Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ұжымдардың көптеген түрлері бар. Әскери ұжымның осындай саралану белгілерінің бірі әскери қызметкерлерді офицер, прапорщик, сержант, сарбаздар деп қызметтік категорияларына (санатына) қарай бөлу.
Әскери ұжымдарды ұжым ішіндегі қарым-қатынас түрі бойынша айырады: біреулерінде іскерлік қатынас, өзара байланыс ұжымдық іс негізінде құрылады (әскери мамандар тобы қызмет көрсететін ұжымдық әскери техника мен қару бар жерлер), ал басқаларында қарым-қатынас ұжым мүшелері жеке іспен айналысатындықтан демалыс кезінде. Сонымен қатар саналы, өнегелі жағынан жетілу деңгейі, ұжымдық әскери шеберліктің, тәртіптің, қол жеткен нәтижелердің бірлігі т.б.сияқты сапалы сипаттамалар ескеріледі.
Штаттық-ұйымдастыру құрылымына (бөлімше) сәйкес құрылған ұжымдар әдетте негізгі әскери ұжымдар деп аталады. Сонымен қатар партиялық, жастар, спорттық, өнер ұжымдары, үйірмелер, секциялар және басқа да мүдде бойынша бірлестіктер бар.
Жеке тұлғамен ең жақын ұжым байланыс деп аталады. Мұндай ұжымды экипаж, топ, жұптық топ, жұптық барлау және т.б. құрайды.
Әскери ұжымның бірлік жолы
Әскери ұжым – бұл оның бірлігіне бағытталған тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыра отырып, оның шынайы, тірі әлеуметтік ағза екенін ескеру. Психологиялық заңдылықтар ескеріліп, ұжымды бірлікке тарту жұмысы төмендегі бағыттарда жүргізіледі:
- Басшының тәрбиелік ықпалы мазмұнға сәйкес, идеологиялық бастауы бар, қызметтік хабардарлықпен, жарғы талабына сай болуы керек.
- Басшы қарамағындағыларға үнемі көңіл бөіп отыруы керек, бұл әрқайсысын жеке алып, соған сәйкес адамдарды дұрыс орналастыруды талап етеді.
- Ұжымды бірлікке шақыру жөніндегі жұмыстың құрамына теріс бағыттағы топтардың туындауының, жалған басшылықтың, көңіл күйдің нашарлауы, қате пікірлерді бағаларды бекітудің алдын алу жөніндегі шаралар жатады.
- Басшы ұжымда орын алатын әлеуметтік психологиялық құбылыстарды ескеруі қажет, олардың дұрыс дамуы оның өмір сүруге қабілеттілігін, нығаюын алдын ала анықтайды.
- Дұрыс, бірлікке шақыратын өнегелі жағдай (орта) құру мақсатымен қоғамдық санаға, ұжым психологиясына дұрыс ықпал ету.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.