Жеке тұлға бұл қоғамдық табиғаты бар күрделі жүйе. Қоғам адамды адам ретінде жаратады. Қоғамдық мән жеке тұлғаның мазмұны ашылатын бастыны құрайды, сондықтан да оны толық әрі терең зерттеп білуде ең алдымен оның әлеуметтік табиғатын ескеру қажет.
Соның өзінде жеке тұлғаны биологиялық аспект тұрғысынан қарау керек, не адам тікелей табиғат туындысы.
Қарамағындағы жеке тұлғаның, оқушының олардың жеке бас ерекшелігін зерттеп білуді психикалық процестер, ең алдымен танымдық сипатынан бастаған дұрыс, не олар оқушының сарбаздың сәтті оқуы мен қызметтік міндетіндегі маңызды алғы шартты құрайды.
Бастапқы психикалық танымдық процесс сезіну болып табылады. Оның мәні жеке қасиеттер мен адамға тікелей әсер ететін зат және құбылыстар сапасының бейнеленуі мен қорытындыланады. Бұл әсерлер рецептордың арнаулы сезім жасушаларын тітіркендіреді (кө, құлақ, мұрын және т.б.), бұл жүйке жасушаларында қозудың туындауына әкеледі. Ол мидың өзіне сәйкес бөлігіне беріледі. Сезінудің көру, есту, дәм сезу, иіс сезу және басқа түрлері бар.
Бейімделу. Сезім мүшелеріне немесе оның болмау салдарынан тітіркендіргіштің ұзақ уақыт әсер етуінен сезімталдылықтың өзгеруі бейімделу деп аталады. Мысалы, адам түнде көшеге шыққанда бастабында ештеңені көрмейді де төрт бес минуттан кейін қараңғыға ақырындап үйреніп, маңайындағы заттарды ажырата бастайды.
Контраст құбылысы сезу процесінде бір ғана тітіркендіргіш сол уақыттың өзінде бастан өтетін басқа да сезінуге байланысты әртүрлі сезіледі. Жүйелі үлгілер. Тіпті тітіркендіргіш әсері тоқтағаннан кейін де сезу мүшелеріндегі қозу бірден жоғалып кетпейді. Тітіркендіргіш әрекеті тоқтаған кезде сезінудің жалғасуы жүйелі үлгі деп аталады.
Келесі танымдық процесс қабылдау деп аталады, ол сезіну барысындағы олардың жеке қасиеттері мен сапасы ғана емес, біртұтас заттар мен құбылыстардың бейнеленуі. Қабылдау қасиеті оның мәні адамның ол бейнелейтін мағынасы, ойы барлығында тенденция бар.
Қабылдаудың біртұтас сипаты адам санасындағы заттар бейнесі көптеген сапа мен қасиеттер жиынтығында көрінеді. Тіпті таныс заттың өзі адамға барлық қасиеттермен әсер етпесе де қабылдаудың біртұтас сипаты арқасында ол санада толық көлемде бейнеленеді.
Қабылдау бұл белсенді процесс. Назарда болатын нәрсе қабылдау объектісі деп аталады, сонымен бейнеленетін қалғандары фонды құрайды. Қабылдау көбіне адамның бұрынғы тәжірибесіне байланысты, дәл қазіргі сәтте емес, бұрында орын алған сана, көңіл күй, сезім, күйзеліс сонымен қатар қабылданатын заттардан адам нені күтетініне немесе нені қалайтынына байланысты.
Қабылдаудың бұрынғы тәжірибе мен адамның психикалық өмірінің жалпы мазмұнына тәуелділігі фпперцепция деп аталады. Нақты міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын әдейі қабылдау үнемі ерік жігерге байланысты. Әдейі қабылдаудың дамыған түрі қадағалау бұл нақты объектінің ұзақ, жүйелі түрде, дұрыс ымыралы қабылдануы.
Әскери қызмет жағдайындағы адамның сезімдері
Адамның өзінің танып жатқанына, ісіне, заттарына, құбылыстарға, басқа адамдарға және өз өзіне деген қарым қатынасы сезім деп аталады. Сезім адамды айналасына бағыттайды. Осыдан түсінетініміз, жастарға әскери сабақтарда, қызметте, соғыста болашақ әскер қатарына шақырылатындарда әртүрлі сәйкес сезімдерді қалыптастыруды қажет етеді.
Сезімнің қандай ерекшеліктері бар? Біріншіден, адам сезімі психикалық, танымдық үрдістен мазмұнымен ерекшеленеді. Танымдық үрдістерде адам айналаны бейнелейді. Сезім мазмұнына адамның қабылдап үйренгендері жатады. Екіншіден, адам сезімі сапа жағынан әр салалы. Түйсік жайлы сөз қозғағанда тек он екі түрін ғана айтуға болады. Ал сезімнің ондаған түрі мен реңктері бар. Үшіншіден, адам сезімі полярлы болып келеді. Адамның, әр сезімінің өз антиподы, өзінің қарама қарсылығы бар. Мысалы, қуаныш пен қайғы, махаббат пен жек көрушілік. Адам бір сезімнен екіншісіне тез ауысып кетуі мүмкін. Сезім полярлығының механизмі өте күрделі. Төртіншіден, адам сезімі өзгермелі болып келеді. Бүгін әлдене жағымды сезім туғызатын болса, біраздан кейін ол жағымсыз сезім туғызуы да мүмкін. Бесіншіден, адам сезімі физиологиялық үрдіспен байланысты: жүрек қызметі мен тыныс алу жүйесінің, ішек қызметі және т.б. Адам ағзасында барлығы белгілі бір рефлекстер негізінде қызмет етеді. Сезім сол рефлекстерге әсер ете алады, сондықтан адам ағзасының тәуірленуіне немесе нашарлауына себепші болады. Алтыншы, адам сезімі оның іскерлік қызметіне байланысты. Адам сезімдерінің себепкері адамның қызметі; сезім адамның қызметіне әсер етеді. Кез келген іс әрекетті, кез келген қызметті шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: даярлық, адам әрекетке дайындалатын кезең, әрекеттің орындалуы, адам әрекеттенген кезең, ақырғы әрекет аяқталған кезең.
Әрекетке сәйкес кез–келген нәрсені бастан өткерудің өз реті бар, бір эмоционалды күйден екіншісіне өтуі. Адам сезімінің сыртқы бейнесі былайша бейнеленеді: тыныс алуы, жүрек қағысы өзгереді, қан айналымы, ұялу, қысылу, адамның беті қызаруына алып келеді; ашулану бозаруды туғызады.
Сезім ишарада, сөйлеуде, фонтомимикада байқалады. Оқытушы оқушыларының күй жайын бет әлпетінен, жүзінің түсінен, дауысынан, жүріс тұрысынан байқай білуі қажет.
Адам сезімі мазмұны мен формасы жағынан әртүрлі болады. Өту формасы жағынан адамның жай күйі эмоционалды күйі немесе көңіл күйі; эмоционалды қатынас немесе жекеше сезім (құштарлық);
Эмоционалды әрекет ету немесе аффектер. Көңіл күй әжептәуір ұзақтығымен, қауіпсіздігімен, белгісіздігімен ерекшеленеді. Яғни, адамдар әдетте белгілерін қиындықпен мойындайтын, әлсіз интенсивтілігімен сипатталатын адамның тұрақыт эмоционалды күй (мысалы, қамығу). Көңіл күй диффузиялы сипатқа ие, демек адамды түгелдей баурап алады, оның психикалық процестеріне, жұмысқа деген ынтасына және іс әрекеттеріне әсер етеді.
Көңіл күй белгілі бір факторлардың және жағдайлардың нәтижесінде пайда болады. Оған әсер ететін жағдайлар мыналар:
- адамның әртүрлі органикалық түрі мен ағзасының жағдайы;
- қоршаған ортаның ерекшеліктері
- Ауа райы, жинақтылық, тазалық, бөлменің түсі мен жарықтағы дабыстық тітіркендіргіштер және т.б.
- адамдардың бір–бірімен қарым–қатынасының ерекшеліктері. Сыпайылық адамның көңіл күйіне әсер етеді.
- Оқудағы, жұмыстағы жетістіктер мен сәтсіздіктер.
Адам сезімдері мазмұны жағынан басым және пәс болып бөлінеді. Пәс сезімдер адам ағзасында жүріп жатқан физиологиялық процестермен және олардың қажеттіліктерінің қанағаттанушылығы немесе қанағаттанбауымен байланысты. Олар аштық, тоңу, ауырсыну, шаршау және т.б. сезімдер.
Ұлы сезімдер адамда қоғамдық қажеттіліктердің қанағаттануы немесе қанағаттанбауынан көзқарасының қызмет сипатына сәйкес келуінен немесе сәйкес келмеуінен туындайды.
Адамда қандай ұлы сезімдер болады?
Иманды–саяси сезімдер. Бұл сезімдер адамда өзінің немесе басқа адамдардың әрекетінің біздің имандылық талаптарымызға сәйкес келуі немесе келмеуін мойындаудан туады. Имандылық саяси сезімдерге отан сүйгіштік, ұжымшылдық, жауын жек көру және т.б сезімдер жатады. Екіншіден, адамның тәжірибелік, парасаттылық қызметінде пайда болатын сол қызмет пен нәтижесіне қызығушылық түрінде бейнеленетін парасаттылық сезім.
Парасаттылық сезімдеріне айқындылық, таңырқау, түсінбеушілік, сенімділік, күмән сезімдері жатады. Парасаттылық сезімдері көбіне адамның танымдық қызметімен, оқуымен байланысты.
Эстетикалық сезімдер. Эстетикалық сезімдер әдетте бейнеленген объектердің, көріністердің «әсемдік немесе нашарлығын» мойындаудан туады. Аффектер–өте белсенді интенсивтілігімен сипатталатын адамның эмоционалды әрекеттері. Ол ісіне жауап бере алмаушылығымен белгілі (ашу ызаның, қуаныштың жарқ етуі). Олар диффузиялы сипатқа ие. Бір адамның аффектілі жағдайы айналасындағылардың және қызметіне қарай бағаланады. Тұрақты әсер етуші өте күшті және терең сезімдер құмарлық деп аталады; ал осындай сезімнің иесін құмарпаз адам деп атайды.
Адам сезімін сипаттарда, оның өзін–өзі және сезімін қаншалықты бейнелейтінін ескеру қажет.
Жауынгердің ерік –жігері мен жігерлі қасиеттері
Танымдық қасиеттер адамға өзінің айналасында дұрыс бағыт–бағдар табуына мүмкіндік туғызады. Бірақ адам өмірі–ақиқатты танумен ғана шектелмейді. Адам өмірі – ол, ең алдымен еңбек пен қызмет.
Танымдық процестермен адам сезімі және тәжірибелік әрекеті арасында оларды байланыстыратын түйін бар. Ол байланыстырушы түйін – ерік –жігер. Адам өмірінде ерік–жігердің маңызы зор.
Адамның қызметінің жетістігі бүкіл өмірі көп жағдайда ерік–жігерінің сапасы мен оның даму дәрежесіне байлапнысты. Ақылды болу өте маңызды., бәрін түсінген де жаман емес, бірақ сол түсінгеніңді дұрыс әрекетке бағыттау үшін мықты ерік–жігерге ие болу да өте маңызды.
Әскери қызмет–бұл адам қызметінің ең күрделі түрі. Ол адамға белгілі қиындықтар туғызады. Ол қиындықтарды жеңбей, жақсы қызметтің құрылуы мүмкін емес, ал оларды жеңу үшін мықты ерік–жігер қажет.
Адамның ері–жігері қызметінде және көздеген мақсатқа жету жолында қиындықтарды жеңуде байқалады. Адамның өмірінде, қызметте, оқуда жеңетін қиындықтарының екі түрі болады: Сыртқы адамға тәуелді емес, объективті қиындықтар, дене бітімі, сондай–ақ қызметтік, қоғамдық сипаттағы; ішкі, адамға тәуелді мысалы, өз күшіне сенбеушілік, күмәндану және мотивтер күресі.
Адамның ерік–жігері жігерлі әрекетінен байқалады. Ол келесі кезеңдерден тұрад: дайындық (мақсатты көздеу, соған жету жолдары, жету әдістері, қабылданған шешімдер) және орындаушылық (қабылданған шешімді орындау).
Ерік –жігер актісінің негізгі кезеңдері қандай?
Мотивтер күресі. Адам белгілі бір әрекетті жасамас бұрын, оның санасында мотивтер туындайды (әрекет етуге негіз). Олар бірнеше және әртүрлі болуы мүмкін.
Мотивтер күресінің нәтижесінде біреуі жеңіп, басты және жетекші болғаннан кейін, адам соған байланысты әрекеттің мақсатын мойындайды. Мақсат – ол, әдетте қол жеткізудің нәтижесінде туындайтын нәрсе.
Ерік –жігер әрекетінің келесі кезеңі – мақсатқа жету әдістерімен жоспарлау әрекеттері. Шешім қабылдаумен ерік–жігер әрекетінің дайындық кезеңі тәмамдалады. Шешім қабылдай салысымен оны орындауға кез–келген адам кірісе алмайды.
Ерік–жігер қалыптастыруда тәжірибелі оқытушылар арнайы назар аударатындары!
- күмәндануға жол бермей, көздегенін орындау қабілетінің қалыптасуы;
- шешімді орындау, көздеген мақсатқа жету және оған жету жолындағы қиындықтарды жеңу;
- ерік–жігер актісінің ақырғы кезеңінде құрылатын мақсатқа жету процесінің анализі және баға.
Олардың қызметінде борыш, жауапкершілік, ұжымшылдық сезімдері негізгі басты себеп болу үшін мақсатқа маңызды.
Ерік–жігер өзін өзі тәрбиелеу барысында дамиды. Адамның ерік–жігері көптеген көрсеткіштермен бағаланып, сипатталады.
Бағыттану. Ерік–жігерді бағалаудағы міндеттің сәтті орындалуына көмектесетін басты нәрсе. Ерік –жігер күші. Белгілі күйде белгілі бір мкақсатты көздеген, ұзақ уақыт бойы жігерін ұстап, қиындықтарды жеңіп, мақсатқа жеткен адамның ерік–жігері.
Мақсаттылық. Жауынгердің мотивтерінің шешілуімен қызмет мақсаттарының қаталдығынан көрінеді. Бұл қасиет жауынгерлерге өзінің құлықтықпен дене күшін жиып, оларды алда тұрған мақсатқа жетуге бағыттауды қамтамасыз етеді.
Өзін өзі ұстау– өз өзіне, ойына, сезіміне ие бола алмау, өз әрекетін жағдай қиындықтарына қарамастан негізгі мақсатқа бағындыру.
Қайсарлық. Уақтылы және негізделген шешім қабылдаумен міндеттің орындалуын қамтамасыз ететін жедел әрекет байқалады.
Өз бетімен әрекеттену – жауынгердің өз пікіріне байланысты әрекет етіп, бөгде әскерлерге бағынбауымен бекітіледі.
Табандылық. Әскери қызметкердің үлкен қиындықтарға жолықса да, көздеген мақсатқа жетудегі қажырлылығынан байқалады.
Талапкерлік. Ерік–жігерлі қасиет сиқты, формасы мен мазмұнының ерекшелігінің шығармашылық әрекетінен көрінеді.
Орындаушылық. Қасиет қабылдаған шешімнің немесе берілген бұйрықтың белсенді, сапалы және жүйелі орындалуынан көрінеді.
Осы қасиеттердің барлығы бірігіп, жауынгердің тәртіпке бағынушылығының дамуыынң алғы шарттары, яғни оның әскери заңдарды, әскери ант, әскери жарғы, бұйрықтар және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын орындаудағы ерік – жігер қабілеті.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- Адамда қандай ұлы сезімдер болады?
- Ерік –жігер актісінің негізгі кезеңдері қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.