АҚШАТАУ — Қарағанды обл-ның Шет ауд-ндағы кент. Аудан орталығы — Ақсу- Аюлы а-ның оңтүстігінде 137 км жерде, Қарағанды — Балқаш автомоб. жолының бойында орналасқан. Ең жақын т.ж. стансасы Қарағанды — Шу т.ж-ндағы — Ақадыр (110 км жерде). Кент аты жергілікті тауға байланысты қойылған. Іргесі вольфрам мен молибден кендерін өндіретін кеніш ашылуына байланысты қаланған. 1944 ж. кентке айналған. Тұрғыны 5,8 мың адам (1997). А-да тау-кен байыту комб-тының басқармасы, вольфрам мен молибден кенін өндіретін 3 шахта, кен байыту ф-касы, сүт з-ты, наубайхана, 2 орта мектеп, кешкі және музыка мектептері, кітапхана, аурухана, қонақүйі, балабақшасы мен яслиі бар.