д. VI ғасыр/
- B) Қытайда /б.з.д. ХІІІ ғ./
C)& Ежелгі Грецияда
- D) Англияда /ХVғ./
- E) Германияда
*****
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған данышпан ғұлама
- A) Әбу Али ибн Сина /980-1037/
B)& Әбу-Насыр әл-Фараби /870-950/
- C) Ибн Рошд /Аввероеэс/ /1126-1198/
- D) Ибн әл-Хайсам /965-1039/
- E) Аристотель
*****
Субъектінің өткен тәжірибесіне негізделетін, сезім мүшелеріне тікелей әсер етпесе де пайда болатын зат бейнесі
- A) Түйсік
- B) Ұмыту
C)& Елестету
- D) Ес
- E) қабылдау
*****
Психика деген не
A)& Объективті шындықтың миымызда субъективті бейнеленуі
- B) Жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі
- C) Ақиқатты, объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы
- D) Адамның дара ерекшелігі
- E) Жануарларға ғана тән қасиет
*****
Психиканың ең жоғары сатысы — сананың дамуына әсер еткен негізгі факторлар:
- A) Организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті
B)& Қарым-қатынас, еңбек әрекеті
- C) Әлеуметтік тіршілік ортасының өзгеруі
- D) Биологиялық факторлардың әсері
- E) Тұқым қуалаушылықтың әсері
*****
Вегетативтік жүйке жүйесінің атқаратын қызметі:
A)& Адамның ішкі мүшелерінің әрекетін басқарады
- B) Миға сырттан келген әсерлерді жеткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын іске асырады
- C) Организм мен ортаның бірлігін сақтай отырып, олардың арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ету
- D) Ортаның ішінен организмге әсер ететін күрделі нәрселерді талдап ажыратады
- E) Адамның перифериялық жүйке жүйесінің әрекетін басқарады
*****
Вибрациялық түйсіну деген не
- A) Дененің кеңістіктегі орнын анықтайды
- B) Қимыл әрекеттердің жылдамдықтарын түйсіну
C)& Қозғалған заттардың ауаны толқытуын дененің сезіне алуы
- D) Заттардың механикалық және термикалық сипаттарының теріге әсер етуі
- E) Ағзаның ішкі күйінен хабар алу
*****
Синестезия қандай құбылыс
- A) Организмнің сыртқы тітіркендіргіштерге бейімделуі
- B) Сезгіштіктің тек артуын көрсететін құбылыс
C)& Түйсіктердің қосарлана жұмыс істеуі
- D) Ішкі факторлар әсерінен анализаторлардың сезгіштігінің төмендеуі
- E) Түйсіне алу қабілеті
*****
Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелердің тууын қабылдаудың қай заңдылығына жатқызуға болады
- A) Иллюзия
B)& Галлюцинация
- C) Апперцепция
- D) Константтылығы
- E) Таңдамалылығы
*****
Ой қорытындысы деген не
A)& Бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі
- B) Құбылыстар арасында байланыс орнату
- C) Қажырлы ақыл-ой жұмысының нәтижелі аяқталуы
- D) Ой арқылы әрбір объекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін көрсет
- E) Жеке бөлшектерден тұтас объектіні құрастыру
*****
Сөйлеу процесінің қызметі қандай
A)& Адам ойының мазмұнын сыртқа дыбыс арқылы немесе графикалық белгілер арқылы жеткізеді
- B) Пікір алысу процесінде жеке адамның ерекшеліктерін тану
- C) Заттар мен құбылыстарды жан-жақты танып білу
- D) Болмыстағы заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді және өзіндік белгі қасиеттерін бейнелеу
- E) Шындықты жалпылап бейнелеу
*****
Сөйлеу процесінің мазмұндылығы дегенді қалай түсінесің
- A) Адам ойының мазмұнын сыртқа дыбыс арқылы жеткізуі
B)& Ойдың айқындылығы
- C) Адамның объектіге эмоциялық қалпын білдіруі
- D) Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттерді біріктіру
- E) Ойдың екпінді, дұрыс айтылуы
*****
Сөйлеудің мәнерлілігі:
A)& Әрбір сөзді өзінің сазымен, ырғағымен айту
- B) Ойдың, сезімнің құндылығы, тереңдігі, мазмұндылығын ескеру
- C) Адамның білім дәрежесімен сипатталады
- D) Ойдың айқындылығы
- E) Ойды нақты баяндай білу
*****
Сезім:
- A) Сырттан әсер еткен сигналдардың адамға не жағымды не жағымсыз әсер етуі
B)& Адамның өзінен басқа адамдарға, айналасындағы дүниеге қатынасын білдіретін, оны бейнелейтін психикалық процесс
- C) Сезім жануарларға тән психикалық процесс
- D) Адамның биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты
- E) Адамның органикалық мұқтаждықтарды қанағаттандыруы
*****
Эмоция:
- A) Адамның органикалық мұқтаждықтарды қанағаттандыруы немесе қанағаттандырумен байланысты туатын жай-күйлер
B)& Адамның ішкі жан толғанысының бет әлпетінен білінуі
- C) Тек қана адамға тән
- D) Адамның өзіне, басқа адамдарға қатынасын білідіреді
- E) Адамдардың қоғамдық болмысына тәуелді
*****
Аффект:
A)& Аз уақыт болса да кенеттен булықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатын эмоциялық процесс
- B) Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштердің әсерінен адамның әлсіреп, қарсы әрекет жасай алмауы
- C) Біраз уақыт адамдардың көңілін билеп, мінез-құлқына әсер ететін жалпы эмоциялық күй
- D) Адамның тіршілік әрекетін жақсартып, өзіне күш беріп, шаттық туғызады
- E) Күшті түрде сыртқа шығып, ұзақ уақытқа созылатын процесс
*****
Төменде берілген тапсырмада эмоциялық жағдайдың қай түрін ажыратуға болады«Бір бала асық ойнауға, екіншісі марка жинауға, үшіншісі аквариумда балық өсіруге, ал өзге біреулері тіпті жағымсыз істерге /темекі шегу/т.б. бейім тұрады».
- A) Көңіл-күй
- B) Аффект
C)& Құмарлық
- D) Фрустрация
- E) Эмпатия
*****
Зейін дегеніміз не
- A) Жоғарғы формадағы психикалық процесс
B)& Адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс
- C) Адамның мінез-құлқын меңгере алу қабілеті
- D) Адамның өзіне, өзге адамдарға қатынасы, беретін бағасы
- E) Адамның жаңа, тың бейнелер жасауы
*****
Бір уақыт ішінде адам зейінінің бірнеше объектілерді қамти алу қасиеті
- A) Зейіннің алаң болушылығы
- B) Зейіннің күші
C)& Көлемі
- D) Тұрақтылығы
- E) Зейіннің бөлінуі
*****
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген:
- A) Ежелгі грек дәрігері – Гиппократ
- B) Неміс философы – И.Кант
C)& Академик – И.П.Павлов
- D) И.М.Сеченов
- E) В.М.Бехтерев
*****
Темпераменттің физиологиялық негізі неге байланысты
- A) Денедегі сұйықтардың мөлшеріне
B)& Жүйке жүйесінің жұмысына
- C) Организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне
- D) Мидың физиологиялық ерекшелігіне
- E) Организмдегі химиялық элементтердің азды-көптігіне
*****
Темперамент типтерін анықта: Жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін, ұйытқымалы, қимыл-қозғалысы шапшаң, басынан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, іске шапшаң кіріседі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары:
A)& Холерик
- B) Сангвиник
- C) Флегматик
- D) Меланхолик
- E) Интроверт
*****
Эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты, сыртқы көрінісі әлсіз келеді, сәл нәрседен ауыр әсер алып, олар бойын билеп кетеді, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, қимыл-қозғалысы ақырын, мәнерсіз ақырын сөйлейді:
- A) Холерик
- B) Сангвиник
C)& Флегматик
- D) Меланхолик
- E) Экстраверт
*****
Эмоциялық қозуы әлсіз, көңіл-күйлері әлсіз, байсалды, жігерсіз, бірсарынды сөйлейтін, кісімен араласып, жақындасуы аз, іс-әрекетті тиянақты орындайды:
- A) Холерик
- B) Сангвиник
- C) Флегматик
D)& Меланхолик
- E) Экстраверт
*****
Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды, көңіл-күйі шапшаң өзгереді, өте әсершіл, мәнерлі сөйлейді, қимылы көп, ақжарқын ашық келеді. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады:
- A) Холерик
B)& Сангвиник
- C) Флегматик
- D) Меланхолик
- E) Интроверт
*****
Адамның мінез-құлық әрекеті деген не
- A) Жүйке жүйесінің тума биологиялық ерекшеліктері
- B) Тұрақты, өзгермейтін психикалық қасиет
C)& Адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы
- D) Адамның әрқилы қимыл-әрекеті
- E) Мидағы оптималдық қозу ошағы
*****
Қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда туа пайда болатын жүйке қызметінің ерекшелігі не деп аталады
- A) Бейімділік
B)& Нышан
- C) Синестезия
- D) Амнезия
- E) Гипотеза
*****
Зейіннің мазмұнын анықта:
- A) Зейін – психикалық процестердің бірі
B)& Зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс
- C) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану
- D) Адамның әрқилы қимыл-әрекеті
- E) Мидағы оптималдық қозу ошағына байланысты