АҚШАТАУ ВОЛЬФРАМ- МОЛИБДЕН КЕНІ, Қарағанды обл. Шет ауд-нда орналасқан. Кенді құрылымдары Ақшатау гранит массивінің гранит-порфир, гранит-аплит және пегматит желілеріндегі штокверк тәрізді кварц сызаттары мен сызықтарынан тұрады. 300-ден астам желілі және грейзен-желілі (қ. Грей— зен) кен денелерінің ұзынд. ондаған м-ден жүздеген м-ге, қалынд. бірнеше м-ге жетеді. Олардың ірілері бұтақтана тарамдалған. А. в.-м к-нде 95 минерал белгілі; негізгілері — кварц, мусковит, топаз, пирит, вольфрамит, молибденит, флюорит; сирек кездесетіндері — турмалин, калий шпаты, цеолит, шеелит, касситерит, т.б. Сондай-ақтаза ірі пирит, раухтопаз, морион кристалдары да бар. Өндірістік маңыздылары — вольфрамит пен молибденит. Вольфрамит грейзен денелерінде ұсақ түйіршіктер мен сызықтар, ал желілерде мөлш. 10 — 20 см- ге жететін жеке кристалдар мен кристалдар шоғырын құрайды. Молибденит кварц грейзендерінде ұсақ түйіршіктер мен қабыршақтар түрінде, ал кен денесінің бетінде шоғырланған және тұтас сызаттар түрінде кездеседі.