Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы

    1. Ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiп- орындардың өзiндiк ерекшелiктерi болды. Зауыттар мен фабрикалардағы жұмысшылардың саны аз едi. Кәсiпорындардағы техника әбден ескiрiп бiткен болатын. Мамандықты қажет етпейтiн қара жұмыстарды қазақтар атқарды.

      1. Темiржолдардың салынуы. Қазақстанда өнеркәсiптiң дами бастауы, өндiрiлген шикiзаттарды тасып әкету үшiн темiржолдар салу ауадай қажет болды. Орыс фабриканттары Ресейдi шығыстағы шет аймақтармен байланыстыратын темiржолдар салуды патша үкiметiнен ХIХ ғасырдың 60–70-жылдарының өзiнде-ақ сұраған болатын. Ташкенттен шыққан түйе керуенi Орынборға 100 күн дегенде әрең жететiн. Мұндай жағдай сауда-саттық пен өнеркәсiптiң жедел дамуына көп кедергi келтiрдi.

      Сондықтан да ХIХ ғасырдың екiншi жар- тысында қазақ даласына темiржол магистраль- дары салына бастады. 1891–1893 жылдары Покровская слобода – Орал темiржол желiсi тартылды. 1894 жылдан бастап Челябi мен Омбы арасында темiржол қатынасы орнады. Қазақ халқының арасында темiржол құ- рылысында жұмыс iстеп, табыс тауып қайту кеңiнен өрiстедi. Орынбор–Ташкент темiржо- лын салуға 40 мыңға жуық қазақ қатысты. Маусымдық жұмыстарда iстегендердiң көп- шiлiгi кейiн темiржол бойында жұмысқа ор- наласып, қазақтың кәсiби жұмысшыларының

      қатарын қалыптастырды.

      Кейде қазақтар өздерiнiң туған өлкесiнен тыс жерлерге де барып жұмыс iстедi. Мәселен, 1895 жылы Семей облысы Павлодар уезiнiң 2 мыңға жуық қазағы Тайга бекетiндегi темiржол құрылысында еңбек еткен. Тап

      сол жылы мыңнан астам қазақ Ачинскiге таяу жерде темiржолдың Орта Сiбiр учаскесi құрылысында жұмыс iстедi.

      Қазақстаннан темiржолдар арқылы ауылшаруа- шылық шикiзаттары тасылды. Қазақстанның оңтүстiк

      аймақтарынан мақта, жемiс-жидектер жөнелтiлiп жатты. Қазақстанға темiржол арқылы егiншiлiкке қажеттi машиналар мен еңбек құралдары жеткiзiлдi. Сондай-ақ көп мөлшерде ағаш бөренелер, құрылыс материал- дары, мануфактура өнiмдерi, қант және шай әкелiндi.

      Темiржолдарда жұмыс iстеу мамандандырылған жұмысшылардың болуын қажет еттi. Жергiлiктi жер- лерде ондай жұмысшылар болған жоқ, барының өзi жетiспедi. Патша үкiметi ондай мамандандырылған темiржол және өнеркәсiп жұмысшыларын негiзiнен Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен әкелiнген орыстардан қалыптастыруға күш салды.

      1. Жұмысшы табының қалыптаса бастауы. Жер-

      гiлiктi жұмысшы табының қалыптасуы өнеркәсiптiң дамуына байланысты болды. Жұмысшылар негiзiнен кедейленiп, қайыршы халге түскен көш- пелi қазақтар мен қоныс аударып келген орыс шаруалары есебiнен толыға түстi. Қазақстанның бiрқатар облыстарынан мыңдаған шаруалар жұмыс iздеп, табыс табу үшiн ел кезiп кеттi.

      Жұмысшылардың тұрмысы бiрқатар факторларға байланысты едi: олардың кәсiби бiлiмi, мамандығы болған жоқ. Тұрғын үй тапшылығынан қатты қиналды, кәсiпорындарда еңбек қауіпсіздігі сақталынбады. Жұмысшылардың жарақаттануы мен өлімге ұшырау оқиғалары жиі кездесетін. Қазақстанда ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде

      өнеркәсiп өндiрiсiнiң техникалық жабдықталу деңгейi тым төмен болды. Соның салдарынан негiзiнен қол еңбегi көп қолданылды.

      1. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы. Зауыт, фабрикалардағы жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Фабрика инспекциясы туралы заң Қазақстан аумағында қолданылған жоқ. Жұмыс күнiнiң ұзақтығы мұнай кәсiпшiлiктерiнде 12 сағатқа, ал алтын өндiрiлетiн кен орындарын- да 10–12 сағатқа созылды. Жұмысшылар қарапайым еңбек құралдарын пайдаланды. Кәсiпорындарда еңбек қауiпсiздiгi сақталмады, ол туралы сөз ету мүмкiн емес едi. Жұмысшылардың тұрақты баспанасы да болған жоқ. Олар лашықтар мен киiз үйлерде тұрды.

      Тау-кен өнеркәсiбiнiң тез дамуы жұмыс қолының тапшылығын ту- ғызды. Соның салдарынан кәсiпорындарда әйелдер мен балалардың еңбегi

      кеңiнен пайдаланылды. Олар еңбекақыны ер адамның еңбекақысымен салыстырғанда әлдеқайда аз алды.

      Қазақ жұмысшыларын ашықтан-ашық кемсiтiп, дискриминация жасады. Бiрдей еңбек ете тұра оларға жалақы әлдеқайда кем төлендi. Бұл жөнiнде округтiк

      инженер М. Красовский былай деп жазды: «Қырғыздармен (қазақтармен.

      – авт.) бiрдей жұмыс көлемiн атқарған орыс жұмысшылары жалақыны олардан екi не үш есе артық алады». Олардың орташа жалақысы күнiне 30–40 тиыннан ғана құралды. Қазақтар жұмысқа қабылданғанда баспана берiлмейтiнi ескертiлетiн. Қазақтардың орыс тілін нашар білуінен, олар өз құқықтарын қорғай алмады. Зауыт-фабрика дүкендерiндегi тауарлар мен азық-түлiк өнiмдерi қазақтарға көтерiңкi бағалармен сатылды.

      Қазақстанға ресей және шетел капиталының енуi. Қазақстан жері таскөмiр кенiне бай. Олардың iрiлерi Орталық Қазақстанда едi. Қарағанды көмiрiн алғашқылардың бiрi болып 1833 жылы Аппақ Бай- жанов ашты.

      Ертiс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан адам Қосым Пiшенбаев болды. Ол Екiбастұз көмiрi, Май- қайың полиметалл кен орындарын ашқаны туралы бiрiншi болып мәлiмдедi. Қ. Пiшенбаев Павлодардағы миллионер-көпес А.И. Деровқа жалданып, кен көздерiн iздеушi және маркшейдер болып жұмыс iстедi. Ол Баянауыл даласындағы Александровка, Талдыкөл, Жамантұз, Қарасор, Шөптiкөл, Майкөбен сияқты таскөмiр кен орындарын ашты.

      Ресей кәсiпкерлерi жергiлiктi қазақтардан аса бай кен орындарын су тегiн бағаға сатып алды. Мәселен, ХIХ ғасырдың 40-жылдарында Н. Ушаков, А. Рязанов деген көпестер қазақтардан Қарағанды көмiр кен орындарын, Успенск мыс кенiштерiн, Жезқазған және Спасск-Воскресенск мыс кенiштерi аймағын өте арзан бағаға сатып алды.

      Алайда ХХ ғасырдың бас кезiне қарай тау-кен кәсiпорындары- ның басым бөлiгi шетелдiк кәсiпкерлердiң қолына көштi. Патша үкi- метi шетелдiк кәсiпкерлерге шет аймақтарды игеруiне кең жол ашып берген едi. Кен орындарын игеруге орыс кәсiпкерлерiнiң жеткiлiктi тәжiрибесi де, заманауи техникалық құралдары да болған жоқ. Олар өндiрiлген дайын өнiмдi өткiзуде қиындықтарға душар болды. Ал Ре- сей шенеунiктерi шетелдiк кәсiпкерлер жағында болды. Олар шетелдiк кәсiпкерлерден қолдау көрсеткенi үшiн пара алып тұратын. Шетелдiк кәсiпкерлер көбiнесе кездейсоқ адамдар, яғни олардың арасында қатардағы мұғалiмдер, ет сататын қасапшылар, ұсақ саудагерлер, тiптi тiлмаштар да бар едi. Өздерiнiң жекеменшiгiнде капиталы болмаса да, Батыс елдерiндегi банктердiң берген несиесiне Қазақстандағы кенiштер мен шахталарды су тегiн бағамен сатып алып, тез байып шыға келдi. Жергiлiктi арзан шикiзатты өздерiнде қымбатқа сатып, банктерден алған қарыздарынан құтылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыруар пайданың астында қалды.

      Кен орындары мен шахталар жыртқыштықпен талан-таражға салып тонаудың салдарынан бiрте-бiрте iстен шыға бастады. Олардағы техника iс жүзiнде жаңартылған жоқ. Ал өндiрiлген шикiзат шетел асып кетiп жатты. Ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдеу. Ауылға капиталистiк қатынастардың енуi қазақтарды шөп шабумен, балық аулаумен, бақша егумен айналысуға мәжбүр еттi. Малшаруашылығы шикiзатын өңдейтiн кәсiпорындардың негiзгi ошақтары Ақмола мен Семей Тұз, мұнай және алтын өндiру. Тұз Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсiпшiлiктерiнде, Қазақстанның солтүстiк-шығысындағы Коряков көлдерiнде өндiрiлдi. Ол өлкенiң өзiнде тұз өнімін тұтыну және Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшiн де өндiрiлдi. Мәселен, Коряков өндіріс орнынан ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз алынды. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс iстедi. Олардың басым көпшiлiгi қазақтар болды. Коряковте өндiрiлген тұз негiзiнен Батыс және Шығыс Сiбiрге, сондай-ақ Обь өзенiндегi балықшаруашылығына жөнелтiлiп отырды.

    Мұнай өндiру iсi шетелдiк кәсiпкерлердiң, ең алдымен ағылшын- дардың қолында болды. Доссор және Жем өзенiнiң бойында мұнайды көп мөлшерде өндiре бастады. Шетелдiк компаниялар орасан зор көлемде пайда тапты. Бiрiншiден, олармен бақталас бәсекелестер болған жоқ. Екiншiден, жергiлiктi қазақ халқын арзан жұмыс қолы ретiнде пайда- ланды. Үшiншiден, ағылшындар мұнай көздерiн барлау және өнiм өндiру кезiнде елеулi жеңiлдiктердi пайдаланды. Төртіншіден, батыс елдерінің банктерінен тиімді түрде несие алды. Ал жергiлiктi халыққа ешқандай да ақы төленген жоқ. Осы себептерден шетелдiк компаниялар тез арада байып алды.

    Тау-кен өнеркәсiбiндегi пайдалы саланың бiрi алтын өндiру болды. Алтын өндiрушiлердiң арасында орыс және татар кәсiпкерлерi басым едi. ХХ ғасырдың бас кезiнде Өскемен уезiнде алтын кенi қазылатын 50 кенiш болды. облыстары болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *