Әскери психологияның табиғи-ғылымдық негіздері жоғарғы жүйке қызметі туралы ілім болып табылады. Әскери психология адам психикасы, жеке тұлға мен ұжым объекті болып табылатын жетістіктер мен басқа да білімнің аралас салаларына арқа сүйейді. Адам психикасы ми қызметі болып табылады. Ми – адамның барлық ағзасының байланысын және бүкіл организмнің сыртқа ортамен байланысын қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің бір бөлігі. Мұндай байланыс қоздырғыш (тітіркендіргіштер әсерінен қозу жағдайына келу қабілеті), өткізгіштік (қозуды өткізу қабілеті) және жүйкенің ұшы болатын ағзалар қызметін ынталандыру мүмкіндігі қасиеттеріне тән негіздегі жүйке жүйесімен жүзеге асырылады.
Адамның жүйке жүйесінің құрылымы қандай?
Жүйке жүйесінің элементі жасуша болып табылады. Адамның жүйке жүйесі құрылысы мен жалпы қызметі бірдей көптеген миллиард (18 –ге дейін) жүйке жасушаларынан тұрады.
Әрбір жүйке жасушасының денесі, тармақталып бітетін ұзын өсіндісі және адам денесіне шырмалып тұратын бір немесе бірнеше қысқа өсінділері бар. Ең үлкен жасушалар өсіндісінің жалпы ұзындығы кейде 1,5м. жетеді.
Жүйке жасушаларының жұмысы қысқа өсінділерден дене арқылы ұзын өсінділерге баратын жол бағытында қозуды (120м/с дейінгі жылдамдықпен)тасымалдауда. Осы тұрғыдан жүйке жасушасы жартылай өткізгішті құралды еске түсіреді. Организмінің барлық бөлігі жұмысының сәйкестілігі мен реттелуін төменгі жүйке қызметі, ал ағзаның қоршаған ортамен байланысын, оның сыртқы жағдайлармен біркелкілігін – жоғарғы жүйке қызметі қамтамасыз етеді. Жоғарғы жүйке қызметінің заңдылығы туралы ілім психологияның табиғи-ғылыми негізін құрайды.
Осыған сәйкес организмінің қоршаған ортамен реакциясын және тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі жүйке процесі — рефлекс болып табылады. Оның өзі орталық жүйке жүйесінің қатысуымен сыртқы немесе ішкі ортаның тітіркендіргіш әсеріне организмнің немесе мүшенің жауап беру реакциясы. Рефлекстер шартты және шартсыз болып бөлінеді.
Шартсыз рефлекстер адамның өмір сүру мен қызмет етудегі нақты жағдайларына байланысты. Олар тұқымқуалау арқылы беріледі. Олардың жиынтығы туа біткен бейімделу реакцияларының бағдарламаланған нақты жүйесін құрайды. Шартсыз рефлекстер тыныс алу мен жүрек қағысы ырғағын, дененің терморегуляциясын, көз қарашығының тарылуы мен кеңеюін, тамырлардағы қан жүруін және т.б.қамтамасыз етеді. Олардың сыртқы байқалуы бойынша сарбаздың көңіл- күйі, жайы туралы айтуға болады (қорқыныш, қатты уайымдау, ашулану немесе көңілсіздік және т.б.).
Шартсыз рефлекстер оны қоршаған әлеуметтік және табиғи ортаның төтенше қиын, жылжымалы, құбылмалы жағдайындағы мақсатты реакциясы мен тәртібін қамтамасыз етпейді. Сондықтан адамның өмір сүру процесінде шартты рефлекстері (қандай да бір нақты шартқа тәуелді болатын) қалыптасады. Олар оның барлық машығы мен дағдылары негізінде болады, мысалы: күн тәртібін нақты орындау, киім үлгісін дұрыс кию ережесін қатаң сақтау, әскери сәлем беру, ізет ету, тәртіпті сақтау және т.б..
Рефлекторлы-шартты байланыстар мидың қабында шартсыз рефлекстер негізінде, қозу және тежелу процестері негізінде заңды түрде пайда болады. Қозу олардың бұзылуына, баяулауы-тежелу шартты рефлекстер негізіне жататын уақытша жүйке байланыстарының пайда болуына әкеледі.
Шартты рефлекстер бірінші және екінші дабыл жүйесі деңгейінде ми қабында пайда болады. Тікелей тітіркендіргіштерді дұрыс сезінуді қамтамасыз ететін шартты рефлекстер жүйесі бірінші дабыл жүйесі деп аталады. Оның жұмысы негізінде барлық тікелей сезіну, қабылдау және сәйкес реакциялар пайда болады. Бірінші дабыл жүйесі жануарларда да бар. Екінші дабыл жүйесі тек адамдарда ғана бар. Ол оның әлеуметтік ортада жан-жағын бағдарлауға ортаның мән-мазмұнын байнелеуге және саналы түрде әрекет жасауға мүмкіндік туғызады.
Соның әсерінен пайда болып, қызмет ететін екінші дабыл жүйесі болатын тітіркендіргіш сөз түрінде жүзеге асатын түсінік болып табылады.
Сөз – бұл тікелей тітіркендіргішке қатынасы жөніндегі дабыл. Адам екінші дабыл жүйесінің көмегімен дыбысқа емес, сөздің мағынасына көңіл қояды.
Әскери психология үшін маңыздысы динамикалық стереотип туралы ілім. Адамның өмір сүру жағдайы бүкіл өз қозғалмалылығы, өзгермелілігінде тұрақты.
Сарбаздың және әскер қатарына шақырылған жасөспірімнің барлық танымдық процестерінің өнімділігінің алғы шарты — зейін болып табылады. Бұл нәтижесінде кейінірек көрінетін адам санасының нақты нысанға айрықша бағыттылығы.
Еріксіз зейін алдын ала қойылған мақсатқа жігер күшсіз туындайды. Ол нысанның жаңашылдығымен, өзгешелігімен, кенеттігімен, оның қабылдаушы үшін маңыздылығымен болады.
Ерікті зейін еріктілік негізінде туындайды, ал одан кейін оқушының, сарбаздың іске ену шамасы бойынша еріксіз қызмет етеді.
Зейін қасиеті:
- зейіннің шоғырлануы – бұл негізгі қызметтен тыс нәрселерден көңілін басқаға аударып, бастыға назар аудару қабілеті;
- зейін көлемі бір уақытта қабылданатын біртекті нысандар санымен өлшенеді. Мысалы, ұшқыш ұшақты басқару үшін бір уақытта әуе жайын, құралдардың көрсеткішін, басқару тетіктерін назарда ұстауы керек, жермен және экипаждың басқа да мүшелерімен байланыс жасап отыруы керек;
- зейіннің таратылуы – бұл санада бір уақытта бірнеше әртекті нысандарды ұстап тұру немесе бір уақыттағы көптеген әрекеттен тұратын күрделі қызметті орындау қабілеті;
- зейіннің ауыстырылып, қосылуы – бұл бір қызметтен басқасына әдейі ауысу;
- зейіннің табандылығы – бұл бір нысанның түйсігіне бөгелу қабілеті;
- зейіннің назар аударылуы – ол нысанға немесе қызметке деген мүдденің, жеткілікті ерік-жігердің жоқтығына, жауапсыз қатынастарға шартталады;
- зейінің ауытқуы – бұл зейіннің басқа нысанға еріксіз ауысуы.
Қабылданушы зат адам санасында елестеу ретінде қаперінде қалады. Елестету – бұл дәл қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін зат бейнесі. Ол бұрын қабылданып, снада сақталып қалған бейнелер негізінде туындайды. Елестету олардың пайда болуы соларға қатысты сезім мүшелеріне байланысты әртүрлі болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сезіну, қозғалыс және т.б..
Елестету әртүрлі адамдарда олардың пайда болу айқындылығымен, жылдамдылығымен тұңғиықтылығы және мазмұндылығымен ерекшеленеді. Мамандық талап ететін елестету неғұрлым нақты әрі толық болса, сарбаз өз міндетін соғұрлым сәтті орындайды. Елестету естің, көз алдына келтірудің, қиялдың және ойлаудың элементі, оперативті материалы болып табылады.
Сондықтан әсіресе әскери іске байланысты оқушыларда елестетудің дамуы олардың жақсы оқуы мен әскери қызметке дайындығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге аталған танымдық процестердің дамуына да ықпал етеді.
Ес адамның не істегенін, уайымдағанын, түйсінгенін есте сақтап одан кейін көз алдына келтіру.
Естің бастапқы процесі есте сақтау. Бұл не түйсінгеніміз, не істегеніміз, күйзелісімізді санада қалдыру процесі. Есте сақтау егер арнайы мақсатсыз және ерік –жігерсіз жүзеге асатын болса, онда ол еріксіз болады, егер адам бірдеңені есте сақтау үшін нақыт бір мақсат қойса, онда ол ерікті болады. Ерікті түрде есте сақтау қалай болатынына байланысты механикалық және мағыналы болуы мүмкін. Механикалық есте сақтау барысында материал санада оның мағынасын түсінбестен қарапайым қайталау жолымен қалады. Санада қалған материалды сақтау одан әрі оны ойлап, меңгеру жолымен жүзеге асады.
Еске түсіру – бұл сақталған материалды іс жүзінде қолдану үшін санада белсенділендіру, Еске түсірудің пассивті түрі – бұл тану, білу. Адамның есін қозғалтқыш, сөздік-логикалық, эмоционалдық және бейнеліге бөледі. Олардың дамуы әр адамда әр қилы.
Қозғалтқыш ес – бұл қозғалысқа құрылған ес. Сөздік-логикалық ес нақты мәні бар нәрселерді тұжырымды етіп айтуды меңгеруді қамтамасыз етеді. Эмоционалды ес біздің санамызда бастан өткен сезімдерді және соларға байланысты түрлі оқиғаларды, адамдарды сақтайды. Бұл естің өте мықты түрі. Бастан өткерген нәрсе есте ұзақ сақталады. Бейнелі ес адамның бет-жүзін, жергілікті орынды, затты, оқиғаны, ұбылысты есте сақтауға мүмкіндік туғызады. Естің бұл түрі материалды бөлшек-бөлшегімен санада сақтауымен құнды. Ес – бұл адамның жеке іс-тәжірибесі мен білімінің арсеналы іспетті. Осы мағынасында ол өткенге қарату секілді.
Елестету болашаққа қаратылған, алға қарауға мүмкіндік туғызатын шығармашылық танымдық процесс.
Елестету – адам ешқашан тікелей түйсінбеген және дәл қазіргі сәтте түйсінбейтін заттар бейнесін жасау. Ол адамдағы бар түсінікті жиынтықтап, қайтадан бейнелеуге негізделген. Елестетуге ынталандыру адамның қажеттілігі, оның қалауы, көзқарасы, нақтылыққа деген шығармашылық қатынасы болып табылады.
Сипаттама бойынша емес, өз еркі бойынша бейне жасау процесі шығармашылық елестету негізінде жүзеге асады. Шығармашылық елестету өнімінің бір бөлігі шындығында жоқ заттар бейнесі. Осы шығармашылық елестетудің арқасында жаңа машиналар, өнер туындылары құрылады, әскери және қызметтік міндеттердің соны шешімі табылып жатады.
Заттар, қоршаған әлем құбылыстары арасындағы байланыс пен қатынасты санада бейнелейтін жоғарғы танымдық процессті ойлау деп атайды. Оның мәні — адам санасында жүзеге асатын нақтылықтың талдануы мен түзілісінде. Талдау мен түзілу құралы көрініс ұғымы мен олардың сөйлесу эквиваленті – сөз.
Ойлау процесі – бұл міндеттерді шешу процесі. Мәселені шешу үнемі не істейтінін түсіндіруден басталады – яғни әрекеттің мақсатынан.
- Міндеттерді орындаудың жетістігі ойлау операциялары қаншалықты дұрыс жүзеге асырылады, ойлаудың әртүрлі формасы мен әдістері қаншалықты қолданылады соған байланысты. Ойлау операцияларында танымдылық затына жетудің әртүрлі формалары көрінеді: талдау, синтез, салыстыру, абстракция, нақтылық:
- талдау операциясы бүтінді бөлшектеп ойлаумен тұжырымдалады;
- синтез талдауға қарама – қарсы операция болып табылады. Бұл айрықша байланыстарды талдау негізінде ашылған бүтіннің бөлшектен ойша қалпына келуі. Мысалы, аэрофотосуреттердің көптеген деректері зерттелетін нысандардың жалпы суретін көз алдына елестетуге мүмкіндік туғызады;
- салыстыру операциясы заттарды, құбылыстарды олардың қасиетін олардың арасында айырмашылық немесе ұқсастық бар ма соны табу мақсатымен тұжырымдалады;
- абстаркцияның арқасында заттың қандай да бір жағын немесе қасиетін, құбылысты басқа қасиеттеріне қатысы жоқ зерттеулерсіз зерттеп білу мақсатында ойша бөліп алу;
- жалпылау операциясы көптеген заттар немесе құбылыстарды қандай да бір ортақ белгілеріне қарай біріктіруге әкеледі. Сонымен мұғалім оқушының көптеген әрекеттеріне қарап, оның мінезі туралы қорытынды жасайды.;
- нақтылық – бұл жалпыға сәйкес ойша жалпыдан жекелікке өту. Мысалы, танктің жүргізуші-механигі жанар-жағар май, электро, тежегішті жүйесі туралы жалпы түсініп қана қоймай, олардың әрқайсысының құрылысын бөлшек түрінде де білееді.
- Ойлау міндетінің шешім процесі пікір немес ойша тұжырымдау түрінде жүзеге асады:
- пікір ойлаудың басты формасы. Ол фактіні теріске шығару немесе бекітумен тұжырымдалады. Байқалған зат туралы қадағалаушының баяндамасы — пікір болып табылады;
- ой тұжырымы – бұл бір немесе бірнеше пайымдацудан жаңа пікір шығару.
- Ой тұжырымының екі түрі бар:
- индукция – бұл бірлі-жарым фактілерден жалпы тұжырымға алғы шарт ретіндегі пайымдау тәсілі;
- кері тәртіпте дедукция барысында ой тұжырымдау процесі жүреді. Бұл жерде жалпы жағдайдан меншіктікке, нақты жағдайға қорытынды жасалады.
- Ойлау процесін қызметтік сипатына қарай заттық-әрекеттік, көрнекі-бейнелі, дерексіз деп бөледі:
- заттық-әрекеттік ойлау – бұл тәжірибелік қызметке тікелей енгізілген ойлау. Мысалы, қарсыласына оқ жаудырған атқыштың әрекеті анағұрлым дұрыс жол сілтеп және қозғалыстың сәйкестілігін айтып тұрған оның ойынан ажырағысыз;
- көрнекі-бейнелі ойлау адам бұрын түйсінгендерін елестету бейнесі негізінде өтеді. Мысалы, егер алдыдағы әрекетті ойша елестете білсе, «дайындалса» сарбаз барлауғажақсы дайындалады;
- дерексіз ойлау бейнесі жоғалған дерексіз ұғымдар негізінде жасалады. Ойлаудың бұл түрі басым болады, мысалы, еліміздің экономикалық өміріндегі күрделі процестерді, саяси оқиғаларды, ұрыстағы жағдайды және т.б. Оқып-үйрену барысында.
- Ойлау адамдар арасындағы өзара қатынас, пікір алысу, сөйлеумен ажырамас байланыста. Адамның қатынас құралы — тіл. Адамның қатынас процесі қатынас құралы — тілдің көмегімен бірнеше түрде жүзеге асады:
- ауызша сөйлеу – бұл сөздерді айту арқылы қатынас және есту. Ол екі әңгімелесушінің арасында диалогтық сипатта болуы мүмкін. Диалогтық сөйлесу ойды жеткізуде үлкен мүмкіндіктерге ие. Ауызша сөйлесу біреу ғана сөйлеп, қалғандары тыңдап отырған жағдайда монологтық сипатта болады;
- монологтық сөйлеу тыңдаушылар диалогтағы сияқты айтылып жатқан ойға тікелей жауап қайтармайтындығынан диалогтық сөйлеуден қиынырақ;
- жазбаша сөйлеу: хат, хабарландыру, баяндау, баянат.
Бұл жерде ой графикалық түрде тіркеледі де содан кейін мағынасын ашу жолымен шығару. Жазбаша сөйлеуде қосымша ымдау, ишарат, дене қимылы сияқты мәнерлеу құралдары болмағандықтан мазмұнын беру қиынырақ.
Сөйлеуді активті (айтушының, жазатын адамның сөзі) және пассивті (тыңдаушының, оқитын адамның сөзі) деп бөледі.
Әскери психология үшін маңыздысы динамикалық стереотип туралы ілім, адамның өмір сүру жағдайы, бүкіл өз қозғалмалылығы, өзгеруінде тұрақты. Сондықтан тітіркендіргіш жүйесі де тұрақты. Бұл әсіресе, әскңери қызметке оның күн тәртібін күнделікті орындаумен, оқыту шығармашылығына тән. Көптеген іс шаралар (әскерде бұл ұйқыдан тұру, дене шынықтыру, төсекті жинау, туалет, таңертеңгі тексеру, тамақтану және т.б) ал мектепте сабақтар, кезекшілік күнде қайталанады.
Сыртқы тітіркендіргіштердің әсер ету жүйесіне сәйкес адамда динамикалық стереотип деп аталатын шартты рефлекстер жүйесі қалыптасады. Ол мықты білімді көрсетеді және өзгерістерге аз ұрынады. Бірақ адам тітіркендіргіштердің жаңа жүйесіндегі өмірдің жаңа жағдайына тап болғанда ескі стереотип бұзылады да жаңасы қалыптасады. Оған әдетте адамның қатты уайымы қосылады, бұл оның жұмыс жасау қабілеті мен тәртібіне нақты әсер етеді. Бұл жағдай сарбаздарға басшылық, оларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі ұсынымдарын жасау барысында ескеріледі.
Кері афферентация идеясы бар оның мәні рефлекстің ағзаның жауап беру реакциясымен аяқталмайтыны. Жүйке жолдары бойынша миға осы реакциялар туралы ақпарат келіп түседі, соның арқасында оны жүзеге асыруға сәйкес түзетулер енгізіледі.
Маңызды идея әрекеттің акцепторы туралы, ол адамның өмір сүру процесінде қалыптасатын ми қабындағы физиологиялық жүйке аппараты. Оның тағайындамасы нақты жағдайда қажетті әрекеталдын ала бағдарламалау. Осы механизм бойынша оқушыда, болашақ сарбазда оның алдында тұрған әскери міндеттегі маңызды көзқарас пен іскерлікті дайындау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- Әскери психологияның табиғи-ғылымдық негіздері қандай ілім болып табылады?
- Адамның жүйке жүйесінің құрылымы қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.