Адам өмірі – бұл қызмет, еңбек. Қызмет әртүрлі болуы мүмкін және әртүрлі жағдайда іске асады. Бірақ барлық жерде ол адамның саналы түрде мақсат қойып, оған қол жеткізуге күш салатынымен сипатталады. Ол мақсаттар сол адам үшін маңызды болуы және маңызы болмауы да мүмкін. Олардың жеке немесе қоғамдық маңызы болуы мүмкін.
Адамның алдында тұрған мақсаттар жүйесі, өзінің іс– әрекетімен ұмтылатын мақсаттары оның беталысын бейнелейді. Адамның беталаысын біліп, оның жеке әрекеттерін және бүтіндей өмір жолын болжауға болады.
Мектепте БӘД сабағын оқытуда болашақ жауынгердің алдағы уақытта борышын өтеуде жігерлі мінез–құлық қалыптастыратындай бағытта тәрбиелеу маңызды.
Тәрбиеленушінің бағытын түсіну үшін, оның алдына қойған мақсаттар жүйесін ұғыну керек. Адам алдына мақсатты бекерден–бекер қоймайды. Мақсатты таңдау және көздеу – заңды себептен үрдіс және бұл заңдылықты ескеру керек. Адам алдына мақсат қоярда оған белгілі ішкі күштер әсер етеді. Ол ішкі күштер қажеттілік болып табылады. Қажеттілік –белсенділікке шақыратын, адамның бір нәрсені қажетсінуі. Адамның қажеттіліктері тамақ, баспана, киім және т.б. қажетсінуден көрінеді.
Егер бұл қажеттіліктерді қанағаттандырмаса, адам өмір сүре алмайды.
Осы қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырса немесе уақытында қанағаттандырып отырмаса, ол адамның көңіл күйіне және жұмысқа деген ынтасына әсер етеді.
Сондықтан, мысал үшін командир өзінің қол астындағыларының қарны тоқ болуын, уақытында дем алуын, әскери киімнің уақытында ауыстырылуын қадағалау керек. Сонымен қатар, жауынгерлерді соғыс уақытында барлық қажеттіліктерді қанағаттандыратын жағдайдың болмайтындығына да үйрету керек. Осыларға психологиялық тұрғыдан дайындалған жауынгер шаршау, ұйқының бұзылуы, тоңу, уақытында тамақтанбау сияқты қиындықтарды анағұрлым табандылықпен жеңе алады.
Адамның саналы қызметкер, оқушы–жауынгер ретіндегі әрекеті оның рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты. Рухани қажеттіліктер – ол адамның қоршаған әлемді тану, қоғамдық маңызы бар еңбекті, адамдармен тілдесу, олардың мәдени қажеттіліктерді қолдау, мойындау және мейірімділікті қажетсінуі. Егер олар жүйелі қанағаттандырылмаса, адам тек сырттай тәнімен ғана өмір сүріп, ішкі адамдық болмысын жоғаклтады.
Әдетте адам әрекетінде әртүрлі рухани және материалдық қажеттіліктердің нақты біреуінің үйлесуі өте қиын. Туындаған қажеттілік мотивті бейнелейді. Мотивтер әртүрлі формада көрінуі мүмкін.
Адамның өз қажеттіліктерін сезінбей, бірақ олар туғызған импульстарға сәйкес әрекет етуі құштарлықты білдіреді. Құштарлықтың себебінен әрекет етуі көп жағдайда өкіндіретін жағдайға әкеліп соғады. Ол адамның өз қажеттілігінің негізін сезінбей, оны дәлсіздік формасында қанағаттандыратынымен түсіндіріледі. Мысалы, бір жас жігіттің өз жолдастарының құрметіне ие болу рухани қажеттілігі туды делік. Бірақ ол өз қажеттілігін сезінбесе, онда оны теріс жолмен қанағаттандыруы да мүмкін: жолдастары оны өз бетімен әрекет ету деп ойлайды деген оймен ол үлкен кісілерге сөз қатады. Сондықтан, мотивацияның мұндай түрін мақсатты түрде шектеу керек.
Адамның өз қажеттілігін сезініп, бірақ олар орындаушылық әрекет туғызбаса, ол –тілек. Бұл жеткіліксіз мотив. Ол адамның қол жеткізуі күмәнді, мақсаттарға бағытталған.
Қалау сияқты форманы да ерекшелейді. Тілекке қарағанда, қалау – әрекетке итермелейтін белсенді мотив. Құштарлық, тілек және қалау –бұлар материалды қажеттіліктермен байланысты, жай мотивтер.
Адамның рухани қажеттіліктеріне көбінесе одан гөрі күрделі мотивтер сәйкес.
Оның танымдық қасиеттері қызығушылығынан байқалады. Қызығушылық–бұл адамның оңтайлы эмоционалды әрекетімен байланысты белгілі бір заттарға, әрекетіне бағытталған артықшылығы. Жауынгердің белгіленген қызығушылықтарының болуы оның қызметінің, қабілеттерінің өсуінің, жақсы оқуының оңтайлы алғышарты. Әскер қатарына шақырыларда бозбалалардың борышын өтеуге, әскери техникаға деген қызығушылығын арттыру керек.
Бейімділік белгілі бір әрекетке итермелейтін күшті мотив болып табылады. Ерекше бейімділігі бар адам әрқашан үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Болашақ жауынгерлердің әскери техникаға, қаруға бейімділігін дамыту–олардың оқудағы және борышын өтеуінің маңызды алғышарты.
Арман адамның жеке талпыныстарының негізгі бағытын бейнелейді және оның басты қажеттіліктеріне әрқашан сәйкес келеді. Арман –әрекет етуге итермелеушіліктің ең күштісі. Әдетте, батыл әрекетке баратындар биік арманға ұмтылатын жауынгерлер.
Дүниетаным адамның қоршаған ортаға деген көзқарастар жүйесін құрайды. Бұл көзқарастар адамның жеке қажеттіліктеріне сәйкес келеді және қоғамның мүдделерімен сәйкес келмесе, онда олар осал, әрекетке әсер етуші күш бола алмайды, керісінше, адамның жеке қажеттіліктері мен қоғамның мүдделерін, сенімге деген көзқарасты шектеп, олардың жүйесін жеке дүниетанымға, әрекетке итермелейтін ең күшті және тұрақты мотивке айналдырады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- Жауынгердің жеке басының бағыты дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.